Материалдар / Эстафеталық жарыс. 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эстафеталық жарыс. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық үрдістер мен адамдық қасиеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
894
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО, Орал қаласы, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы «мектеп- интернат-колледжінің» тәрбиешісі

Кисыкова Самал Ересқызы

7 сынып



«Салауатты өмір салтын жақтаймыз» атты эстафеталық жарысы


Мақсаты:

  • Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық үрдістер мен адамдық қасиеттерін дамыту;

  • Дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға дағдыландыру; Этикалық және эстетикалық тәрбие беру

Көрнекілігі: Доптар, кедергілер, секірме, фитбол, сақиналар, ұлағатты сөздер мен ұран жазулар.


Жүргізуші:

Адам баласы үшін салауатты өмір салтын сақтап өмір сүру оның басты парызы. Салауатты өмір салтын ұстанған адам-дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысатын, жағымсыз әдеттерден бойын аулақ салып, жайдарлы жүретін адам. Сіздер білесіздер ме -жүйелі түрде спортпен айналысатын адам құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді әрі дені сау болады. Олай болса,

Жақсылық болсын үйіңде.

Қуаныш толып жүзіңде

Арнаулы жолдан сүрінбе

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде –деп

Салауатты өмір салтын қолдаймыз!!! ” атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз!!!


«Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз» деп ұрандап жүрген «Қыран» тобын қарсы алайық!!!

«Спортпенен достасып,

жалқаулықпен қоштасып» үлгі боп жүрген мықтыларымыз «Барыс» тобын қарсы алайық!!


Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық. 1._____________________________

2._____________________________

3._____________________________


Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз.

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.


Бүгінгі сайыс бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Бүгінгі сайысымыз 10 бөлімнен тұрады.

1.Топтардың таныстыруы

2.Кім жылдам?

3.Көкпар.

4.Лабиринт

5.Сүңгуір доп

6.Танымдық сұрақтар

7.Кім шапшаң?

8.Ақылды шаяндар.

9.Шалқан

10. қол күресі

Таныстыру кезеңі. (топтың аты мен ұраның айту және таныстыру )

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

«Қыран » тобын тыңдайық. Топ өз аты мен ұранын айтады.


Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

«Барыс» тобын тыңдайық. Топ өз аты мен ұранын айтады.


  1. «Кім жылдам?» Ойынның шарты: Секіртпемен кедергілер арасынан секіріп жүріп өз тобына жету. (2 секіртпе, кедергілер –конус 6)

  2. «Көкпар » эстафетасы. Ойынның шарты: Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.(2 доп)


  1. «Лабиринт» Ойынның шарты: Қойылған сақиналардан баскетбол добын қолмен ұстап , кедергілер арасынан жүгіріп өту. (2 баскетбол добы, 4 сақина)


  1. «Сүңгуір доп». Ойынның шарты: допты толқын тәрізді бір –біріне жоғары төмен шартты сақтай отырып беру. (2 доп)


  1. «Танымдық сұрақтар»

Ойынның шарты: әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылып отырады.

1.Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған. (Көз)

2. Күндіз шайқасады

Түнде айқасады . (кірпік)

  1. Бір нәрсе жегеніне тіптен тоймас,

Адамның ол нәрсесіз күні болмас. (ауыз)

4.Жағалай –жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіс, тіл)

5.Екі тақта арасында,

Қимылдайды қызыл тақта. (Тіл)

6.Жас кезінде қара орман,

Жыл өткен сайын ағарған. ( Шаш)

7.Туғаннан біргемін,

Бірақ санын білмеймін. (Шаш)

8.Күмбір-күмбір қарағым

Қартайғанша жарадың. (Құлақ)

9.Бес ат,бесеуі де қасқа ат. (Бес саусақ)

10.Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінен ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық- кемі жоқ. (Екі қол)

11.Базарда сатылмайды,

Таразыда тартылмайды.

Өзі балдан тәтті,

Өмірге бір шапағатты . (Ұйқы)


  1. «Кім шапшаң?» Ойынның шарты: фитболмен екі адам қолдасып межеленген жерден айналып, өз тобына қосылу. (2 фитбол)

  2. «Ақылды шаяндар». Ойынның шарты: балалар шаян бейнесін жасап жүріп белгіленген орынға барып есеп шығарып, артқа қайта жүгіріп келу (Қағаз, маркер)

  3. «Шалқан». Орындықта отырған «шалқанды» топ мүшелері бір-бірден жүгіріп келіп, қол беріп кетеді. Топтың соңғы мүшесі қол берген соң топтағы барлық адамдар қол ұстасып келіп, отырған шалқанды ала кетеді.(2 орындық)


  1. Топ басшыларының қол күресі

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай деп топ басшыларын қол күрестіруге ортаға шақырамыз.

Ойын нәтижесін жариялап, топ басшыларын өз орынына жіберу.


Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Қорытынды сөз. Марапаттау рәсімі.

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.


Барлығыңызға рахмет !!!




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!