Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі туралы айту
Материалдың қысқаша нұсқасы

күні:


Сабақтың

тақырыбы:

§19. Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі. №6 зертханалық жұмыс

Жалпы

мақсаты:

Есту мүшесінің құрылысы, қызметі, есту мүшесінің гигиенасы туралы жалпы түсінік береу.


Сілтеме

Биология оқулығы, суреттер

Оқу нәтижесі

Оқушылар есту мүшесі туралы біледі.

Есту мүшесінің құрылысы, қызметі бойынша жалпы мағұлмат алады.

Есту мүшесінің гигиенасы туралы біледі.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер

АКТ байынша интерактивті тақта, суреттер, қағаз, түрлі-түсті қарандаш, оқулық, слайд

Оқыту әдісі

1.Жеке жұмыс (үй тапсырмасын сұрау).

2.Топпен жұмыс (джиксо1,2 әдісі, постер салу, қорғау).

3.Сыныппен жұмыс диалог әдісі. (сұрақ-жауап).

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының

іс-әрекеті

Ұйымдастыру: 2 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғазу.

Жұмыс жасау ортасын қалыптастыру.

Сыныпты: анализаторлар , рецепторлар, сезім мүшелері деп 3 топқа бөлу.


Интерактивті тақтаға қарап видеодағы «қара жорға» биін билеу.

Рефлексия жазғызу.

Өткенге шолу

(үй тапсыр-масы).

5 мин.

Жеке жұмыс (диалог әдісі).

Оқушыларға «Қарлы кесек» ойыны арқылы бір-біріне сезім мүшесі, көз тақырыбында әр түрлі сұрақтар қойғызу.

Сәйкестігін анықтау тесті.5-ұпай

1.Қарашықтың артқы бөлігінде     А.Су

 екі жағы дөңес линза тәрізді         В.Құтыша

денешік-                                           С.Таяқшалар

2.Көзбұршақ  қисықтығының        Д.Көзбұршақ

ұлғаюы-                                            Е.Аккомодация

3.Шыны тәрізді денеде болады-

4.Жарық пен түсті қабылдайтын рецептор-

5.Қараңғыда жарықты қабылдайтын рецептор-

7-слайд Тесттің жауабы:

1-Д

2-Е

3-А

4-В

5-С

Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.



Әйгілі Елена Келлер қалыпты көретін адамға мынадай кеңес берген: “Көздеріңді пайдаланыңдар! Әрбір күнді ертең соқыр болып қалатындай өткізіп,өмір сүріңдер. Сонда сендер ешқашан көрмеген ғажайып әлемді көре бастайсыңдар”.

Өту барысы

Топпен жұмыс

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырыпты үш топқа бөліп беру.

Негізгі бөлім: жаңа тақырып

20 мин

Жүсіп Баласағұни бабамыз айтқандай –

Ақыл қайда болса, ұлылық толады ,

Білім кімде болса сол білікті болады, - дей келе бүгінгі күнді жазып жаңа тақырыбымызды бастайық.

Миға шабуыл: Адам үшін сыртқы дүниені тануда, естуде аса маңызды рөл атқаратын сезім мүшесі қалай аталады?

(есту мүшесі - құлақ).

Есту мүшесі туралы өздерің не білесіңдер?

Олай болса үш топқа тапсырма үлестіріп беремін. Сол бойынша топта дайындаламыз. Ойымызды постерге түсіреміз және топ бойынша қорғаймыз.

І-топ. Есту мүшесінің маңызы

ІІ-топ. Есту мүшесінің қызметі.

ІІІ-топ. Есту гигиенасы.



1)Есту анализаторларының маңызы. Адам есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Құрылысы: есту мүшесі – құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

Сыртқы ---------------------- Ортаңғы -------------- Ішкі

Құлақ қалқаны ----------- Балғашық ------------- Сүйекті, шытырман

Есту жолы ------------------ Төс -------------------- Жарғақты шытырман

-------------------------------- Үзеңгі



Құлақтың құрылысы:

1 – құлақ қалқаны; 2 – сыртқы дыбыс жолы; 3 – дабыл жарғағы; 4 – дыбыс сүйекшелері; 5 – ұлулы дене; 6 – есту жүйкесі; 7 – есту түтігі



Ортаңғы құлақтағы дыбыс сүйекшелері:

а) балғашық; ә) төс; б) үзеңгі

1.   Сыртқы. құлаққа құлақ  қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолыжатады. Құлақ қалқаны  ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2.   Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады.Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған..

3.   Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені  шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағышытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады.



2). Есту мүшесінің қызметі.

Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап, есту жолына бағыттайды. Есту жолының бойымен дыбыс толқындары дабыл жарғағына жетіп, оны механикалық тербеліске келтіреді. Есту сүйекшелерінің жүйесі (балғашық – төстік – үзеңгі) арқылы тербеліс жарғақты шытырманның сопақша кіреберісі арқылы ішкі құлаққа беріледі, себебі оған үзеңгі тіреледі. Бұлтербелістер есту иірімдегі сұйықтықты қозғалтып, түкшелерді тербетеді. Оы кезде рецепторлар жасушаларының түкшелері жамылғы мембранасына жанасады.

Рецепторларда қозу пайда болып, есту жүйесі арқылы есту анализаторларының орталық бөлігіне – самай бөлігіне, үлкен ми сыңарларының есту аймағына беріледі. Осы жерде дыбыстың әртүрлі сипаты: оның үні, ырғағы, күші, жіңішкелігі, мағынасы танылады.

3). Есту мүшесінің гигиенасы. Есту мүшесі бас сүйектің самай сүйегіне терең орналасқан. Сөйтсе де, оны зиянды әсерлерден және инфекция енуден сақтау керек.

Есту жолының түбінде құлақ бөлетін бездер бар. Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтын түсетін шаң мен микробтарды жабыстыру және ұстау ұшін керек. Жиналған құлақ бөлініп, құлақтың жуған кезде сыртқа шығарылады. Салдар-салақ адамның құлағынада құлақ жиыналып, тығын түзілуі мүмкін. Ол естудің нашарлауына апарып соғады. Құлақтың әртүрлі үшкір затпен (сіріңке, түйреуіш,т.б.) алуға болмайды. Бұдан дабыл жарғағы зақымданып, есту нашарлауы мүмкін.

Есту мүшесі дұрыс жұмыс істеу үшін алдымен тазалық сақтау керек. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей керең болып қалуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауық-ауық тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін.  

№ 6 зертханалық жұмыс. Құлақтың есту қабілетін анықтау.Мақсаты: Мектеп дәрігерінің көмегімен есту қабілетін анықтау, есту мүшесінің құрылысы туралы білімді бекіту. «Лор» -дәрігері мұрын,тамақ және құлақ ауруларын емдейді

Сергіту сәті.


Орнымызда отырып:

  • Екі қолымызбен сырғимақты уқалаймыз (10 рет);

  • Екі қолымызбен құлағымызды айналдыра уқалау (10 рет).

Оқушылар біз бұл жаттығуды біріншіден біздің тақырыбымызға, ал екіншіден адам  денесіндегі барлық мүшелерге тиісті нүктелердің құлақта орналасуына, сол нүктелерге массаж жасай отырып сол мүшелердің қызметін арттыруымызға болатынына байланысты жаттығуды алып отырмыз. Мысалға құлақты тесудің де белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіні жайлы айта кетуге де болады. Яғни, сырғимақта орналасқан құлақ нүктесін белгілеп, анықтап алу қажет .

 Егерде басқа нүктеге түсетін болса,  онда ағзада орналасқан басқа мүшелердің қызметіне әсерін  тигіуі мүмкін .

Сабақты қорытындылау.

15 мин

Сыныппен жұмыс.

Тапсырмалар: «Дұрыс пікірді тап»

Егер берілген пікір дұрыс болса  «ия» деп ,қате болса «жоқ» деп жауап  беру керек.

 

1.Есту мүшесі самай сүйегінде орналасқан. (ия)

2.Дабыл жарғағы сырқы құлақ пен ішкі құлақтың арасында орналасқан.(жоқ) сырт.құл.және орт.құлақ

3.Ішкі құлақ қуысы ауаға толы болады.(жоқ.) орт.құл

4.Ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелері бір-біріне бірігіп кеткен.(жоқ) буын арқылы байланысқан .

5.Ортаңғы құлақ есту түтігі арқылы жұтқншақпен байланысады.(ия)




Ольга Ивановна Скороходова – 5 жасында менингитпен ауырып, соның салдарынан көзі көрмейді, біртіндеп сол құлағы естуден қалады. Уақыт өте екі құлағынан айрылады. Құлағы естуден қалғаннан кейін сөздік қоры азаяды. Скороходованың өмірінде көз бен құлақ  орнына иіс сезу,  сипап сезу қызмет атқарады.



Кері байланыс, диалог әдісі әр топ бір-біріне сұрақ қойғызу. ..

Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.Құлақ есту мүшесі

Адамға суық тигенде, тұмауратқанда, тамағы ауырғанда не аллергиясы ұстағанда, евстахиев түтігі бітеліп қалуы мүмкін. Осының салдарынан ортаңғы құлақта сұйықтық жиналуы ықтимал. Құлақтың бұлай қабынуын отит құлақ ауруы дейді. 

Отит ауруының негізгі белгілері:

1. Есту қабілеті төмендейді. Бұл дабыл жарғағы артындағы сұйықтықтың дыбыстың таралуына кедергі келтіруінен болады.

2. Жатқан кезде құлақтың ауырсынуы күшейеді. 




Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді



Білемін

Білдім

Білгім келеді

Сезім мүшелері және көздің құрылысы мен қызметінің маңызы

Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі

Тері, иіс сезу, дәм сезу мүшелері.


Үйге тапсырма:

§19. Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі. № 6 зертханалық жұмысты анықтау. 50-суретті салу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2024
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі