Материалдар / "Эстофеталық жарыстар"

"Эстофеталық жарыстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды салауатты өмір салтын ұстануын, жеңіс пен жеңіліс болатынын түсіндіру, шынықсаң шымыр болатынын түсіндіру.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Эстафеталық жарыстар»


Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесіп

Тақырыбы: Эстафеталық жарыстар

Мақсаты: Балаларға жүру, аяқтың ұшымен жүру, жүгіру, басты тік ұстап табанаға толық басып жүруді үйрету. Оларды ептілікке, шыдамдылыққа, батылдылыққа, мергендікке, жылдамдыққа баулу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Жаттығуларды орындаутәсілін меңгерте дағдыландыру. Тапсырманы орындау барысында ептілік танытуын, дұрыс қимылдар жасауын қадағалау. Батыл, епті, шымыр болу, бір-біріне дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құрсау, шығыршық, доп, кедергі, таяқша, ысқырық, баскетбол шеңбері, туннель, асық

Қане, балалар бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

-Сәлеметсіздерме апайлар. Балалар енді шаттық шеңберімізді құрып алайық.


Қуаныш шеңбері. 
Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір .

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ

Балалар музыка әуенімен сапта бір-бірлеп жүреді. Бірінің артынан бірі сап түзеп жүреді. Сап түзеп жүргенде қолды жан-жаққа созып тік тұрады. ПедагогтІң белгі беруі бойынша аяқтың ұшымен, өкшемен, заттар арасымен жүреді. Тез ойналған музыка әуенімен жүгіреді, жүгіріп келе жатып, жәй жүріске түседі, денелерін тік ұстап жүреді. Біртіндеп жүріп келе жатып жалпы дамыту жаттығуларын жасауға тұрады. Тоқта! белгісімен шеңберге тұрып экраннан бейнебаянды көре отырып жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.



Залға Күн мен Жұлдыз екеуі келеді. Кейіпкерлер мен тәрбиеші арасында диалог, содан кейін ол екеуі баларлар мен бірге эстафеталық жарысқа бірге қатысады....

Енді балалар бугінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы «Эстафеталық жарыстар». Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік, қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл-ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі. Барлығын ойын түрінде өтеміз. Бүгінгі сайысымыз  4 бөлімнен тұрады.


«Кім шапшаң» жарысы;

«Жүйрік паравоз» жарысы;

«Кім жылдам» жарысы;

«Асық ату» жарысы;

Ал енді сайысымызды бастайық.


Топтың аты мен ұраны.

«Жұлдыз» тобы
Топтың ұраны «Шынықсаң шымыр боласың»


Топтың аты мен ұраны.

«Күн» тобы
Топтың ұраны «Дені саудың- жаны сау»


1.«Кім шапшаң» жарысы
Шарты: шығыршықтан шығыршыққа қос аяқтап, секіріп допты баскетбол шеңберіне лақтыру.


2.«Жүйрік паравоз» жарысы
Шарты: бірінші бала пойыз болады, ал қалғандары сонын вагондары болады. Бірінші бала пойыз болып кедергілердің арасымен өтіп, екінші баланы вагонды өзімен қосып әкетеді. Ойын солай жалғасын табады.



3.«Кім жылдам» жарысы
Шарты: кедергілер астымен сырғанау, текшелерден секіру, арқылы өтіп мәреге жылдам жету.


4. «Асық ату» жарысы
Шарты: қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулиды. Екі топтан балалар бір- бірлеп ортада тұрған асықты дәлдейді.



«Асық» биімен іс әрекетін аяқтау



Бүгінгі ұйымдастырылған ашық іс әрекетіне екі топтың балалары жақсы қатысты. Екі топта теңде тең болды. Екі топ басшылары ортаға шығып баяндап беріңдер, шешім әділ болды ма? Қай жерде қателік жібердіңдер? Келесіде нені толықтыру керектігін естеріңде сақтаңдар.....

Жеңіске жеткен топ балалары марапатталады. Қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.


Жетекші тәрбиеші: Менликулова Рахат Турганбековна



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі