Күні:
25. 02.
2016 жыл
Пәні:
қазақ
тілі
Сыныбы:
2
Тақырыбы: Етістік
Мақсаты:
1.Білімділік:
Оқушыларға етістік туралы
мағлұмат беру, білімдерін пысықтау;
2.Дамытушылық:
Ой- өрістерін, шығармашылық
қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру.
3.Тәрбиелік:
Жылдамдыққа, адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, сауатты жазуға
тәрбиелеу;
Сабақтың
типі: жаңа
сабақ
Сабақтың
түрі: жарыс
сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, жинақтау,
сұрақ-жауап, жаттығулар орындау
Көрнекілігі:оқулық, тақырыпқа сай
суреттер, слайд.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
* Оқушылармен амандасу,
түгендеу.
*
Психологиялық дайындық.
Сыныпта
біздің тыныштық,
Естілмейді
дыбыс түк.
Мұны бізде
қоштаймыз,
Кешіккенді
тоспаймыз.
Күнделікті
қызықты,
Сабағымызды бастаймыз.
Сабақтың ұраны:
Мақсатымыз
білім алу,
Міндетіміз
еңбектену.
Білімді боп топты
жару,
Білікті боп өмірге
ену.
Сабақ
кезеңдері:
1-кезең. « Қайталау –білім
анасы » үй тапсырмасын тексеру.
2-кезең. « Жаңа сабақтың
құпиясы» жаңа сабақты түсіндіру.
3-кезең. « Талдау – табыс
кілті» жаттығу жұмысын орындату.
4-кезең. «Ой қорыту » сабақты
қорытындылау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі:
«Қайталау – білім анасы» үй
тапсырмасын тексеру
353-жаттығу «Менің оқу
құралдарым» тақырыбында құрастырған әңгімелерін 3-4 оқушыға
оқыту.
Сынып 3 топқа
бөлінеді:
1-топ: «Дарын»
ұраны: « Білім - өшпес жүректе жанған
шырақ».
2-топ: «Білім »
ұраны: «Білімді мыңды жығады, білекті
бірді жығады».
3-топ: «Ғылым»
ұраны: «Ғылым таппай мақтанба, орын
таппай баптанба».
(Әр топта
басшысы, бағалаушысы болады.)
ІІІ.Жаңа сабақ. «Жаңа
сабақтың құпиясы».
Жаңа сабақты бастамас бұрын,
балалар, «Сыр сандық» ойынын ойнайық.Сандық қазақтың ертеден келе
жатқан бұйымы.
Кел, балалар, ойнайық
!
Ойнайық та
ойлайық.
Қандай
құпия болса да
Шешпей оны
қоймайық ! – деп «Сыр сандықтың» құпиясын шешейік.
Сөзжұмбақ
шешу.
1.Иесі
оның - сәби, әрі төсек, әрі үй. (бесік)
2.Ойдың
аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң
сөйлем бітпейді (үтір)
3.Зат
есімнің сұрағы (Кім ?)
4.
Білімнің дәнін тереді, балаға тәлім береді.
(ұстаз)
5. Бұрап
қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай.
(әтеш)
6. Оқушыға
күнде еріп, жүретін не ? (күнделік)
7.Таппайтын тағат, тығулы сағат (жүрек)
- ортадағы торкөзде қандай
сөз шықты?
-
«Етістік».
- Бүгінгі сабақта етістікпен
танысамыз.
-
Сабақты әр топ басшысы
түсіндіреді.
-
Сынып оқушылары түсінгендерін
айтады.
-
Сурет бойынша білімдерін
тексеру.(сөйлем құрату)
-
Ереже құрастыру: Заттардың
қимылын іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар
қойылады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
«Талдау – табыс кілті».
-
Ендеше балалар, оқулықты ашып,
дәптерге бүгінгі күнді жазып, жаттығу жұмысын
орындайық.
-
Әр топтағы
оқушылар орындайды.
355-жаттығу
Жұмбақтарды оқы, шешуін
тап. Етістіктерді теріп жаз. Оларға сұрақ
қой.
-
Жазда қыдырады, қыста
тынығады. (cу).
-
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын
шашады. (күн).
Етістіктер -
қыдырады,
тынығады.
356-жаттығу. Көп нүктенің
орнына тиісті сөздерді қойып, жаз.
Тоғайда түрлі
аңдар болады. Терең шатқалға
қояндар жасырынады.
Қызыл түлкілер
тоғайда жүреді.
Тиіндер
ағаштан-ағашқа секіреді.
Сергіту сәті: «Көңілді
күн» әніне
357-жаттығу. Берілген
етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер
құрастыр.
(әр топқа екі сөзден
беріледі).
1-топ:
қонды, ұшты.
2-топ:
жауды, секірді.
3-топ:
тасыды жүзді.
Ойын: «Кім
жылдам ?» Дұрысын тап.
Бие
мөңірейді Бие кісінейді.
Түйе
мияулайды Түйе боздайды
Қой үреді
Қой маңырайды
Сиыр
қыт-қыттайды Сиыр мөңірейді
Ешкі
кісінейді. Ешкі бақырады.
Ит
бақырады. Ит үреді.
Тауық
маңырайды. Тауық қыт-қыттайды.
Мысық
боздайды. Мысық мияулайды.
ІҮ.Сабақты бекіту. « Ой қорыту»
-
Әр топқа
тапсырма
беріледі.
-
1-топ:
Қима сөздерден сөйлемдер құрастыру.
-
2-топ:
Қима суретті құрастырып, сөйлем құрастыру.
-
3-топ:
Мақал – мәтел құрастыру.
-
Құрастырған сөйлемдерден етістікті
табу.
Ү.Үйге
тапсырма:
359-жаттығу. «Білім керек
бәріне » тақырыбына әңгіме
құрастыру.
ҮІ.
Бағалау: