400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Эстафеталық ойындардан жарыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
эстафеталық ойындар түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Эстафеталық ойындардан жарыс»

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен  айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: кеглилер,машиналар,шығыршықтар,ысқырық

Жүру барысы:

Құрметті ұжымдастар,кішкентай бүлдіршіндер! Ортаңғы«Алтын сақа» тобында ұйымдастырылған «Көңілді эстафета» сайысына қош келдіңіздер!

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

«Сұңқар» тобы.                                           «Тұлпар» тобы

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру

  1. «Kiм епті?»

  2. «Кім жүйрік?»

  3. «Кiм күшті?»

1 – бөлім.  Таныстыру.

Шарты: Екі топ өздерін таныстырады.

I — топ «Сұңқар» Ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!»
II — топ «Тұлпар» Ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!

II – бөлім. «Кім епті?»

Шарты: Межеге дейін кеглидің арасымен еңбектеп барып,межені айналып жүгіріп келу.

III – бөлім. «Кiм жүйрік?»

Шарты:Машинамен межеге дейін барып,кері келу.

IV – бөлім. «Кім күшті?»

Шарты: Еденде жатқан шығыршықтан шығыршыққа секіріп межеге дейін барып,межені айналып кері келу.

Осымен сайысымыз аяқталды жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Сау  болыңыздар!

Сайысымызды келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
19.10.2023
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі