400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Этика заңдылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөледі. Тақтадан бос ұяшықтарды көрсетеді. Барлығ сыныпқа бір сұрақ қойылады. Әр топ кезек-кезек бір әріптен айтып отырады («Поле чудес» ойыны сияқты). Сұрақ: Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға осы нормалармен жетекшілік жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Этика заңдылықтары

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың оқу мақсаттары

10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Сабақтың мақсаттары

Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;

Тыңдалым мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.

Тілдің мақсаттар

Энциклопедия, ғылыми-көпшілік әдебиет, БАҚ, Айтқандай, көрсеткендей, айтуынша, деп айтқандай, оның пікірінше және т.б.

Құндылықтар

Ашықтық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Алдыңғы сабақта


Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

10 минут


Қызығушылық ояту

Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөледі. Тақтадан бос ұяшықтарды көрсетеді. Барлығ сыныпқа бір сұрақ қойылады. Әр топ кезек-кезек бір әріптен айтып отырады («Поле чудес» ойыны сияқты).

Сұрақ:

Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға осы нормалармен жетекшілік жасайды.

Егер оқушылар қиналып жатса:

Зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі.

Бұл сөзі көбінесе мәдениетпен байланыстырамыз.

Оқушылар сөзді тапқан соң, сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады. Мұғалім оқушыларға бағалау критерийлеріне қатысты сұрақтар қояды:

  1. Осы мақсаттарға жету үшін сабақта қандай тапсырмалар орындаймыз деп ойлайсыңдар?

  2. Бүгінгі сабақтың бағалау критерийлері қандай болмақ?

Презентация


10 минут













10 минут





































































5 минут

Тыңдалымалды тапсырма

Мұғалім оқушыларға интербелсенді тақтадан (немесе қағазға шығарып) бірнеше суретті көрсетеді. Оқушылар сол суреттердегі әрекет этикаға жататынын, не жатпайтынын айтады, өз ойларын дәлелдейді.

Тапсырма дескрипторлары:

  • Әрекеттің этикаға жататынын/жатпайтынын айтады;

  • Өз ойын 2 сөйлеммен дәлелдейді.

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға «Этика заңдылықтары» тақырыбында бейнеролик көрсетеді.

Оқушылар 5 адамнан құралған топтарға бірігеді. Нақтылаушы, түсініктеме беруші, шығармашылық, бағалаушы және тәжірибелік сұрақтар құрастырады. Сұрақтар мәтінде көтерілген мәселені анықтау үшін және автор мен оқырманның мәселеге қатысты көзқарасын анықтау мақсатында құрастырылады. Әр оқушы өзіне тиесілі сұрақ құрастырады. Кейін ортақ параққа жазылады.

• Нақтылаушы сұрақтар. Мәтін мазмұнын түсіну деңгейіндегі сұрақ. Бұл «иә» немесе «жоқ» жауаптарын қажет ететін, мәтін мазмұны бойынша оқушының түсіну деңгейін тексеру сұрақтары.

…екені рас па? Егер мен дұрыс түсінсем, ...сияқты формада берілуі мүмкін.

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушы өз жауабын дәлелді түрде жеткізуі қажет.

• Түсініктеме беруші сұрақтар. Мәтін мазмұнына анализ жүргізу мақсатында қойылатын сұрақтар. Әдетте «Неге?», «Неліктен?» деп басталады. Сұрақтар себеп-салдарлық мәнді анықтау мақсатында қойылады. Ескерерлік жайт, бұл сұрақтардың жауаптары мәтінде нақты көрсетілмеуі керек, оқушының сыни ойлауына бағыттаңыз.

• Шығармашылық сұрақтар. Мәтінге синтез жүргізуге көмектесетін сұрақтар. Әдетте келер шақты меңзеп қойылады, болжамды қамтиды. Мысалы, Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік органы ретінде қабылдау қалыптасса, проблемалық мәселелер шешімін табар ма еді?

• Бағалаушы сұрақтар. Іс-әрекетті, оқиғаны, деректі бағалауға бағытталған сұрақтар.

… деген қарым-қатынасыңыз қандай? … іс-әрекеті дұрыс па? сияқты формада берілуі мүмкін.

• Тәжірибелік сұрақтар. Теория мен тәжірибе арасындағы байланысты анықтауға бағытталған сұрақтар. Мысалы, Басты кейіпкердің орнында мен не істер едім? Егер мен журналист болсам, қоғамдағы қандай өзекті мәселелерді көтерер едім?

Оқушылар құрастырған сұрақтарын сағат тілі бойынша келесі топқа ұсынады.

Топқа арналған тапсырманың дескрипторлары:

  • Мәтін мазмұны бойынша 1 нақтылаушы сұрақ құрастырады;

  • Мәтін мазмұны бойынша 1 түсініктеме беруші сұрақ құрастырады;

  • Мәтін мазмұны бойынша 1 шығармашылық сұрақ құрастырады;

  • Мәтін мазмұны бойынша 1 бағалаушы сұрақ құрастырады;

  • Мәтін мазмұны бойынша 1 тәжірибелік сұрақ құрастырады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар өзге топтың құрастырған сұрақтарын талдайды. Сұрақтың дескрипторға сай құрастырылуын бағалайды.



Презентация














5 минут


Рефлексия

«Үш ССС»

Оқушылар сабақта сәтті шыққан үш әрекетін айтып, келесі сабақта жұмысты жақсарту үшін жасалатын бір әрекетті көрсетеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1192
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі