Алматы облысы Балқаш ауданы
«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта
мектеп»МКМ

Тақырыбы: «Эстрадалық ән айтудағы дыбыс
және дыбыс шығару жұмыстарының ерекшеліктері» Вокалдық
үйірме
(Шебер
сынып)
Музыка пәнінің мұғалімі:
Болысбекова Б.А
Сабақтың тақырыбы:
«Эстрадалық ән айтудағы дыбыс және дыбыс шығару жұмыстарының
ерекшеліктері»
Сабақтың
мақсаты:Балалардың ән айту кезіндегі
көңіл күйімен әннің үйлесімін табу.Білім алушыларға дұрыс тыныс алу
жолдарын үйрету.Әншілік өнер туралы түсінікті қалыптастыру.Вокалдық
техниканың арнайы тәсілдерін меңгерту.
Білімділік:Үйретілген әннің сипаты мен
көркемдік құралдарын анықтай білуге.Баланы әсемдік әлеміне дыбыс
арқылы жетелеу.
Тәрбиелілік:Көмейден шыққан дыбысты,дұрыс
тыныс алу арқылы,сыртқа шығарып,үйренуге баулу.Әнді таза орындауға
үйрету.
Дамытушылық:Оқушының танымдық іс- әрекетін
дамыту,орындау шеберліктері және музыкалық қабілетін жан-жақты
ашу.
Міндеттері: 1.Сабаққа көңіл күйін
бағыттау
2.Өкпе белсенділігін
арттыру
3.Эстрадалық вокалдағы
техникалық әдістерін ашып,негіздеу.
ЖОСПАРЫ:
1.Кіріспе:
2.Вокал өнерінің түрлері. Ән
айту мәнері туралы түсінік.
Тұжырымдама: 3.Балалардың жаттығуларды
орындауын, іс-жүзінде көрнекті түрде
көрсету.
4.Әр түрлі жас және шеберлік
деңгейлеріне қарай тапсырма беру.
5.Метроном қолдану,дауыс
жаттығулары,тыныс алу жаттығулары.
6.Қосымша
жаттығулар.
7.Қорыту.

Негізгі
бөлім:
(вокалдық шебер
сынып)
Сәлеметсіздер ме? Құрметті
ұстаздар!Бүгінгі вокалдық шебер сыныбына қош
келдіңіздер!!!
Кіріспе:Ұлттық өнер дегеніміз қай
заманда да ұлт пен бірге жасасып,дамып отыратын күрделі
процесс.Оған қай кезде де зерттеу жұмысын,талдауларды жүргізіп
отыру қажет.Сонда ғана бізге беймәлім болған жайттар жаңаша қырынан
ашылмақ.Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән ән
дәстүрі дүниеге келді.Қазақ халқы ежелден ақ әншілік өнерімен
ерекшеленген.
Ән өнері-байырғы заманнан бері
көптің ортасына жылдам жетіп,кең таралған өнердің ең түсінікті және
көне түрі.Әншілік өнер әншінің дауыспен орындауы.Адамзат ән мен
күйдің кереметіне,лаззатына бөленіп,кейінгі ұрпағын
адамгершілікке,адалдыққа,еңбекке,парасаттылыққа
тәрбиелеп,эстетикалық талғамын байытып келеді.Ән айтуды дәстүрлі ән
айту бағыты,эстрадалық ән айту бағыты,академиялық ән айту бағыты
деп бөлуге болады.Дұрыс ән айту үшін дауысты жан-жақты
дамытып,тәрбиелеп,дамыту қажет. Қай бағытта болса да ән орындаудағы
негізгі мақсат-дауыс құлаққа жағымды,қысылып-қымтырылмай,дауысты
дұрыс қойып,еркін меңгеру болып табылады.
Тұжырымдама:Көбіне классикалық бағытта
айтылатын әншілік өнерді «вокалдық өнер »дейді.Вокал –итальян
тілінде «Восе»-дауыс деген мағынаны білдіреді.Дауыс әншінің құралы
болып табылады.
Слайд
көрсетіледі.
Қатысушылармен кәсіби
қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасау:
-Мен бүгін шебер сабағымды
қазақ халқының ғұлама ақыны–Абай Құнанбаевтыңән мен күйдің
құдіретін жырлаған өлең жолдарымен бастағым келіп
тұр:
Құлақтан кіріп,бойды
алар,
Жақсы әнмен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең менше
сүй.

Ән
өнері тілдің ұшымен,құлақтың артымен
ғана айтып,тыңдап кете беретін жеңіл өнер емес.Әнді айту да,тыңдау
да үлкен өнер.Өнердің қай саласы болмасын,ең алдымен,оның
технологиясын – әдістемесін ұғу,түсініп меңгерудің маңызы
зор.Сондықтан кәсіби әнші болу үшін вокалдық өнердің қыр-сырын
ұғып,негізгі технологиясын еркін меңгеру
абзал.
Тыныс алу
жаттығулары: Дұрыс тыныс алу жолдарын
көрсету, дене қозғалысына жаттығулар жасау.(2
минут)

Метроном
қолдану: (1
минут,120 удар
)ритмге,артикуляцияға,дикция
жұмыстарын жақсарту,күшейту технологиясы.

Минусовка
пайдаланып: Қол шапалағы арқылы,оркестр
құру. Музыканы жақсы есту,қабілетті жоғарлату,ритмді дұрыс
пайдалану,сезімталдықты күшейту,елгезектік пен шапшаңдыққа
баулу.

Қосымша
жаттығулар:Тынысымыздың табиғи қызметі
күлкі кезінде байқалады.Күлкіден
айырмасын!(Жымиямыз,күлеміз).

Джаз өнерінің жаттығулары:(
Па, пе, по, Дуби,дуби, да,)
Жаңылтпаштар
айтқызу.
Ескерту:Жаттығуларды бірден алып кету
мүмкін емес,сондықтан күнделікті ең қарапайым түрлерімен жаттығып
үйрену қажет.
( Әнді дұрыс айту үшін
музыканы зейін қойып тыңдау. Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып
орындау.Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем алу.Сөздің
ортасында дем алмау.Әннің сөзіндегі дауысты дауыссыз дыбыстарды
анық,түсінікті етіп айту,т.б) 
Педагогикалық тәжірибені
тарату Дұрыс тыныс алуды
ұмытпаңыз.
Иық , мойын бос
болсын!
Күтілетін
нәтиже:Шебер сынып барысында
үйренген барлық дағдыларды пайдалану арқылы білім алушылар
дауыс,әншілік тыныс алу туралы біледі.Вокалдық білім, білік
дағдылары қалыптасады. Дұрыс дыбыс шығару (жұмсақ шабуыл)көмейдің
тұрақты қалыпын,иықты көтермей байсалды дем шығару,ән айту кезінде
демді ішке тартатын жағдайды сақтауға,әншілік дауыстың маңызы
зор.

Қорытынды:Қосымша білім беру
ордалары,соның ішінде өнер,саз мектептері кейінгі ұрпақтың
салауатты өмір салтын ұстануына дұрыс үгіт-насихат жүргізуге
мүмкіндігі мол орта.Қосымша білім беру орындарын оқу
бағдарламаларынан тыс,жанама білім көзі ретінде ғана
қарастырмай,керісінше осы оқу ошақтары арқылы болашақ ұрпақтың
тәрбиесін мықтап қолға алу керек.Музыка,саз мектептеріне келген
оқушыға ән өнері туралы жан-жақты білім беру-ертеңгі қазақ ән
өнерінің арнасын кеңейтуге жол ашары
сөзсіз.
Келіп қатысқандарыңызға
алғысым шексіз!
Көріскенше күн
жақсы.