400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Этностильдегі баскиімді сәндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық нақыштарын пайдалану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:Дизайн және технология

САБАҚ:Қазақтың ұлттық киімі

Мектеп: 8 орта мектебі Мұғалімнің есімі: Саденова Джерен

Күні:11 12 2019ж


СЫНЫП: 8 Күні:11 12 2019ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:

Этностильдегі баскиімді сәндеу

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдар ламасына сілтеме)

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық нақыштарын пайдалану;

8.2.6.1-Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

— өз жұмысында, бас киімді сәндеу кезінде қазақтың ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады;

— өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды;

— әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды.

Күтілетін нәтиже

— бұйымды сәндеу кезінде әртүрлі ұлттық ою-өрнектер мен мотивтерді шығармашылық пен қолданады;

— өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын жетілдіру бойынша дәлелді ұсыныс айтады;

— әртүрлі құралдар мен материалдарды қолдану кезінде жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сабақ тақырыбына сәйкес арнайы терминологияны қолдана алады. Оқушылар алған мәліметті талдап, қажетті қорытынды жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Баскиім-головной убор-Нeaddress

Этностиль-этностиь-ethnostyle

Жұқа киіз-фетр-fibre felt

Сәндеу- декорирование-decorating

Бұйым- изделие- product

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Қазақ ұлттық киімдерінің өзге ұлттардан айырмашылығы …

Оның ерекшелігін … анықтауға болады.

Құндылықтарды дарыту

Шешім қабылдау барысында жауапкершілікке тәрбиелеу;

Жаhандану азаматтығы: ұлттық мәдениетті сыйлау;

Материалға ұқыпты қарау;

Оқушылардың өзара ынтымақтастығы, бір-біріне құрметпен қарау;

Отанға деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу;

Отаншылдық және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;

Топта адал еңбекке тәрбиелеу..

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі мен әдебиеті , Қазақстан тарихы

Бастапқы білім

Оқушылардың әртүрлі құралдар, материалдар және тігін жабдықтарымен тәжірибелік жұмыс істеу дағдысы бар, жобалық бұйым жасауды бітіруге жақын, сәндеу және әрлеу кезеңі қалды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу:Кезекші рапорты(сабақ мақсаты, ұраны)
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шаттық шеңбер:

3 топқа бөлу. Оқушыларға КИМЕШЕК, СӘУКЕЛЕ, ТАҚИЯ суреттерімен топқа бөлуге болады

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Біз бүгінгі сабақтың тақырыбын білдік және сабақ мақсатымен таныстық. Енді мен сіздерге мына барлық әріптері шатастырылып жазылған сөздер бар карточкалар таратамын. Бұл арқылы бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасайтындығымызды білейік.

(Ж) «Шатастырылған әріптер» ойыны арқылы оқушылар жұптасып табады

ИТСОНТЭЛЬ (этностиль) -этностиь-ethnostyle

КБАСІМИ (баскиім)- головной убор-Нeaddress

НДУСӘЕ (сәндеу)- декорирование-decorating

ҚҰЖА ЗИКІ (жұқа киіз)- фетр-fibre felt

ҰЫЙБМ (бұйым)- изделие- product

Слайд көрсетілім: «Қазақтың ұлттық бас киімдері» және тақтада сәндеп бейнеленген «Қазақтың ұлттық бас киімдері» суреттері ілінген

постермен жұмыс / топтық жұмыс / «Ойлан-жұптас-бөліс » әдісі арқылы

Әр топ « Қазақтың дәстүрлі ұлттық бас киімі» туралы таныстырады

Дескриптор.Таныстырылым жасайды Топ болып қорғайды

1топ : КИМЕШЕК

2-топ: СӘУКЕЛЕ

3-топ : ТАҚИЯ

Суреттер сынып тақтасы, магнит тер

Шатастырылып жазылған сөздер бар карточкалар

Слайд

Қазақтың ұлттық бас киімдері сәндеп бейнелен- ген суреттері. АКТ


Слайд

«Ойлан-жұптас-бөліс » әдісі

Сабақтың ортасы

Өткен материалды қайталау. «Сұрақ-жауап» әдісі (жеке жұмыс)

1.Баскиімнің өлшемін алу үшін қандай өлшемдер қажет және шартты белгіленуі? (Көлденең алынған бас айналымы және көлденең өлшем, Ба.к және КӨ шартты белгіленуі)

2.Көлденеңінен алынған бас айналымы қалай алынады?

(Сантиметрлік таспамен басты айнала маңдай бөлігі бойымен, құлақтың үстімен, желкенің ең шығыңқы жерінен көлденең өлшенеді. Қастан 1,5-2,5 см жоғары алынады)

3.Көлденең өлшем қалай өлшенеді және ол өлшем не үшін алынады?(См таспамен құлақ үстінен бастың еі жоғарғы нүктесі арқылы екінші құлаққа дейінгі аралық өлшенеді және бұл өлшем баскиімнің тереңдігін анықтауға қажет) (ФБ)

Балалар, мына видео роликке назар аударайықшы, нені көріп тұрсыңдар?

«Қазақтың ұлттық бас киімдері» туралы үзінді көрсету

Мұғалім: Балалар міне бүгінгі біздің сабағымыз «Қазақтың ұлттық бас киімдері» болмақ және түрлі бас киімдерін жасаймыз және сәндейміз

І топ Қолдану: / ауызша / жұптық жұмыс

Ұлттық бас киімдерді (ер және әйел тақияларын) салыстырыңдар. Олардың қандай айырмашылықтары бар?

Дескриптор. (ер және әйел тақияларын) тақияларын салыстырады

  1. Айырмашылықтарына комментарии айтады

І І топ Талдау: Ұлттық бас киімдерді жас ерекшелігіне қарай реттеу/ауызша/ топтық жұмыс

  1. Тақия – жас қыз балаларға және ұлдарға кигізген.

  2. Сәукеле – ұзатылатын қызға арналған бас киім.

  3. Қасаба- жас келіннің бас киімі.

  4. Кимешек – егде жастағы аналардың бас киімі.

  5. Бөрік – бойжеткен қыздар мен ұлдар киг

Мұғалімнің түсіндіруі Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері: туралы үзінді көрсету

Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструкциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.

Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті ызба және т.б. болуы мүмкін.

Жапсырма — онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.

Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады.

Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы ескеру қажет.

Тәжірибелік жұмыс. (ТЖ) Қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Арнайы алжапқышты тағу Құралдарды орнымен қолдану

Желіммен жұмыс кезінде мұқият бол

Ыстық желіммен жұмыс кезінде пистолеттің бауы мен корпусын тексеру керек Пистолеттің металл ұшын қолмен ұстауға болмайды.

Ине мен қайшыны ұқыпты пайдалан және қорапта сақта

Жұмыс соңында орныңды жинастырып, қолды жуу керек.

Шығармашылық жұмыс (жеке жұмыс) 1оқушы

Қазақтың ұлттық бас киімі «Кимешек» туралы 4 жолды өлең айтады

Нұсқау картамен жұмыс

1.Бұйымды сәндеуге арналған жобаны таңдау

2.Моншақтарды таңдау

3.Оюларды таңдау

4.Ызбаларды таңдау

Жұмыс сапасын бағалау 2 топ бір-бірінің дайын болған сәндеген бас киімде -рін бағалайды

Критерийлер бойынша жұмысты талқылау және бағалау.

Талқылау алдында мұғалім оқушылардың дайын болған бұйымдарын алмастырып береді. Оқушылар критерийлерге сүйене отырып топтың жұмысын бағалайды.

Оқушылар бағалау парағын толтырады

Бағалау критерийлері

7 балл

Бұйым әдемі жасалған, барлық элементтері ұқыпты көрінеді

Ызбамен безендірілген

1


Түстерді үйлестіре білген (моншақ, страза)

1


Кестеленген (жіптер)

1


Бұйымды сәндеуге қазақтың ұлттық ою-өрнектері қолданылған

Оюды орынды қолдана білуі

1


Симметриясының сақталуы

1


Өз бұйымын жүзеге асыру үшін креативті идея қолданылған

Өзіндік идеясының болуы

1


Стилденуі

1


Барлығы:


7



«Сұрақ-жауап» әдісі

(жеке жұмыс)

Әр топтан 1оқушы тақтаға шығып бір-бірі -нен өлшем алып, сызба сызады






видео ролик көрсету













видео ролик көрсету





Бұйымды сәндеудің әртүрлі нұсқа лары.

Бисер, страза -лар, жіптер, кестелеу ге арналған жіп -тер,оюлар, ине, қайшы және т.б.








оқушыларға

нұсқау карта

тарату





оқушылар бір-бірінің дайын болған бұйымда рын бағалайды.









Бағалау парақта -ры






Сабақтың соңы

«Рикошет» әдісімен кері байланыс жасау

Оқушыларға дайын болған бас киімді кигізу арқылы сұрақтар қойылады.

  1. Қазақтың ұлттық бас киімдері қандай элементтерден тұрады?

  2. Қазақтың қандай дизайнерлерін білесіңдер?

  3. Сәукелені кімдер киген ?

Жауаптар айтылған соң тақтада бейнеленген суретті көрсету арқылы үй тапсырмасы беріледі.

Интербелсенді тақта



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі