Материалдар / Эссе."Ұстаз-ұлағатты ұлы есім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе."Ұстаз-ұлағатты ұлы есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз -ұлағатты ұғым.Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз-ұлағатты ұғым Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымыздың өткенін, өшкенін жаңғырту, ұлттық санамызды жаңғырту жолына жол көрсететін маңызды құжат болып табылады. Бұл мақаладан түсінгенім Елбасы алдағы уақыттарда іске асыратын жобалары мен ұсыныстарын айтты. Елбасы мақаласын оқып, қандай да бір ой түйген адамның ойында осы айтып жатқан мақсаттарға қандай үлесімді қосамын деген сұрақ тұруы керек деп ойлаймын. Осы сұрақты мен өзіме де қойып көрдім. Сол мақсаттарға, міндеттерге өз үлесімді қоссам ғана биік белестерді бағындыра аламын. Мақалада адам үнемі жетіліп, білімі мен дағдыларын жаңартып, сол қабілеттерін өмірде өзінің жеке табысқа жетуіне және еліміздің жақсарып гүлденуіне жол ашатынын айтқан. «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» деген Елбасының тарихи жадыны жаңғырту үшін осы ойлардың түйіні-жастардың қолында. Неге десеңіз, бәсекеге қабілетті жастар болса, жаңа ғасырдың қозғаушы күші де жастар-біздерміз. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»-деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Табысты болудың басты факторы-білім деп білемін. Жастарымыздың ойында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек. Себебі, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Осы білімді оқушыларымыздың бойына дарытатын ол-ұстаз. Сондықтан да мен ұстаздық жолды таңдадым. Ұстаз болу, бар білгенімді оқушыларға үйрету-ол менің бала күнгі арманым еді. Елбасымыздың өзі «Бұл заман бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман» деп айтты емес пе?! Оның түпқазығы-ұстаз. Егер еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз білімді болып жатса, бұл біздің еңбегіміздің зая кетпегені. Елбасымыздың мақаласында айтқан міндеттер мен мақсаттарға жету үшін ұстаздар талмай-тынбай еңбек етуіміз керек. Осыған байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері ұлттық тәрбиенің қайнар көзі деп түсінемін. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы екенін сезіне жүріп әдебиет сабақтарында оқушылар бойына ұлттық тәрбиені сіңіре отырып тәрбиелеу-менің алға қойған басты мақсаттарымның бірі. Бүгінгі күннің басты мәселесін шешу мақсатында әр сабақ сайын талмай-тынбай ұлтты сүюге, қанатты сөздер мен ұлт болашағын ойлаған зор еңбек сіңірген тұлғалардың еңбектерін айтып, тапсырмалар беріп отырамын. Өркениетке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаған арманы тәуелсіздікке қол жеткізді. Ұлтжанды патриот азаматтар қалыптастырудың негізі-балаға жастайынан ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып білім беру, ұлттық дүниетанымды ұштастыра отырып тәрбиелеу болып табылады. Еліміздің сан ғасырлық тарихынан жинақталған асыл қазынасы-ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз кеңінен айтылатын туындыларды үлкен жанашырлықпен жас ұрпақ бойына сіңіру ұстаздар қауымына жүктеліп отырған үлкен міндет. Жеке азамат мүддесінен ел мүддесі жоғары қойылып тәрбиеленген ұлттың ұрпағы есейген соң бар білімін, күшін сол өз елінің күшеюіне жұмсайды. Н.Ә.Назарбаев «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХI ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады»-деп атап өткеніндей, бірлігі жарасқан ел болу үшін жастарды патриотизмге тәрбиелеу, әрбір қазаққа өзінің Алаш ұрпағы екенін сезіндіру басты мақсатымыз. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет» дейді Елбасымыз. Жаңа ғасырда айтып жатқан жаңашылдық идеяларымызды, өткен ғасырларымызда айтылып кеткендігін байқаймыз. Енді біздің міндетіміз оны айтып қана қоймай, жүзеге асыру.Осы мақсатта мен өз мектебімде оқушылардан құралған « Жас ғалымдар» атты шығармашылық топ құрдым. Ұлттық мәдениетті білетін, өрісі жоғары, қабілетті, белсенді, қызығушылығы жоғары, оқушы қалыптастыру мақсатын көздейтін бұл топта әр оқушының қабілетін, талантын ашуда, ұлттық сананы жаңғыртуда көптеген шаралар өткізіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ұйымдастырылған жұмыстарға белсене қатыстық. Атап айтар болсам, Тәуелсіздік күніне орай облыстық «Тәуелсіздік-киелі ұғым» атты жас ғалымдардың байқауына топтан 4 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орынға ие болды. Әр сабақ сайын жаңа технологияларды пайдаланамыз. Осындай шаралар арқылы оқушылар бойына ұлттық ой сала білсек, заманымызға сай қабілеті жоғары, отансүйгіш, елсүйгіш азамат тәрбиелеп шығарамыз. Жас буын – жаңа заманымыздың қозғаушы күші. Алдағы уақытта «XXI ғасыр көшбасшысы», апталықтар, акциялар, көрмелер, «Оқырмандар неге азайып барады», «Мен жас ғалыммын» атты шаралар өткізу жоспарын жасап жатырмын. Отбасы және бала арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Отбасы-отанымыздың ошағы» тақырыбындағы акцияны осы желтоқсан, қаңтар айларына жоспарлап отырмын. Елбасы жолдауына мен де, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу мақсатында білім жолындағы көптеген жаңа идеяларды іздеймін. Біздің ең биік мақсатымыз білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен жақсы тәрбиені бойларына сіңіру ол менің алдыма қойған басты мақсатым деп білемін.Әр үйдің үміті болған баланы Отанын сүйетін, салт-дәстүрімізді сақтайтын, табиғатымызды қорғайтын жас буын мектеп табалдырығыннан бастау алады. Қорытындылай келе, мен өз мектебімнің ізденімпаз ұстазы ретінде мектебімнің оқушыларын білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда аянбай еңбек етуге бар күшімді жұмсаймын. Мен өз мамандығымның , жұмыс жасап жүрген білім ошағымның беделін арттыру мақсатында өзіндік қадамдарымды жасап келемін. Мектептің ұстазы жан-жақты болуы шарт деп есептеймін. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқаратын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: « Баланы ұстаздың өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Ия, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені елдің ертеңгі тірегі-мектепте білім алып жатқан оқушылр. Олар заман талабына сай білім алуы тиіс деп есептеймін.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!