400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

етістіктің шақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне және де іс-тәжірибеден өтушілерге қазақ тілі сабағын өткізуде керек болады. Сабақ жоспары 4 сыныпқа арналып жасалған. Сабақ жоспары кесте бойынша, жаңашыл технологиялармен қамтылған. Балаларға қызықты болу үшін тапсырмалар, ой-толғанысқа арналған тапсырмалар қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Сынып мұғалімі

Пән: Қазақ тілі

Күні: 29.01.19

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы

Осы шақ

Сабақтың мақсаты

1.Іс-әрекеттің орындалатын, орындалуға тиістілігі, орындалғанына қарай үш шаққа бөлінетіндігін ұғындыру.

2. Шақтық мағына белгілі бір мезгілде дара етістікпен де, күрделі етістікпен де берілетіндігін түсіндіру. Бұл арқылы олардың өзіндік белгілерін меңгерту мақсатында дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Құрал-жабдықтар

Кесте, бағалау парағы, маркерлер;

Күтілетін нәтиже

Етістіктің шақтарын біледі ; оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-бірімен пікір алмасады.

Психологиялық ахуал

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтарыңмен тарсылдатасыңдар)-

Мейірімді болуға …. (болады),

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),

Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),

Арам болуға …. (болмайды),

Маманболуға …. (болады),

Жаман болуға …. (болмайды).

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады

Үй тапсырмасын тексеру

Ережені тексеру- Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? Не істеп отырмыз? Не істеп отыр? деген сұрақтарға жауап береді

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу

1)Оттанда ыстық, ол не?

2)Үш тілі бар, тықылдаған үні бар

3)Ас бөлмеде тұратын зат

4)Қыздың көркі

5)Жемісті ата

6)Жыл мезгілін ата

Сөзжұмбақ шешу «Осы шақ» деген сөз шығады.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін етістікті тап.

2-жаттығу. Етістіктерді жекеше, көпше түрде ауызша жіктеу.

3-жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктің қай жақта, қай шақта тұрғанын жаз.

Жұмбақ

Ине бел, қылқа мойын қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр.

(құмырсқа)

4-жаттығу. Берілген етістіктерді осы шаққа айналдырып, оларды қатыстырып сөйлем құрасытырып жаз.Сыпыр, сүрт, жу.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

5-жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, осы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

... отыр, ... жүр, ... тұр.

Қорытынды бөлім

- Осы шақ дегеніміз не?
- Осы шақ іс-әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?

Балалар жауап береді

Үйге тапсырма

6-жаттығу. (33 бет)

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Кері байланыс

Бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек” арқылы оқушылар бірін-біріне бағалау жүргізеді.

Бір-бірлерін бағалайды.

Рефлексия

Балаларға дөңгелек қағаздар таратып, олар соны бағдаршам түстері арқылы бояп, түсінгендерін немесе сұрақтары барын білу.

Жасыл-бәрін түсіндім

Сары-сұрақтарым бар

Қызыл-түсінбедім

Әр бала жеке орындайды.

1.Етістіктің шақтары неше түрге бөлінеді?

А)3 В)2 С)4 Д)1

2.Іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін етістіктің қай шағы?

А)Өткен шақ В)Келер шақ С)Осы шақ Д)Дұрыс жауап жоқ

3.Сөйлемнің қай шақта тұрғанын тап: Диас кеше дүкеннен дәптер сатып алды.

А)Осы шақ В)Өткен шақ С)Келер шақ Д)Дұрыс жауап жоқ

4.Келер шақты анықта

А)Мен ауланы сыпырдым В)Айжан кітап оқып отыр С)Біз киноға барамыз Д)Оқушылар сабақ

айтып жатыр.

5.Мына сөйлемді осы шаққа қойып жаз: Мен Жанарға хат ......

А)Жаздым В)Жазып отырмын С)Жазамын Д)Жазғым келеді

1.Етістіктің шақтары неше түрге бөлінеді?

А)3 В)2 С)4 Д)1

2.Іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін етістіктің қай шағы?

А)Өткен шақ В)Келер шақ С)Осы шақ Д)Дұрыс жауап жоқ

3.Сөйлемнің қай шақта тұрғанын тап: Диас кеше дүкеннен дәптер сатып алды.

А)Осы шақ В)Өткен шақ С)Келер шақ Д)Дұрыс жауап жоқ

4.Келер шақты анықта

А)Мен ауланы сыпырдым В)Айжан кітап оқып отыр С)Біз киноға барамыз Д)Оқушылар сабақ айтып жатыр.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
435
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі