жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Етiстiк. 3 сынып.
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Сабақ тақырыбы: 85-сабақ
Сабақ мақсаттары
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.
Ресурстар: үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер, Құрманғазы Сағырбайұлы мәтіндер, оқулық, флипчарттар.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар:
Етістік туралы білімдеріне сүйенеді.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Мұғалім оқушыларды 4 топқа өз қалауы бойынша бөледі.
Ұйымдастыру кезеңінде Құрманғазы мен Динаның шығармашылығын салыстыру арқылы Венн диаграммасын құрастырады. Бұл тапсырма оқушылардың атақты композиторлар туралы білімдерін байқауға бағытталған.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Ұжымдық жұмыс кезінде Блумның сұрақ қою өлшемі» стратегиясы арқылы оқушылардың күй және күйшілер туралы жалпы білімдері өзектендіріледі.
Ықтимал жауаптар:
• Күй деген өнердің бір түрі.
• Күйде не әртүрлі оқиғалар сипатталады.
• Күйлер осы заманға дейін күйшілердің бір біріне айтып, ұрпақтан ұрпаққа берілуі арқылы сақталған.
• Күйді шығаратын кісілер күйшілер деп аталады.
• Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қорқыт деген күйшілерді білемін.
Өздік жұмыс оқушылардың негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау мазмұнын болжауға бағытталған. Оқулықтағы 7-жаттығу бойынша керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді. Етістіктерді тауы, оларды дара немесе күрделі екенін айтады.
Ықтимал жауаптар:
1. Динаның ұстазы Құрманғазы.
2. Құрманғазы күй атасы.
3. Домбырашы болу үшін домбыра тартып үйрену керек. Домбырашы болу үшін дыбысты сүйе білу керек.
4. Құрманғазының ақыл-кеңестері Динаның құлағынан кетпестей әсер етті.
Етістіктер: әсер етті, тартып үйрену керек – барлығы күрделі етістіктер.
Өздік жұмыс оқушылардың негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау мазмұнын болжауға бағытталған. Оқулықтағы 8-жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
Ықтимал жауаптар:
Күйші күй тартты. Жыршы жыр жырлады. Ақын өлең жазды. Дәрігер ауруларды емдеді. Мұғалім балаларды оқытты. Жылқышы жылқы бақты.
Сергіту сәті. Қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.
Жұптық жұмыс мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжауға бағытталған. Оқушылар оқулықтағы 10-жаттығуды орындайды. Суретке қарап, мәтіннің тақырыбын болжайды. Мәтінге ат қояды. Келесі беттегі жоспарды толықтырады. Жоспар бойынша мәтінді мазмұндайды. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың дара және күрделі түрін ажыратады.
Ықтимал жауаптар:
Сурет бойынша мәтіннің тақырыбы – күйшілер, күй тыңдау, күй тарту.
Мәтіннің аты – үкілі домбыра, Құрманғазы мен Дина, күйшілер, аманат.
Жоспар:
1. Дина мен Құрманғазының танысуы.
2. Үкілі домбыраны тапсыру.
3. Ант қабылдау.
Дара етістіктер: тапсырдым, жеткіз, деп, ұсынды, отырды.
Күрделі етістіктер: жан берген, ант етем, қолына ұстап, сүйіп-сүйіп алды.
Топтық жұмыс өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау мақсатында «Граффити» стратегиясы бойынша ұйымдастырылады. «Граффити» стратегиясында оқушылар өз ойларын жазба немесе графика түрінде еркін білдіре алады.
Әр топ оқыған мәтіндері бойынша флипчарттарға графика түрінде салып өз ойларын жазады. Жасалған жұмыстар сыныптың керегелеріне ілінеді. Содан соң басқа топтағы оқушылар флипчарттардың жанына барып жұмыстармен танысады.
Топтар жұмыстарын өзара бағалайды:
- салынған сурет оқыған мәтіннің мазмұның ашу керек;
- мәтінге қойылған ат мазмұнына сай болуы.
Мұғалім мәтіннің соңында берілген сөздік жұмысымен таныстырады.
Оқушыларға талқылауға сұрақтар қойылады:
- Құрманғазының қандай күйлері бар?
- Егер, Сіз күй шығарсаңыз мазмұны не туралы болар еді?
- Қазіргі кездегі күйшілерді ата.
Ықтимал жауаптар:
- Құрманғазының «Қайран шешем», «Балбырауын», «Кісен ашқан», «Лаушкен», «Қыз Данайдың қырғыны» деген күйлері бар.
- Мен достық туралы күй шығарар едім. Анам туралы күй шығарар едім.
- Қазіргі кездегі күйшілер Асылбек Еңсепов, Секен Тұрысбеков, Талап Қараш, Жексен Қазанбасов, Жанғали Жүзбаев, Рахым Тәжібаев, Мұрат Каримуллин, Салтанат Құдайбергенова, Айтжан Тоқтағанов, Айгүл Үлкенбаева және т.б.
Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)
Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.
Бағалау критерийлері |
Қолымнан келеді |
Көмек қажет етемін |
Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап бере аламын |
|
|
Жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай аламын. |
|
|
Сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды етістікті анықтай аламын. |
|
|
Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген