400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе.«Ұстаз –ұлағатты ұғым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашак табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Ұстаз –ұлағатты ұғым»


Жоғары сыныпта оқып жүріп жазған «Кім болам?» тақырыбындағы шығармада   жас апайларымызға еліктеп «ұстаз боламын» деп жазғаным  , ал шындыққа айналғанына міне, тура 9 жыл өтіпті. Сол қиялдың жетегінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне түсіп , экология мұғалімі, экология бакалавры мамандығы бойынша алған дипломыма алғысым шексіз.  Алғаш еңбек жолымды бастаған сәттен-ақ  түсінгенім-ұстаздық менің өз мамандығым екендігі. Демек, мен мамандықты емес, мамандық мені таңдап тұрғанын түсіндім. Балаға  білім мен экологиялық тәрбие беретін  ұстаздық-бұл кездейсоқ адамдар жүруге болмайтын белгілі бір қызмет саласы. Өйткені, бала-біздің болашағымыз. Ал, болашақты тәрбиелеу  тек ұстазға ғана сеніп тапсырылатын қызмет.  Әрбір бала өзінші бір әлем, өзінші бір өнер, өзінше бір бірегей. Міне, сол баланың тілін тауып, іргетасын калау-ұстаз міндеті. Ұстаздық қызмет мектепке дейінгі және мектеп жасына қарай  мектеп мұғалімі және балабақша тәрбиешісі болып бөлінетіні белгілі. Менің бүгінгі әңгімем балабақшада экология мұғалімі жөнінде болмақ.

Шығыс философтары: педагог еңбегі мың түрлі гүл өсіретін бағбанның еңбегімен бірдей. Бір гүл жарықты, бір гүл көлеңкені, ал, енді бір гүл алакөлеңкені, келесісі қараңғыны сүйеді. Барлығына да ерекше күтім керек. Бала да сол сияқты» деп тәрбиеші еңбегінің ерекшелігін  атап көрсеткен екен.

Мен үшін де  қазіргі заманның педагогы- ол жүгіруші, секіруші, мәңгілік қозғалыс иесі. Өйткені, бала жүгіруші, секіруші, және  қозғалыс иесі.

Мен үшін қазіргі заманның педагогы-ол зерттеуші, бақылаушы,құрастырушы, суретші, мүсінші, әнші, биші, әртіс, сиқыршы, саяхатшы., ізденуші. Баланың әрбір сұрағына нақты дәлелмен жауап беру үшін ол үнемі білімі мен білігін көтеріп, жаңа заман ағымымен ілесіп отырушы.  Балаға  тек  педагог өз  деңгейінде ғана білім беріп қоймайды , баланың шығармашыл ойлай білуіне ықпал ету үшін көп ізденеді. . Сол ізденіс арқылы бала жүрегіне жол тауып, оны өз қалауымен жетектей білуі де ұстаздық қасиет. Мектепке дейінгі бала бойына білім мен біліктілікті,шығармашылық пен іздемпаздықты,қабілеттік пен іскерлікті,еңбек сүйгіштікті,танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім.Бала өмірінің алғашқы жеті жылы-денсаулықтың,ақыл-ой,адамгершілік,еңбек және экологиялық дамудың негіздері қалатын өте маңызды кезең.Мен экология мұғалімі, алдымда мынандай мақсат тұрады:

.Болашак табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу;

.Экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу;

.Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету;

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын,қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға ұйретуда менің міндетім.Күштемеу,сүйіспеншілік,шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі.Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғаның кез келгеніне мейілі ол ағаш,көбелек,бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді.Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек.Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға,бұлақтардың көзін ашуға,ұя жасауға қатысып,табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ жауаптар іздейді.

«Ағаштың жемісін жеймін десең,түбіне балта шаппа..»-деген екен

Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде,олар олардың түрлерімен,пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып,хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді,сезеді.Осы сұлулықты бұзғылары келмейді.Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды.Балалар бәрін байқайды:орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні,ағаш басындағы ұяларды т.б.

Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер,түстердің ашықтығы,әр түрлі дыбыстар,иістер тартады.Олар өздеріне жаңа әлем ашады:барлығын қолмен ұстап қарауға,иіскеуге,егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып,экологияға деген сүйіспеншілік,қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз.Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз,біз табиғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру.

Қорытынды: Әр адам сүйікті мамандығы бойынша жұмыс жасағанда өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді деп ойлаймын. Сүйікті мамандығы болса  атақ-абыройға кенеледі. Әрине, барлық мамандықтар адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол.

Менің  түсінігімдегі  ұстаз  – рухы  таза,  ой – өрісі  биік,   шыдамдылық пен табандылықтың  үлгісін  көрсетуші, қоғамды   өркендетуші,  жа­ңа­шылдық  бастаушысы,  жү­ре­гі – жылы,  көңілі – дарқан  адам.Өз бойынан  осы қасиеттерді таба алмаған адамның ұстаз-  атануға қақысы жоқ.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі