400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есте сақтауды дамытуға арналған тренинг элементтері бар сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Есте сақтауды дамытуға арналған тренинг элементтері бар сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Есту арқылы есте сақтауды жаттықтыру

Мерзімі: 13.10.2018

Мақсаты: Есту арқылы есте сақтау жаттығуларын орындата отырып, оқушыларды тапқырлыққа баулу.
Міндеттері: Бірлесіп жұмыс нәтежиесіне жетуге баулу.
Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Көрнекілік, сөздік, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, «Логика әлемі» жұмыс дәптері.
Оқушыларды топқа бөлу (Топқа бөлу әдісі күз мезгіліне байланысты жемістер бойынша топтау)
Психологиялық ахуал.
Балалар, бүгін айдың нешесі? Ендеше 23 қараша болса, 23 санын бірінші оң қолмен, сосын, сол қолмен, одан кейін оң және сол аяқпен және қолымызды бүйірімізге қойып, белмен және мұрынмен жазу.
І. Ширату (тез жауап бер) Әр топқа екі сұрақтан беріледі.
1. Бес тышқанның құлағы - 10
2. Жеті сиырдың мүйізі - 14
3. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны - 8
4. Есту мүшесі - құлақ
5. Жаз айларын ата - маусым, шілде, тамыз
6. Ағзаның қорғаныс мүшесі - тері
7. Қан айналымының негізгі мүшесі - жүрек
8. Ауаның қозғалысы - жел
Тапсырма №1.(көзіңмен қадағала) Қолмен емес, көзбен жүргізіп, цифрлар мен әріптердің байланысын тап. Жасырын сөзді жаз.
Жауабы: көкөніс, жаңалық.
Ми гимнастикасы «Жалқау сегіздіктер» Ауада сегіз санын алдымен оң қолыңмен, сосын сол қолыңмен сегіз санын сал, одан кейін екі қолыңмен үш рет қайтала.
Тапсырма №2. (Сана!) Бесбұрыштарды сана, санын торкөзге жаз. Бесбұрыштарды сана. Санын торкөзге жаз.
Жауабы: тоғыз бесбұрыш.
Тапсырма №3. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста қалғанын топта. ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА
Жауабы: қарбыз, қауын, алма, қалам, алмұрт.
ІІ. Көңілді үзіліс. Балалар өлең шумақтарына сәйкес қимылдар жасайды.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тапсырма №4. Ойла, есепте, жауап бер!
7 қапты бір қатарға қойды. Бірінші қаптың салмағы 77кг, қалған әр қаптың оның алдындағы қапқа қарағанда 7кг - ға кем. Барлық қаптардың салмағы қанша?
Жауабы: 392кг
ІІІ. «Мұрынмен жазу» жаттығуы. Көзіңді жұм. Мұрныңды қалам ретінде пайдаланып, ауада кез келген сурет сал. Көзің жұмулы болсын.
Тапсырма №5. (Ойлан, есепте, жауап бер!)
Арман биыл үшінші сыныпқа көшті. Енді оған анасы түскі асқа 100 теңге беретін болды. Арман үнемдеуді жақсы көреді. Ол күнде 70 теңгеден ғана жұмсады. Ол бір аптада неше теңге үнемдеді?
Қайсысы жетіспейді?
Геометриялық фигуралар қатары беріледі, оқушылар 1 минуттай қарайды, келесі суретте осы фигуралардың біреуі алынып тасталады, оқушылар соны табуы керек.
ІҮ. Сабақты қортындылау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24.12.2018
1662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12