Н.Мейірманов
атындағы жалпы білім беретін орта
мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Етістік
Қазақ
тілі
2-сынып
Өткізген:
Саматқызы Құралай
Сабақтың
тақырыбы: Етістік.
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға етістік туралы түсінік беру.
Етістікті сөйлем ішінен
таба
білуге үйрету;
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін
арттыру. Сөздік қорларын байыту.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып, табиғат сұлулығын сезіндіріп,
табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: Сұрақ - жауап, топтық, жеке, өз
бетімен жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек
сызбалар, суреттер.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Психологиялық
дайындық
Оқушыларды
топқа бөлу
-Топ
ережесін құру
Үй
тапсырмасын тексеру.
353
–жаттығу. «Менің оқу құралдарым»
тақырыбына сөйлем құра.
-
Зат есімнің жекеше көпше түрі дегеніміз
не?
Ой
шақыру
Ерте
,ерте , ертеде морфология патшалығында
сөз таптарына иелік жасаған «Сөйлем»
деген хан болыпты , бұл хан барлық
мал-дүниесін жинап , ұлдарын жинап ,
тоғызға бөліп , ұлдарына еншілес бермек
болыпты .Қартайған хан үлкен ұлдарын
алдына шақырып әр біріне өзіне тиісті
еншілесін бермекші болыпты :
• Әй
, ұлдарым , бері келіңдер , мен қартайдым
, енді сендерге еншілестеріңді бөліп
берейін ,-депті .
• Мен,
әке үлкен ұлыңыз , барлық заттың атауы
менімен аталады сондықтан маған зат
есімді берсеңіз .
• Мен,
әке үлкен , күшті ,көркем , дәмді , жақсы
нәрселерді ұнатамын , сондықтан маған
сын есімді берсеңіз , өте жақсы болар
еді .
• Бір
,екі, үш , төрт , бес . Әке , мен санағанды
өте жақсы көремін , сондықтан маған
мыңдаған , шексіз сан есімдерді берсеңіз
жақсы болар еді.
• Әй,
етістік қайда жүр өзі ? Ол неге келмеді,
шақырыңдар! – деді хан
• Ой,
әке , ол ылғи іс-әрекетпен айналысып
жүреді , қазірде бір нәрсемен шұғылданып
жатқан шығар ,-депті ұлдары.
• Әй
, етістік ,кел мұнда , сені әкем шағырып
жатыр
Қолында
домбырасымен етістік кіріп келеді :
• Ассалаумағалайкум
, хан әке маған қандай жұмысыңыз бар ?
Әке
, маған еншілес бермесеңізде болады ,
мен сіздің қызметіңізде боламын .
Хан
әкесі ұлдарына сұрағандарын беріп ,
содан бастап етістікті өз қолында алып
қалыпты ,сөйлем етістіксіз аяқталмас
та, баяндалмас та екен деп жауап берген
екен .Ертегі мазмұны сендерге ұнады
ма? Ендеше сабақ мазмұны Етістік
деп аталады.
Сен білесің бе?
Етістік
– іс-әрекет , қимылды білдіріп, не
қылды ?, не істеді?,қайтті?
деген сұрақтарға жауап беретін сөз
табы.
Етістік
құрамына қарай екі түрге бөлінеді :
1. Дара
етістік – тек қана бір сөзден жасалады
Мысалы
: Барды , алды , жазды т.б
2. Күрделі
етістік – бірнеше сөзден жасалып , бір
сұраққа жауап береді
Мысалы
: Алып барды , жұлып алды , жазып тастады
т.б
Мағынаны
таны
354-жаттығу
Оқулықтағы
суретке назар аударайық . Ол сөздер
қандай сұраққа жауап береді?
Оқулықпен
жұмыс 356-жаттығу
Тоғайда
түрлі аңдар........ Терең шатқалға
қояндар......... Қызыл түлкілер тоғайда
..........
Тиіндер
ағаштан-ағашқа............
Керекті
сөздер: жүреді, жасырынады, болады,
секіреді
Сергіту
сәті
Шығармашылық
тапсырма 357-жаттығу
Қонды,
жауды, тасыды, жүзді
Берілген
етістіктерді қатыстырып сөйлем
құра
Ұйқасын
тап
Тастан
тасқа секіріп,
жем
тереді...................
Айбат
шегер алыстан
Аң
патшасы..............
Сөз
ойла, тез ойла
Берілген
сөздерге сөйлемдер құрап, сұрақтар
қою:
І
топ
...
… тоқыды.
…
… кісінеді.
…
… күркіреді.
ІІ
топ
…
… құйды.
…
… серуендеді.
…
… оқыды.
ІІІ
топ
…
… жазды.
…
… тыраулады.
…
… тазалады.
Оқушылар
құраған сөйлемдерін оқиды.
Сабақты
қорытындылау: Сұрақ - жауап, топтастыру
арқылы қорыту.
-
Ал балалар етістік туралы не айтуға
болады?
-
Не түсіндіңдер?
Үйге
тапсырма: Ереже жаттау
358-жаттығу
Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан барлық
оқушыларды мақтап, мадақтау