400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Есте сақтауды ойын түрінде өткізуге, сабақта қолдануға көмектесу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
«Мен 10 заттың атауын білемін…»
Бұл топтық ойын. Оқушылар шеңберге отырғызылады. Допты шеңбер бойынша
бір-біріне бере отырып, əр оқушы бір сөзден айтады: «Мен… ағаштардың… 10…
атауын… білемін… қайың – бір, самырсын – екі, емен – үш» деп ары қарай
жалғастырады. Жалғастыра алмаған оқушы ойыннан шығады.

«Қайтала» сіріңке шиімен ұйымдастырылады
Бұл ойынды оқушылар жұптарымен ойнайды. Əр балаға сіріңкенің 6 шиінен беріледі.
Екеуінің біреуі сол шилерден қандай да бір затты құрайды. Екіншісі бірнеше секунд
көлемінде қарап алады да, оны қайтадан жасауға тырысады. Содан кейін оқушылар
орнын ауыстырады, екіншісі көрсетеді, біріншісі қайталайды.

«Сөздер тізбегі» ойыны
Оқушылар шеңберге отырғызылады. Бірінші оқушы кез-келген бір заттың атын атайды.
Мысалы: «ірімшік». Екіншісі алдыңғы айтылған сөзді атайды да, өзі бір сөз қосып
айтады. Осылайша жалғаса береді. Əрбір келесі ойыншы алдында айтылған барлық
сөзді ретімен атап шығады да, өзінің сөзін қосып отырады. Кім шатасады, сол ойыншы
ойыннан шығады. Ал ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.11.2019
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі