Эссе;Ұстаз- ұт ұлағаты 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе;Ұстаз- ұт ұлағаты 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестацияға оқушылар жетістігін толықтуру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ-нің

11 «А» сынып оқушысы

Ибраева Алина,

жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нурмуханова Венера Султановна





Ұстаз – ұлт ұлағаттысы.



«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі »
Ыбырай Алтынсарин

Ұстаз - ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор деп білемін.
Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдыма ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі.
Ұстаз – әр оқушының жүрегіне жылу сеуіп, өміріне бағыт – бағдар беретін ұлағатты тұлға. Ол – өзінің бар өмірін бала,шәкір тәрбиесіне арнаған ұлы адам. Оқушы өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында түрлі қиындықтар кездеседі,сол кезде өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісетін адам ,сол оқушының өмірінде өшпес,ұмытылмас із қалдырады.

Мен алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бері ата –анаммен бірге қасымда келе жатқан ол – ұстаздарым.Ұстаздарыма мен қарызбын. Ол қарызды өз біліммім арқылы өте аламын.Қайда жүрсемде алтын ұя мектебімдегі ұстаздарымның еңбегін ақтауға тырысамын.
Ұстаз – тәлімгер,ана,дос деп білемін.Кей кездерде сырласа алатын бір ғана адамын –ұстаз. Ұстазды сөзсіз сыйлау керек,құрметтеу керек. Абай атамыз айтқандай «Адамның адамшылдығы ұстаздан болады» Біздің жақсы,тәрбиелі адам болуымыз ұстазымыздың еңбегі.
Ұстаздың еңбегі мен үшін зор. Кейде соны балалыққа салынып байқамайда жатамыз.
Осыдан он жыл бұрынең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Сана апай.Ол кісі- менің ақылшым, алғашқы данышпаным, өмірге бағыттаушым болды. Оның жайдары  күлімдеген көздерін үйде күнде көріп үйренгендіктен бе, біраз уақытқа дейін тентектеу болып өстім. Әліппені жаттатпай ұйқы бермейтін. Бұған өте қатты ашуланып, төрт қабырғаның төрт бұрышында да тұрып шыққан да кездерім болды. Қазіргі күнде алғашқы ұстазыма дән ризамын. Өйткені мен алғашқы ұстазымнан білім жолының таза, тура, әділ жол екендігін ұқтым.Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді  үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстазым.
Мен қазір 11 сыныпта
оқимын.Менің сүйікті пәнім «қазақ тілі».Өзге ұлттар қазақ тілін үйреніп жатқанда,мен өз ана тілімді жетік меңгеруге тырысамын.Әр оқушының  пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі.  Егер оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылық болса,  ол сабақтың қаншалықты қызық болғанымен де баланың оны білуіне құлқы болмайды, сабақты оқығысы да келмейді. Мұғалімдер өз елінің  жас болашағына тәлім-тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Қазақстанның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді. 
Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Сөзімді аяқтай келе Ыбрай Алтынсариннің«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі »сөзімен толықтай келісемін.Мен үшін ұстаз – ұлт ұлағаттысы деп білемін.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
1062
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі