400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Етістік 2 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ:

Етістік

МЕКТЕП: «Көкпекті орта мектебі КММ»


КҮНІ: 05.04.19ж.

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Дюсешова Ж.Т.


СЫНЫП: 2 «Б»

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ___

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:___


ОҚУ МАҚСАТЫ:


2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.3.1.1 мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:


Барлық оқушылар білуге тиісті: берілген сөйлемдерді қатесіз көшіре алады.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиісті: сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба бойынша көрсете алады.

Кейбір оқушылар білуге тиісті: сызба бойынша сөйлемдер құрастыра алады.

Ресурстар:


Оқулық, сергіту сәті, суреттер

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Сабақтың басы

5 минут

2 минут


3 минут





Сабақтың ортасы

30 минут

10 минут














Жоспарланған іс – әрекет


Амандасу – түгендеу

Психологиялық дайындық

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


1.Суретпен жұмыс

-Балалар не істеді? Балалардың қимыл атауларын білдіретін сөздерді ата.

-Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?

-Өзіңе ұнаған суретпен сөйлем құрап жаз. Қимылды білдіретін сөздің астын сыз.

Бағалау критериі: етістіктерді табады

Дескриптор:

-қиылды атайды

-сөйлем құрап жазады

-қатесіз жазады

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

2.Сергіту сәті


3.Қатесін түзеп, көшіріп жаз.

Бие мөңірейді.

Түйе мияулайды.

Қой үреді.

Сиыр қыт-қыттайды.

Ешкі кісінейді.

Ит бақырады.

Тауық маңырайды.

Мысық боздайды.

Бағалау критериі: етістіктерді табады.

Дескриптор:

-сөйлемдерді оқиды

-қатесін табады

-Әдемі, қатесіз жазады

Бағалау: шапалақ әдісі

4.Ереже

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады.

Қорытынды

Рефлексия

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Дереккөздер















Оқулық, 71 бет














Видео материал














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
918
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі