Эссе"Ұстаз ісі -мәңгі биік ұлы шың"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе"Ұстаз ісі -мәңгі биік ұлы шың"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазуға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе «Менің педагогикалық ұстанымымның мәні, құндылықтары,

басылымдықтары»

Б.Адамбаев тірек орта мектебінің бастауыш

сынып мүғалімі Желдибаева Кансулу

«¥стаз ісі - мәңгі биік ұлы шың»

«Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі»

Ы.Алтынсарин.


«Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай сауатты да саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымының басты парызы.

Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры. Сондықтан да ұстаздық ету қиын да, жауапты міндетті іс.

Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда, мұғалімдерге қойылатын талаптар да күн санап өсуде. Ол үшін біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.

Мұғалім - болашақ ұрпақтың бағбаны, баланың бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы. Әр бала-қайталанбас тұлға. Оның жан-дүниесі -өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемге өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беретін, ата-ананың сенімді көмекшісі. «¥стазы жақсының-ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға байланысты. Жақсы ұстаз ғана шәкірттерінің мәңгілік мақтанышына айнала алады.

Жер бетіндегі барша мамандық иелерін білім нәрімен сусындатып, зейінін ашатын, сан саналы ғылым сырын ұқтыратын бірден-бір мамандық иесі - ол мұғалім. Сондықтан мұғалім болғандығымды мақтан етемін! Мұғалім мамандығын таңдап, аянбай еңбек еткеніме 24 жыл болыпты. Ұстаздық еңбек жолындағы менің педагогикалық ұстанымым-оқу -тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы мақсатта мынадай міндеттерді басшылыққа алдым:

  • Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

  • Ойлау мүмкіндіктерінің ең жоғарғы шыңына жету;

  • Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» - деп дана халқымыз айтқандай, әр баланың басқаға ұқсамайтын таланты мен қабілетін ашу-ұстаз бақыты. Ал, ұстаз деген құрметті атаққа ие болудың өзі бір бақыт.

Егемен еліміздің өсіп -өркендеуі жолында, ұлт ұрпағының білім алуына, таным көкжиегінің кеңи беруіне еңбек ету мен үшін үлкен абырой.

«Ұстаз деген - ерекше тұлға, дара шың» - демекші қызығы мен қиындығы да мол ұстаздық жолдан сүрінбей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.

Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді.


Мұғалім-болашақ ұрпақтың бағбаны. Өйткені әр бала өсіп келе жатқан жас шыбық, оны қалай тәрбиелесек, өмір атты дауылға қарсы тұрар алып бәйтерек болары сөзсіз. Аңызда айтылғандай «Бәйтерек-өмір ағашы» деп тегін айтпаған. Әр баланың жан дүниесі- жұмбақ бір әлем.Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі