Этнодизайн – еліміздің ерекшелігін таныттатын өнер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Этнодизайн – еліміздің ерекшелігін таныттатын өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Келешек өсіп келе жатқан ұрпаққа қажетті материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Этнодизайн – еліміздің ерекшелігін таныттатын өнер


Дизайнерлік қызмет бұрыннан белгілі болғанымен, этнодизайнерлік шығармашылық саласындағы академиялық зерттеулер жақында ғана басталды. Соңғы мыңжылдықтағы экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер этнодизайнды жаңаша түсінуге алып келді. Этнодизайн түсінігі көп жағдайларда ұлттық қолөнер және дизайн ұғымдарымен байланысты.

Бүгінгі күнгі этнодизайн өзінің шығармашылық бастауын дизайннан алған. Соңғы жылдары өнер мен кәсіпкерлік саласында этнодизайн және ұлттық дизайн ұғымдары өте маңызды бола түсуде.

Жаңа бұйымның кеңістік үш өлшемді форма көрінісі компьютерлік техника арқылы беріліп, оның бөлшектерінің сызбасы мен құрастыру сызбалары орындалады. Түстік шешімдері шығарылады, безендіру талаптары көрсетіледі, өлшемдік көрсеткіштері анықталады.

Этнодизайнерлік қызмет – кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Тұтынушылардың сұранысы мен эстетикалық талғамы үнемі даму үстінде болғандықтан, этно дизайнерлер қызметі үнемі форма құрау, түстік шешім табу, эргономика бағытындағы ізденісті қажет етеді.

Этнодизайнерлік шығармашылықтағы жаңадан дамып келе жатқан саланың бірі – киіз өңдеу технологиясы. Қазіргі кезде жүнді даярлау, киіз басу, ою – өрнектерді киіз бетіне түсіру технологиясы немесе киіздің қалыңдық өлшемдерін әр түрлі етіп даярлау технологиясымен қатар киізден шапан, бас киім, камзол, көйлек, жеңсіз шапан, кәжекей т.б. киімдер даярлау технологиясы даму үстінде.

Қазіргі кезде жүнді жуу, киіз басу, инемен шаншу, түйреу, жұмыстарын орындайтын техникалар өмірге келуде. Сонымен қатар зергерлік өнер саласында жасалған этнодизайнерлік бұйымдар қатарына білезік, сырға, сақина, қапсырма, әшекейлері жасалуда, дәнекерлеу, егу, тегістеу, жылтырату технологиясы кең түрде қолданылуда.

Этнодизайндағы жаңа технологияның бір саласы – ағаш өңдеу мен оны безендіру саласында қолданылуда. Жаңа этнодизайнерлік жоба жасау, оны материалмен орындау үдерісі кесу, ою, безендіру, бедерлеу, түс беру, жылтырату әдістері жаңа технология мен техниканы қолдану арқылы орындалуда.

Қазіргі кезде этнодизайн бұйымдарын еліміздегі және шет елдердегі ұлттық мұражайлардан, көркем өнер галерияларынан, шеберханалардан , жеке коллекциянерлер қорларынан көруге болады. Этнодизайн өнерінің қарқынды дамуы еліміздегі ішкі және сыртқы туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Туристердің қолөнер бұйымдарына деген сұранысының артуы этнодизайн өнерінің қарқындап дамуына алып келеді.

Дизайн өнеріне деген сұраныстың көтерілуімен оған толық жауап беретін қолөнершілер еңбегінің жеткізіліксіздігі дизайн саласында инновациялық технологияның дамуына жол ашты. Көркем бұйым жасау үрдісінде көп данамен бұйым шығару жаңа техниканы қолдану қарқынды дами түсті. Бұл жағдай өз кезегінде этнодизайнның қалыптасып дамып, одан әрі жетілуіне алып келді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2020
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі