Материалдар / Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі» балаларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2024
103
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің

«№ 30 «Жұмбақ» бөбекжай-бақшасы » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.











Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі»

(Балалармен практикалық жұмыс)






Дайындап, өткізген:

дене шынықтыру жетекшілері

педагог-модератор Сенғалиева Н.А,

педагог-модератор Жолтай Е.М.













Сәуір-2022ж

Тақырыбы: Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі»

Мақсаты – ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру, оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету, салауатты өмір салтына баулу; жастарды  алдыңғы ұрпақтың ұлт денсаулығын сақтау бойынша тәжірибесімен және салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Жүргізуші: Ұлттық ойындар – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан  мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.Олар – ата бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз. Бұл ойындарды ежелде ата-бабаларымыз тойларда, жиындарда, үлкен мерекелерде ойнаған. Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесінің көрінісі де болған.

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келе жатыр екен?

Әуен ойналып ішке Алдар көсе келеді.
Алдар көсе балалармен амандасады.
Алдар көсе: - Балалар, сендер не ойнап жатырсыңдар?
Балалар:- Ұлттық ойындар,- деп жауап береді.
Алдар көсе: - Жарайды, балалар! Олай болса сендер, «Асық ату» ойынын білесіңдер ме? ойнатады.

Қазақтың ұлттық ойындарына кезек берейік

  1. Жүргізуші: «Асық ату»

Шарты: Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.

  1. Жүргізуші: «Ақ сандық-көк сандық»

Шарты:  Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізушінің белгісі арқылы ойын басталады.

3. Жүргізуші: «Күш сынасу.»
Шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

4. Жүргізуші: «Соқыртеке». 

Шарты: Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Жүргізуші: Би «Қаражорға»

5. Жүргізуші: «ОҚТАУ ТАРТЫС»
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.

6. Жүргізуші: «Қазақша күрес»

Шарты: Күші басым түсіп, жеңіске жеткен палуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.

7. Жүргізуші: «Арқан тартыс»

Шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Балалар осымен біздің бүгінгі «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі» аяқталды

Сау болыңыздар!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!