400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Етістіктің райларын қайталау 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен бұл материалды ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде жариялап отырмын. Жас мамандар осы сабақтан өзіне керек көмегін ала алады деп ойлаймын. менің ойымша, әр мұғалім ашық сабақ жүргізгенде немесе сабақ жоспарын жасаған кезде басқа тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарын қарап, одан өзіне әдістемелік көмек алады. менің осы сабағым мұғалімдергі өз көмегін тигізеді деп айта аламын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ай-күні:

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау.

Сабақтың мақстаы:

--- оқушылардың етістіктің рай категориясынан алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру;

--- ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

--- орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, аналарды қадірлеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, семантикалық карталар, схемалар, топ аттары, мақалдар жазылған таблицалар, перфокарталар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

--- оқушылармен сәлемдесту, түгендеу;

--- оларды жаңа сабаққа әзірлеу;

II. Өткенді қайталау:

-- Балалар, біз сендермен етістіктің райларын қайталаймыз. Сендердің етістік райларынан алған білімдеріңді тексеремін. Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар. Сабақты бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.

1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

2. жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Бірінші мақал Отан туралы, екіншісі тұлпар туралы екен. Ендеше топтың аттары – «Отан» және «Тұлпар».

Сайысымызды бастаймыз.

ІІІ. Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы. Бұл кезеңде мен сендердің теориялық білімдеріңді тексеремін.

  1. Етістіктің райлары деген не?

  2. Етістіктің райлары мен шақтарының арсында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?

  3. Етістік райларының қандай түрлері бар?

  4. Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?

  5. Бұйрық рай деген не, қалай жасалады?

  6. Шартты рай, және оның жасалуы.

  7. Қалау рай деген не?

  8. Қалау райдың жасалу жолдары туралы.

ІY. Оқулықпен жұмыс. (тақтада және дәптерде орындау)

Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезекпен шығарып, етістіктердің шағын анықтату.

Болатын – ашық рай, ауыспалы өткен шақ.

Көрінеді – ашық рай, ауыспалы осы шақ..

Y. Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».

Фариза Оңғарсынованың ана тақырыбындағы өлеңін (179-жаттығу) оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Өлең кім туралы? Авторы кім?

Ақынның басқа қандай өлеңдерін білесіңдер?

Өлеңнен бұйрық рай, қалау рай, ашық райда тұрған етістіктерді табыңдар.

Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын талдаңыздар.

Бұйрық рай: Тыңда.

Қалау рай: салғың келеді, айтқың келеді.

Ашық рай: еккен, түлеткекн, күл еткен, тұрған, сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).

YI. Салыстыру. «Венн диаграммасы»

Қалау рай мен ашық райды салыстыру

-ғы, -гі, -қы, -кі+кел үш жақтың бірінде

-са, -се-игі еді етістіктің райлары қолданылады, сөйлеуші-

-ғай, -гей, -қай, -кей нің шындыққа қатысын

білдіреді.

Бұйрық рай мен шартты райды салыстыру

Іс-әрекеттің орындалуын қимылдың іс-әрекеттің

талап ету мағынасын етістіктің райлары болу-болмау мүмкінді-

білдіреді, көбінесе ІІ жақ гінің шартын білдіреді,

-са, -се жұрнақтары

арқылы жасалады.

YII. Әр райға қатысты мақал-мәтел, нақыл сөздер жарысы.

Адамды түсіне қарап таныма, ісіне қарап таны.

Не ексең, соны орасың.

Мезгілі жетсе, мұз ерір.

Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисе игі еді.

Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисе, игі еді.

YIII. Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей. Ойлан,тап. «Сәйкестік тесті»

Ойнады тұйық етістік

Бара жатыр есімше

Сұраған өткен шақ

Кесіп осы шақ

Байлау көсемше

Қатыспақ келер шақ

2-деңгей. «Кім жылдам?» Семантикалық карталарды толтыру.


Етістік

Ашық рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Оқы





Жаз





Тыңда





Бар





Секір





Күре





Тоқта





Сұра





айт






3-деңгей. Шығармашылық жұмыс.

а) Сөйлем мүшесіне талдау.т

Шәкәрім Стамбулда болған еді. Үйдің төңірегі қобырап жатыр. Жақсы жаныңа жолдас болар. Екеуінің әңгімесі аяқталмай қалды.

ә) Мақалдағы етістік райларын анықта.

1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

2. Мың жүйрік арасында бір тұлпар шығады алға.

Түс – бұйрық рай, ІІ жақ, жекеше, қалыпты.

Шығады – ашық рай, ауыспалы осы шақ, ІІІ жақ.

4-деңгей. «Тез тап». а) Сөзжұмбақ шешу.






Е

М

Е

Н


А

Т

А



Б

І

Л

Е

З

І

К











С

Ә

У

К

Е

Л

Е

Т

А

Р

И

Х


І

Л

И

Я

С

К

І

Л

Т




  1. Ағаш түрі

  2. Әкеңгің әкесі.

  3. Ұлттық әшекей бұйым.

  4. Қалыңдықтың бас киімі.

  5. Пәнің аты.

  6. Көрнекті ақын.

  7. Құлыпты ашатын құрал.

ә) Семантикалық картаны толтыру. Өздік жұмыс.


Мысалдар

Нақ

осы

шақ

Ауысп

осы

шақ

Болжалд

келер

шақ

Мақсат

келер

шақ

Ауысп

келер

шақ

Бұрынғ

өткен

шақ

Жедел

өткен

шақ

Ауысп

өткен

шақ

1

Мен

барғанмын











IX. Сабақты бекіту. «Топтастыру»

-- Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістіктің райларының неше түрі бар?

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5










X.. Оқушылардың білімдерін бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма беру:

180-жаттығу. «Бақыт» тақырыбына ойтолғау жазып келу.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі