400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Етістіктің зат есіммен байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен әр кезеңіне сәйкес ұтымды құрастырылған сабақ. Топқа бірігі, жеке жұмыс, тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс, барлығы жақсы ойластырылған. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында бір-бірлерімен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салады. Топ басшы тарпынан уәжі төмен оқушыларға да көп көңіл бөлінеді.сабақ соңында мақсатқа жеткенімізді білу мақсатында кім жылдам ойыны ойнатылады.Қосымша сұрақтар қойылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бастауыш сынып мұғалімі

Мукашева диана Нурдаулетовна

Қапал ауылы

Ғали орманов атындағы орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байланысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға етістіктің зат есіммен байланысын түсіндіре

отырып, зат есім мен етістікке сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту арқылы топтық жұмысқа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, татулыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, талдау

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, ребус, бағдаршам

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Айна» ойынын ойнату арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.

Топқа бөлу

Бір көзім "кідір: дейді,
Бір көзім "жүгір” дейді.
Бір көзім "абайла” дейді
"Қарап ал маңайға” дейді. (Бағдаршам) Ендеше , осы бағдаршам көздері арқылы топқа бөлініп алайық. Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын

беру.

ІІ. Өткенді еске түсіру. «Кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақ- жауап алу.

-Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есім мағынасына қарай қаншаға бөлінеді?

-Зат есім түріне қарай нешеге бөлінеді?

-Етістік дегеніміз не?

-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Көркем жазу. Жж

Терме диктант: Күн, отыз, секірді, үстел, елу, екі, отырды, төрт, келді, гүл.

«Тез ойла, сөз ойла» ойыны

Зат есім Етістік

Не?

Қой қоздайды.

Жылқы құлындайды.

Ешкі лақтайды.

Түйе боталайды.

Сиыр бұзаулайды.

Кім?

Дәрігер емдейді.

Мұғалім оқытады.

Ұшқыш ұшады.

Тігінші тігеді.

Оқушы жазады.

ІV. Оқулықпен жұмыс:

370- жаттығу. Мәтінді оқып, етістіктерді табу. (Ауызша)

Тақтамен жұмыс. 371- жаттығу. Сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

V. Сергіту сәті: Би билейді.

VІ. Ребус шешу арқылы дәптермен жұмыс. 372- жаттығу. Тіршілік көзі

Қай сөз артық? Постермен жұмыс.

1.Аспан, кекілік, жасыл, дос, астық

2. Әдемі, ізетті, қызыл, ұя, дәмді

3. Жеті, сегіз, он, сүргіледі, отыз

VІІ. Сабақты бекіту: Тест

1. Етістік дегеніміз не?

а) заттың атын білдіреді ә) заттың санын білдіреді б) қимыл іс-әрекетті білдіреді

2. Етістіктің сұрақтарын тап.

а) не істеді? не қылды? қайтті? ә) кім? не? б) қандай? қай?

3. Әсет доп ойнады. Осы сөйлемнен етістікті тап.

а) доп ә) ойнады б) Әсет

VІІІ. Сабақты қорытындылау:

1. Етістікті тап?

Қызыл, алды, кітап, жүгірді, биік, ұшты.

2. Не істеді? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

Айжан кітап оқыды. Ұшақ аспанға көтерілді.

Алыстан шаң көрінді.

3. Көп нүктенің орнына етістіктерді қой

Көктем . . . . Жер . . . .

Жаңбыр . . . . Құстар . . . .

ІХ. Бағалау парағы Үйге тапсырма. 135 бет 374-жаттығу.

Х. Рефлексия. Басбармақ көрсету.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі