Эстафеталық
ойындар
Білім
алушы: Примбетова П.О.
Жетекші:
Мухамеджанова Ұ.Ж.
Білім
беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы:
«Қыс
қызығы»
Мақсаты: Жаттығулар
түрлерін орындай білуін үйретуді
жалғастыру. Қимыл дағдысын дамыту. Өзара
сүйіспеншіілік,мейірімді қатынастарға
тәрбиелеу.
Міндеттері:
Балалардың
жарыс ережесін бұзбай орындауға үйрету;
Жүру,
жүгіру, лақтыру, қағып алу жаттығулары
арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін
орындаудың қарапайым дағдыларын
қалыптастыру;
Көрнекі-құралдар:
2 топқа құрастыру, орындықтар мен
қуыршақтар, қарындаш, тақта, кегли
кедергілері,доп, себет,
микрафон,сылдырмақ,резинке.
Сөздік:
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,
сұрақ-жауап, жаттықтыру,көркем сөз ойын,
жарыс әдісі.
Жүргізуші: Қадірлі
қонақтар, жарқын болашаққа кең қадам
басқан бүлдіршіндер «Қыс
қызығы»
атты
эстафеталық
ойынға
қош
келдіңіздер!
Шаттық
шеңбері:
Сәлем
бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық
аспан.
Салем бердік, жер ана,
Сәлем
бердік баршаңа.
Балалар
қонақтармен амандасады.
- Балалар
қазір жылдың қай мезгілі ?
- Қыс
-
Далада күн суық па, жылы ма ?
-суық
-
Көңіл-күйлерің қалай ?
- Жақсы.
-
Өте жақсы балалар.
-Балалар
біздер қыста қандай ойындар
ойнаймыз.
Жүргізуші:Денсаулық
деген, дені сау, ауырмайтын, салауатты
өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын,
дене шынықтырумен айналысатын адамды
айтады.
Жүргізуші:Денсаулық
мықты болып, ауырмау үшін не істеу керек
?
Балалар: Үнемі
жеке бас тазалығын сақтап, денені
шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін
сақтау керек.
Жүргізуші:Дұрыс
айтасыңдар.
Қане олай болса бүгінгі
эстафеталық
ойынымызды бастайық.
Сайысқа
2 топ қатысады. Бүгінгі сайысқа қатысушы
топтар өздерін таныстырады.
I
- топ «Қарлығаш» тобы. Ұраны:Салауаты
өмір салтын сақтаймыз, жаттығудан
қашпаймыз.
II
- топ «Айгөйлек» тобы. Ұраны: «Шынықсаң
шымыр боларсың!»
Жүргізуші:
Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
туралықтан ешқашан да қашпайтын төрешілер
алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
(Әділқазылар алқасы таныстырылады)
Жүргізуші:
Денсаулық
ол – шыныққан
Барлық денең
мүшесі.
Денсаулық ол — тыныққан
Жүйке
тамыр жүйесі.
Денсаулық ол —
күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық
ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Б.қ.
тік тұру. Қолды жоғары созып, аяқтың
ұшымен жүру.
Б.қ.
тік тұру. Қол белде, аяқтың өкшесімен
жүру.
Б.қ.
тік тұру. Қол белде, жартылай тізені
бүгіп жүру.
Б.қ.
тік тұру. Белгі бойынша жан-жаққа шашырай
жүгіру.
Б.қ.
тік тұру. Белгі бойынша бір қатарға
тұру, сап түзеп алға және артқа жүру,
оңға, солға бұрылу және шеңбер бойымен
айнала жүгіру.
(5-6
рет)
Б.қ.
тік тұру. 2 қатарға тұру.
Аю
келіп балалармен амандасып,оларға үйшік
жасауға тапсырма береді.
Ойын
шарты:
«Үйшік» ертегісінің кейіпкері аю
балалардан өзі сиятын үйшік жасап беруін
сұрайды. 2 топ 3 мин ішінде құрастырғыштармен
көмегімен үйшік жасайды. Қай топ үйшігін
бірінші болып аяқтаса сол топ жеңіске
жетеді.
Шелек
қалпақ басында,
Сәбіз
таққан танауы.
Қыста
қардан туатын,
Тауып
көрші сен оны? (Аққала)
Суда
мұз бар,
Жерде
қар бар.
Боран
борап соғады,
Бұл
қай мезгілде болады? (Қыс)
Қыста
ғана болады,
Ұстасаң
қолың тоңады. (Қар)
Тісі
жоқ тістеп алады,
Қолы
жоқ сурет салады. (Аяз)
Қанаты
жоқ, ұшады,
Аяғы
жоқ, жетеді
Аузы
жоқ, ұлиды. (Боран)
Ақ
көбелек қонды,
Құстар
енді тонды. (Қар)
Ойын
шарты:
2 мин ішінде 2 топ өздеріне берілген шана
мен қуыршақты алып ,кедергілер арасынан
жүгіре отыра,бастапқы орыннан қуыршақты
белгілеген жерге шананың үсітінен алып
қайтады. Ойынды әрі қарай келесі бала
шанаға отырғызады.Ойын осылай жалғаса
береді. Қай топ бірінші болып аяқтаса
сол топ жеңіске жетеді.
Ойын
шарты:
3 мин ішінде 2 топқа берілген бояулар
көмегімен тақтаға кезек-кезек бір бүтін
аққала бейнесін бейнелейді.Суретте
болуы шарт: аққала 3 бөлігі, бас киімі,
көзі, мұрны, аузы, мойын орағымен
түймелері,сыпырғыш. Қай топ аққаланы
толығымен бірінші болып салып бітсе
сол топ жеңіске жетеді.
Шаруа
Жазда
жазылады,
Қыста
қысылады.
Қыс
азығын жаз жина.
Қыс
арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла.
Жаздың
қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойла.
Жазда
жанын баққан,
Қыста қыдың қаққан.
Қыстағы
қар, жаздағы жаңбыр-
Жерге жауған
нұр.
Ойын
шарты: 3
мин ішінде Балалар құрсаулар арқылы
секіріп өтіп, допты себептке дәлдеп
лақтырады. Қай топ бірінші доптарды
толығымен дәлдеп лақтырса сол топ
жеңіске жеңіске жетеді.
Ойын
шарты:
Балалар жарылғыштар жарылып кетпес
үшін қардың астына жасырылған жарылғыштарды
1 мин ішінде тауып алуы қажет. Қай топ
бірінші болып тапса сол топ жеңіске
жетеді.
Жүргізуші:
Жеңіске
жеткен топтар анықталады, медальдармен
және сыйлықтармен марапаттау рәсімі
орындалады.
Осымен
балабақшамызда «Қыс
қызығы»
атты
эстафеталық
ойынымыз аяқталды.