400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эстафеталық жарыс. Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Дарабоз

Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту,денсаулық негізі қимыл ,спорт екенін балаларға ұғындыру.Ата-аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып,ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.Саламатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.


Қажетті құралдар:Доптар,тунель,кеглдер,ысқырық,орындықтар,қасықтар,машиналар,су құйылған шелектер.


Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме,құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер!

Сәтілік тілей отырып,бүгінгі іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер.


Айналайын алтыным,

Шымыр болсын балтырың.

Жел ескендей жарқыным,

Күшті болсын қарқының-дей келе бүгінгі балабақшамызда өткелі тұрған «Дарабоз»атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер.Олай болса жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

1.«Бірлік»тобы - отбасын қошеметпен қарсы алайық.

2.«Сұңқар»тобы- отбасын қошеметпен қарсы алайық

3.«Айналайын»тобы- отбасын қошеметпен қарсы алайық.


Жүргізуші:Ойынды бастамас бұрын әрбір жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Балабақшамыздың директоры:Джилкибаева.А.

2.Балабақша әдіскері:Қосқұлақова.Ә.


Жүргізуші:Қане,бір-бірімізді қостаймыз,

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

«Жеңіске жетеміз!»-деп,

Жалынды ұран тастаймыз.

Әр топ әділқазылар алқасына өздерін таныстырып өтеді.


«Бірлік» тобы:

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па.

Қуып жету жақсы ғой,

Озып шығу бір басқа.


«Сұңқар» тобы:

Келіңіздер,келіңіздер,

Бұл жарысты көріңіздер.

Бізде бәрі жүйріктер,

Күш сынасар алыптар.


«Айналайын» тобы:

Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен,

Келіп тұрған мықтымыз.


Енді команда капитандары келіп өздерінің кезекті нөмірлерін алады.

Бағалау:1-5дейінгі сандар.

Бөлімдер:

1.«Мәреге тез жет»

2.«Көңілді эстафета»

3.«Кім жылдам?»

4.«Кім епті?»

Ойынның шарттары:

«Мәреге тез жет»

Ойынға үш команда бір уақытта қатыса алады.Кедергілер арасынан машинамен жүріп өту.Әкесі белгі берісімен машинаға отырып,кедергілер арасынан айналып өтіп,сосын одан кейін тұрған шешесіне машинаны береді.Шешесі машинаға отырып,кедергілер арасынан айналып жүріп өтіп,баласына машинаны береді.Кедергілерден қай команда тез жүріп өтсе сол команда жеңіске жетеді.


«Көңілді эстафета»

Әкесі бірінші болып жер асты тунелі ішінен еңбектеп жүріп өтеді.Содан кейін шешесі тунель ішінен еңбектеп жүріп өтеді.Ең соңғы болып тунель астынан баласы жүріп өтеді.


«Кім жылдам?»

Әр қатысушыға 3доптан беріледі.Доптарды қолдарына алып,кедергілер арасынан жүріп өту.Бірінші әкесі доптарды алып,кедергілер арасынан жүріп өтіп,доптарды шешесіне береді.Ең соңғы болып баласы кедергілер арасынан жүгіріп өтеді.


«Кім епті»

Шелекке қасықпен су тасып толтыру.Шелекке әкелер қасықты тістеу арқылы су толтырады.Қасықты шешеге әкеліп береді.Суды төкпей тасу керек.Кезек-кезек бір-біріне жалғастырады.



Мінекей құрметті спорт сүйер қауым біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.


Құлақтан кіріп бойды алар ,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп кезекті әнге берейік.

«Топ-топ балақан»орындайтын Құлыншақ тобы.


Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Қорытынды.(Жеңімпазды атау)Құттықтау.Алғыс хат.

Жеңімпаз командаға сыйлық.

Жүргізуші:Әкем,шешем көңіл қойса,дем беріп,

Спортты біз сүйер едік тең көріп.

Салауатты өмір салтын сақтайық,

Спорт қана қамалымыз ең биік-деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі