400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Этнографиялық жұмбақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
этнографиялық жұмбақтар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы



Сабақтың тақырыбы: Этнографиялық жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:

  1. Этнография және этнографиялық жұмбақтар туралы түсінік бере отырып,

жұмбақтардың тақырыптарын, құрылысын, тілдік қолданысын меңгерту; халық өміріндегі маңызы мен туу себептерін таныту.

2. Ойлау қабілетін, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.

3.Тапқырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу; ұжымдық өмір әрекеті дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:  баяндау,әңгімелеу, жеке, жұптық,топтық жұмыстар.

Сабақтың түрі:   Жаңа білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: халық ауыз әдебиетінің түрлері туралы кітаптар,слайд, тақырыптық суреттер.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

«Сәйгүліктің шабысы» тренингі

Топқа бөлу

І. Қызығушылықты ояту.

Халық ауыз әдебитінің қандай түрлері болады?

-Батырлар жыры

-Ертегілер

-Жаңылтпаштар

-Жұмбақтар

-Шешендік сөздер

-Мақал-мәтелдер

Топта талқылау оқушылардың ойы,пікірі тыңдалады.

-Жұмбақ дегеніміз не?

-Қандай заттар жұмбақ болады?

-Жұмбақтың қандай түрлері болады?

-Табиғат,өсімдік туралы

-Оқу,білім туралы

-Тұрмыстық заттар туралы

-Адам туралы

-Жан-жануарлар,хайуанаттар,жәндіктер туралы

-Тағамдар туралы

-Әр топ білетін жұмбақтарын бір –біріне жасырады.


ІІ.Мағынаны тану.

Жұмбақтың не екенін оқушылар қима қағаздар арқылы құрастырып,нақты мәлімет алады.


ЖҰМБАҚ - белгілі қасиеттерін ғана меңзеу арқылы жасырылған зат, құбылыстарды шешкізу мақсатында құрылған танымдық мәні өте зор ұсақ жанр. Жұмбақтың мысал, ертегі, айтыс түрлері ұсақ жанрға қосылмайды.
Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі - жұмбақ. Ол халықтың ойы, қиялынан туған ұшқыр да бейнелі шығарма. Қазақ халқында ерте заманнан қолданылып, қарым - қатынас жасаудың ерекше бір құралына айналады.

Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анықтап жеткізе білу, туған тілінің байлығын сезінуіне, тілдік қолданыс ерекшеліктерін тануға, сөз саптау сөйлеу мәдениетін үйренуге, өз ойын шебер де мәнерлі жеткізе білуіне шығармашылық қабілетін өсіруге көптен - көп көмегін тигізеді. Жұмбақтар бойынша жұмыс негізінен оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін белгілі бір нәрсені жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады.


Енді бүгінгі танысатын жұмбақтың түрі «Этнографиялық жұмбақтар»

Этнография деген не?

Этнография – тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді. Этнографтың жұмысы өте қызықты әрі жауапты. Халықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, олардың айтқандарын жазып алады. Этнограф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тіршілігін терең білу үшін жиын-тойға да қатысады. Кейбір маңызды көріністерді суретке түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кездесетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз зерттеуіне музей деректерін, ертеректе жазылған қолжазбаларды да пайдаланады. Саяхатшылардың мәліметтеріне, бұрыннан сақталып қалған әдеби мұраларға да көңіл бөледі. Жергілікті халықтың даму жолын, басқа халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мысалы, қазақ халқының этнографиялық тұрмысын қазақтармен қатар орыс және шетелдік ғалымдар да терең зерттеген.

Этнографиялық жұмбақтар әр халықтың салт-дәстүріне байланысты болады екен.


Этнографиялық жұмбақтар


1) Балшықтан істелген ыдысым не? (құмыра)


2) Күбіге құйып піскен не? (қымыз)


3) ұйтып қойып ішкенім не? (айран)


4) табаға салып жапқаным не? (нан)


5) Қолыма иіріп, атқаным не? (асық)


6)текшелеп төрге жиғаным не? (көрпе-жастық)


7)Жусаннан жасап буғаным не? (сыпырғыш)


8)Кілегей шайқап алғаным не? (май)


9) Сөреге кептіріп жайғаным не? (құрт)


10) Құлағын бұрап тартқаным не? (домбыра)


11) Сәукелеге таққаным не?  (үкі)

12) Әже айналдыратын таяқ (ұршық)


13)Дәмді-дәмді тағамдарды жинайтын не? (дастарқан)

Слайдпен жұмыс.

Қазақстан Республикасының президентінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы 2017жылдың 12 сәуірінде қабылданды.

Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады.

І. Бөлім: ХХI ғасыр ұлттық сана туралы

ІІ. Бөлім: Таяу арадағы міндеттер.

Бұл бағдарламаның мақсаты ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, тіліміз бен дінімізді, тарихмызды,әдебиетіміз бен мәдениетімізді ұмытпау,қайта жандандыру,бойымызға сіңіру.

Осы біздің бүгінгі сабағымыз рухани жаңғыру бағдарламасының бірінші бөлімдегі алты бағыттың бірі

Ұлттық бірегейлікті сақтау бағытына ұштасады.

Ұлттық салт- дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс делінген екен.


Ой толғаныс.


Оқушылар өз жұптарымен бүгінгі сабақтың тақырыбына сай жұмбақтар құрастырады


Кері байланыс.





Түсінбедім Кейбірін түсінбедім Керемет түсіндім
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі