жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Этно-дизайн. Терімен жұмыс
Авторы: Шерикбай Бахберди
Ғылыми жетекшісі: Сейсенбаева Шырын Габдыкаримовна
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
Ғылыми жұмыстың мақсаты:Қазақтың ұлттық қолөнерін дәріптеу. Теріден жасалған бұйымды ұлттық нақышта, заманауи стильде орындау.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
Терінің жасалу жолдары мен шығу тарихы
Қазіргі қазақ халқының техникалық әдіспен теріні өңдеу тәсілін меңгеру
Ғылыми жұмыстың өзектілігі.
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі.
«Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын» (О. Сүлейменов) аса құнды тарихи құндылықтардың бірі, қилы-қилы замандар өтсе де өшпей, өлмей, бүгінгі күнге жеткен, бүкіл түркі әлемінің рухын көтеріп, ұлылығын танытып отырған көне тасқа жазылған жазулардан бізге жеткен қолөнер бұйымдары жетерлік. Жазба мәдениетіміздің куәсі болған қолөнер бұйымдары ата-бабаларымыздың қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қол жеткізу арман болған осынау көненің көздерін тану, білу, бағалау жас ұрпақ санасына сіңіру жұмысымның мақсатын айқындайды.
Әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген көне бұйымдардың ерекшеліктерін білу, зерттеу-өскелең ұрпақтың – біздің басты мұратымыз, жазып қалдырар тарихымыз болмақ деп білемін. Жазба мәдениетіміздің бастауы болған өзімізді қызықтырған көне теріден жасалған бұйымдардың сырына терең үңіле отырып, бұл тақырып төңірегіндегі зерттеу жұмыстарына өз үлесімді қосуды мақсат еттім. Сондықтан да өз зерттеулеріміздің өзектілігі мен қажеттілігін ескере отырып, оның бүгінгі заманда өзекті тақырып болатынына сенім білдіремін. Осыған байланысты көне тері бұйымдардың мәтінімен толық таныса отырып, ондағы сөздердің байланысу түрлеріне талдау жасап, зерттемекпін.
1.Тері технологиясы.Теріні құрымға салу, ысқа ұстау .Торсық (саба, көнек…)жасау.Тері илеу.Тері бояу.Былғары өңдеу: көксауыр, былғары.Саптама.Шоңқайма.Көк етік. Кебіс. Мәсі. Тарамыс.
Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.
Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін – жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.
Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2—3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.
Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. Тігіліп дайын болған торсықты (сабаны, көнекті) өзен судың жағасына апарып, ішіне ыстық құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4—5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші тысын тұздалған сармаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға әзір тұрады. ЬІстық орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені 40—45 см, тереңдігі 35—40 см, ұзындығы 10—15 м жыра қазылады. Мұның жар не апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның өн бойының екі жақ қабырғасына кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалытқыларда бөгеледі де, шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып қояды.
Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т. б. шөптерді қоса жағады. ЬІсты әдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін. Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5—6 айға дейін жібімейді де, дымдаңбайды да, көгермейді де, өңезденбейді де. Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет.
Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды.
Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды). Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6—9 күн, ірі қара терілері 15—20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы.
Иленіп, кептірілген теріні қырады.Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязы шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған не ұн, не ұнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады.
Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған и. Қоян, түлкі, бұлғын, қарсақ, тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1—2-ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны «сабаулау» деп атайды. Мысалы, жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7—8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.
Табиғатга
кездесетін әрбір шикізаттың өзіндік
ерекшелігі, өзіне тән физикалық,
механикалық қасиеттері болады. Мысалы,
тасқа тән қасиет өте қатты, ағаш — берік,
майысқақ, жүн — жұмсақ, жылы, тері мен
былғары — созылғыш, жүмсақ әрі жылы.
Міне, әр заттың әрқайсысының осындай
ерекше қасиеттерін анық білу бұл
шикізаттардан тұрмысқа қажетті бүйымдар
жасауды меңгеруге жөрдемдеседі.
Былғары
дайындалатын бірден-бір шикізат — тері.
Теріден был- ғары дайындау өте күрделі,
әр адамның қолынан келе бермейтін іс.
Теріден былғары жасаудың әр халыққа
тән өңдеу, сүрыптау әдістері бар. Қазақ
халқы да тері өңдеудің бірнеше түрлерін
игерген. Жа- нуарлар мен андардың
түрлеріне, тегіне, шикізаттың илену
негізіне байланысты былғарыдардың
түрлері мен атаулары бірнеше топқа
бөлінеді.
Біз ертеден қалыптасып, ел арасына кеңінен тараған, сон- дай-ақ қоғамдық өндіріс орындары арқылы өңделіп алынған былғарылардың атгарына қысқаша тоқталайық. “Хром” — мал терілерін хроммен өңдеуден шыққан атау. Ертеде қой, ешкі, бұзау терілерін хроммен өңдеу әдістерін хром қанықпасы деп атаған. Хромммен олардан басқа жылқы, құлын, өгіз терілерін, күдеріні өңдеген. Осы хромнан басқа өндірістік негізде кеңінен алынып, қолданылып жүрген мынандай былғары түрлері бар: шегірен, сақтиян, күдері, шылғи, тері. Бұл терілердің сапасы жоғары, төзімді болады.
Шегірен
— (түркінің “шегр” деген сөзінен)
малдың жон терісі, жұмсақ, май сіқдіріліп,
әр түсті бояулармен өңделген былғары.
Қой, ешкі, тай-жабағы терілерінен
өндіріледі. Ол сыртқы киім, аяқкиім,
кебіс, мәсі тігуге қолайлы.
Сақтиян
— (парсының “сақтян” деген сөзінен)
жұқа, жүмсақ, созылмалы, май мен
өсімдіктердің нәрлерін сіңдіріп, бояу
арқылы өңделген өте жақсы былғары.
Негізінен ешкі, қой, бұзау, құлын, елік
терілерінен алынады. Жеңіл аяқкиім,
сөмке, қоржын т. б. бүйымдар тігу үшін
пайдаланылады.
Күдері
— бұғы, ешкі, елік терілерінен май
сіңдіре өңделген былғары қанықпасы.
Күдерінің сәндік үшін сыртқы жүн жағын
емес, оның астыңғы жүмсақ барқыт тәріздес
түкті жағын пайда- ланады. Онан сәнді
әсем киімдер, аяқкиімдер, қолғап, сөмке
тігіледі. Түгі қоюланып шығу үшін, оны
пайдаланар алдында түкті жағы- нан
ысқылап уқалаған жөн. Күдерінің бұдан
басқа өндірісте өндірілетін түрлері
көп. Кейде фабрикада ірі қараның терісінен
қақ жара кесіп, астыңғы астарының түгін
шығара қатты ысқылап та, іске қоса
береді, бірақ ол ұсақ малдардың терілерінен
алынған был- ғарыға қарағанда қатты,
жөнді созылмайды, түгі де онша шыға
қоймайды. Сапасы төмендеу болады.
Қайыс
— жүні сылынып алынып, иленген ірі қара
малдың терісі. Майлап кептіріп, талқыға
салып, созады, жұмсартады. Қайыс ат-тұрман,
ер-тоқым жабдықтарында кеңінен қолданыла-
ды. Қамшы, белдік, айыл, жүген, қүйысқан,
өмілдірік, тартпа өруге қолайлы. Қайысты
бірнеше таспаға бөліп, өрімнің сан алу-
ан түрлерін өруге болады. Жақсы созылады,
жүмсақ.
Қайыстан торсық, сөмкелердің
неше түрлерін жасаған ше- берлер халық
арасында көп болған. Оның өрім жолдарын
жоғарғы сыныптарда үйренесіңдер.
Енді қысқаша малдың терісіне тоқталайық. Ол үш қабаттан түрады: сыртқы жүні, негізгі тері бөлігі, ішкі майлы көк ет пен шелді бөліктері. Жүн, ол қылшықтардың қалталары арқылы теріге “бекітілген”. Теріні пайдалануға байланысты, кейде жүнін сылып, қырып, не жидітіп түсіріп илейді. Теріден былғары алғанда жүнін сылып немесе қырып алып тастайды. Терінің орталық бөлігі қажетке жарамды бөлігі. Оның бетінің түр-түсі де әр малдың жүні мен қылшығының жуан-жіңішкелігіне, терінің қай малдан алынған- дығына байланысты, түрліше болып келеді. Теріні өңдеу, илеу кезінде қырғының көмегімен жүн мен шелден, көк еттен әбден тазартады
Зерттеудің ғылыми жаңалығымен практикалық маңыздылығы:
Этностильдегі теріден жұмыс жасауға дәстүрлі және иновациялық технологияларды қолдануы.
Зерттеу әдістері:Ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеудің маңызы ұлттық бұйымды жасауда дәстүрлі және иновациялық технологиялардың қолдануы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген