400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Етістіктің райлары туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көрегенқызы Ардақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Етістіктің райлары туралы түсінік.

Жалпы мақсаттар:

Етістіктің райлары ұғымымен таныстыру; Етістіктің райлар түрінің жасалу жолдарын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Етістіктің рай түрінің белгілерін біледі;

  • Етістіктің рай түрлеріне мысалдар келтіре алады.

  • Етістіктің рай түрін анықтайды.


Түйінді идеялар:

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы

Кіріспе бөлім

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

5 минут

Ұйымдастыру сәті:

  1. Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында» Менің тілегім...» атты сергіту сәтін ұйымдастырамын.

  2. Топқа бөлу(«Зат есім, етістік» ойыны)

Зат есім дегенде ерсілі –қарсылы жүреді, етістік сөздер бір-біріңе сөйле, бірігіп күл, қол ұстасып секір сөздерін айтқанда бірігіп орындаған оқушыларды біріктіремін. Бүгінгі сабақпен осы орындаған іс –қимылдарының байланысы бар ма, анқтатамын

Бір –біріне жақсы тілектер айта отырып, бір-біріне жақсы лебіздер білдіреді.





Оқушылар «Зат есім» дегенде ерсілі- қарсылы жүреді. Етістік сөздерін айтқанда бірігеді. Сол біріккен оқушыларды және жанындағы бірігіп тұрған оқушылардан топ жасақталады. Бүгінгі жаңа сабақты етістіктің жаңа тақырыбымен байланыстырады.


Негізгі бөлім

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

5 минут



























3 минут







4 минут





7-минут







5 минут











6 минут











7 минут


І. Үй тапсырмасын сұрау. «Оратылған жіп» ойыны арқылы өткен сабақ сұралады.Етістіктің шақтары дегеніміз не?

Осы шақ түрлері.

Мысал келтір

Өткен шақ түрлері

Жедел өткен шақтың жасалу жолы

Бұрынғы өткенр шақ жұрнақтары

Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолы

Келер шақ түрі

Болжалды келер шақтың жасалуы

Мақсатты келер шақтың жіктелуі

Ауыспалы келер шақтың өзіндік ерекшелігі

Біл және үйрен!

Жаңа тақырып. Етістіктің райлары.

Етістіктің рай түрі дегеніміз не? Райдың түрлерін оқулықтан оқып таныс болады. Постер қорғайды.

ІІ «Галереяны шарлау» стратегиясын орындау



ІІ. Түсін де, қолдан! Оқулықпен жұмыс. 176- жаттығу.

177- жаттығу

  1. Шығармашылық жұмыс. Өздік жұмыс.Электронды оқулықтан «Екі дос» тақырыбында гипер мәтін тыңдалады. Мақсаты: жеке оқушымен жұмыс жасау. Әр оқушының шығармашылық деңгейін білу.

ІІІ. Ойнай отырып, ойлай отыр!

Логикалық тапсырмалар беріледі.

Жоқ сөзі қай шақтық етістікпен тіркесе алады? Мысал келтіріңдер.

Е етістігі тіркескен осы шақтық, келер шақтық және өткен шақтық етістік ойлап табыңдар.

Бірде етістік бірде зат есім болатын сөздер ойлап табыңдар. Мысалы:

Айтыс, бақ, ат, сана,нан, жаз.



«Ыстық орындық» стратегиясы

Оратылған жіптерді бір-біріне бере отырып сұрақтарға жауап береді.



























Оқушылар жеке оқулықтан рай түрімен таныс болады.

Постер қорғауға дайындалады.

Сызған постерлерін тұстарына іледі. Топ бойынша бір-біріне қыдырып барып, постерлерімен таныс болады.

Оқушылар жаттығуларды орындап, бірін-бірі тексереді. Бағалайды



Әр оқушы мәтінді тыңдай отырып түсінгендерін мазмұндап жазады, мәтін ішінде етістік шақтарының жұрнақтары қатыстырылады. Етістіктің рай түріне қатыстылығын дәлелдейді

І топ . «Бір-біріңе қамқор бола білу

ІІ топ Тазалық-денсаулық кепілі





Оқушылар жылдам жауап беріп, логикалық ойлауларын дамытады.







Әр топтан сабақты жақсы меңгерген оқушылар шығады, сыныптастарының бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтарына жауап береді.

Қорытынды бөлім

2 минут

Бүгінгі сабақтан не ұқтым?«Минуттық шешім» ойыны арқылы ойналады.

Оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты бір-бір сөйлемнен айтып, сабақты қорытады.

Кері байланыс

3 минут

«Гүлдер және жапырақтар» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтағы алған ақпараттары мен көңіл – күйін, ұсынысын білу үшін, төмендегідей кері байланысты ұсынамын

Кері байланыс.

Қызыл гүл Сабақ өте қызықты.

Сары гүлдер Егер ...... онда тіпті қызықты болар еді.

Жапырақтар

. Өйткені, менің күткенім ....................... болмады.

Оқушылар кері байланыстарын ауызша да, жазбаша түрде де ұсына алады.

Ұсыныс, тілектері жазылған спикерлерді үш қызықл гүл, сары гүл, жапыраққа салады.

Үй тапсырмасы

2 минут

Үйге тапсырма беру.

178 -жаттығу

Үй тапсырманы күнделігіне жазады.



лты қалпақ топтарға бөлініп беріледі.(топтық жұмыс) 
Ақ қалпақ –ОүБ және Оқуды бағалау жайлы алған мәліметтерін айтады.
 
Сары қалпақ – ОүБ және Оқуды бағалаудың тиімді жақтарын айтады.
 
Қара қалпақ - сары қалпаққа кері пікір айтады,яғни тиімсіз тұстарын сөз етеді.
 
Қызыл қалпақ - ОүБ және Оқуды бағалаудың түрлерін атап, олардың қолданылу әдісін түсіндіреді.
 
Жасыл қалпақ – сын тұрғысынан ойлап, сыни тұжырым жасайды
 
Көк қалпақ- барлық пікірлерден ортақ қорытынды шығарады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі