Материалдар / Everyday English
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Everyday English

Материал туралы қысқаша түсінік
ағылшын тілін нөлден бастап үйретудің тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2024
240
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

О рал қалалық білім бөлімі басқармасының

Оқу- әдістемелік кабинеті







«Everyday English for learners»

(Ағылшын тілі пәнінен оқу-әдістемелік құрал)

Aғылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Б.Уксикбаеваның іс-тәжірибесінен























2023-2024 оқу жылы



Құрастырушы: Уксикбаева А.Б. ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор, п.ғ.магистрі.,БҚО, Орал қ. Жұбан Молдағалиев атындағы 2 жалпы орта білім беретін мектебі

Пікір жазғандар:

1. Доукариева У.К., қауым.проф.,ф.ғ.к. Батыс Қазахстан инновациялық технологиялықуниверситеті, шетел тілдері жіне аударма ісі кафедрасы;


2. Ажмагамбетова А.А. педагог -зерттеуші, №37 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі,.








Оқу -әдістемелік кешен бастауыш сыныптың ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша, болашақ жас ұстаздарға көмекші құрал ретінде және дидактикалық материалдар оқушылардың ағылшын тілін дамытуға, пәнге қызығушылығын арттыруға дайындалды.

























Мазмұны





Түсінік хат ______________________________________________1-3


Part I. Ағылшын алфавитінің таблицасы___________________ 4

Транскрипциялық белгілер (дауысты әріптер мен дифтонгілер)__ 5-7

Дауыссыз әріптер және оның түрлері ________________________8-9


Part II. Дауыстылардың оқылу жолдары __________________10-17 Part III. Дауыссыздардың оқылуы___________________________ 18

Бөлім бойынша тапсырмалар_______________________________19-26

Пайдаланған әдебиеттер __________________________________27
















Түсінік хат

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Ағылшын тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:

- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;

- танымдық қабілетін;

- өзіндік шығармашылық әрекетін;

- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

- үйірімділік қабілетін;

- елестету мүмкіндігін;

- есте сақтау қабілетін;

- мектеп өміріне бейімделушілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Көптілді оқыту жас ұрпақтың кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,баланы жан-жақты дамытатын,өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін,бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, баланы ерте жастан ағылшын тілін жетік үйренуге бейімдеу қажет. Баланы жастан демекші, неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғырлұм жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан ол балаға көңіл аудармасақ, жан-жақты жетілдіруіне, дамуына көмек жасамасақ , оның ақыл ойы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті де

баяу дамиды. Сол себепті мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырып барған жөн.

Балалардың дәл осы жаста айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай,есте сақтауы, жақсы әр түстерге еліктеуі басқа жастарға қарағанда ерекше байқалады. Міне сол себепті алғашқыоқу сатысында сөздерді жаттауды және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсетіп баруды үйрету. Ол айтқан сөздерін көзімен көріп, қолымен ұстауарқылы жақсы есінде сақтай алады және басқа заттардан айыра алады.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге дамып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді.

Балалардың еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, балалардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.

Себебі “маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған.

Келесі сатысында осы жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын сұрақ-жауаптарды үйрету әдісі қолданылады. Бұл балалардың тілін жаттықтырып,сөз қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін асырады.

Сондай-ақ ерте жастан оқушыларды оқытудың және бір тиімділігі, тілдің кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі.

Сол себепте, бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілін шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, оқу дағдысын қалыптастыру – басты мақсат. Бастауыш сынып оқушылары ағылшын тілі пәніне негіздей отырып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Ағылшын сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан - жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу. Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай міндеттер жүктеледі

Міндеттері:

- оқушылардың оқу дағдысы мен сөйлеу тілін қалыптастыру және жетілдіру; тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір - бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйрету. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу

- ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту;

- ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;


- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

Күтілетін нәтиже:

- сөздік қорын толықтырады

- оқу материалдары бойынша курста ( диалог, рөльмен инсцинировка жасау, әңгіме, пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді

- сөздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

















Part I

Ағылшын тілі алфабитінің таблицасы





Ағылшын әліпбиі 26 әріптен құралады, 44 дыбыс бар. Оның бесеуі (Vowels) дауысты дыбыстар, жиырмасы (Consonants) дауыссыз дыбыстар. Yy әріпі кейде дауысты, кейде дауыссыз болады.





Транскрипциялық белгілер

Дауысты дыбыстар (Vowels)





Есте сақта! Сөзде қанша буын болса сонша дауысты болады.





СShape3 Shape2 Shape1

3 буын

2 буын

1 буын

алыстыр:





cat[kәеt]- мысық ca-ke [keik]- торт de-ci-de [di’said]-ұйғару

dog [dog]- ит ti-me[taim] -уақыт fa-mi-ly [fәеmili]- жанұя

Сөз дауысты әріппен аяқталса ашық буынмен оқылады, ал сөз аяғында дауыссыз әріппен аяқталса жабық буынмен оқылады.



Дифтонгтар Дифтонг  буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс немесе дауысты дыбыстардың бірнеше тіркестері



Дауыссыз дыбыстар (Consonants)





















Part II

Дауыстылардың оқылу жолдары

Дауысты әріптер төрт буында оқылады І-буын : Ашық буын. Дауысты әріпке аяқталады. Мыс: name, me, nice, close, use, my.

Әріптер

I-тип ашық буын

a

face

e

Pete

i/y

like,type

o

nose

u

pupil



II - буын : Жабық буын. Дауыссыз әріпке аяқталады. Мыс: and , get, him, not, bus, gymnastic.

Әріптер

II-тип Жабық буын

a

bag

e

desk

i/y

big gym

o

frog

u

bus



ІІІ - буын : r - әріпі дауысты дыбыстан кейін . Мыс: dark , her, first, sport, surname.

Әріптер

III-тип дауысты+r

a

car

e

Bert

i/y

bird Byrd

o

sport

u

nurse





IV - буын : r - әріпі дауысты дыбыстар арасында . Мыс: spare , here , fire, fore , sure, lyre.

Әріптер

IV-тип дауысты+r+ дауысты

a

hare

e

here

i/y

fire tyre

o

more

u

cure

Есте сақтағаның жөн!

Сөздерде «ee» және «ea» әріптерінің қосарланып келсе [i:] болып олқылады.

Bee-[bi:]- ара tea [ti:] - шай green-[gri:n]- жасыл eat [ i:t]- жеу (тамақ)

Есте сақта!

КShape4 Shape5 Shape6 Shape9 Shape7 Shape8

е

өптеген ағылшын сөздерінің аяғында «е» әріпімен аяқталса алдынңы әріп ашық буында оқылып «е » оқылмайды.

Мысалы :

Game, name, cake, plane, flame.



















Part III

Дауыссыз дыбыстардың оқылуы





Есте сақта ! Ағылшын тіліндегі көптеген дауыссыздар орыс тілі дыбыстарының айтылуына ұқсас айтылады: [б], [д], [ф], [н], [л], [м], [п], [т], [в], [к].

Shape14 Shape10 Shape11 Shape13 Shape12

Dd

Tt

Ff

Ll

Bb BИBb

[b] [ l ] [f ] [t] [d]

Shape19 Shape16 Shape15 Shape18 Shape17

VvVv

Kk

Nn

Pp

Mm

[m]

Shape20

Сс



[s] - e, i, y әріптерінің алдында. Мысалы: nice, city

[si:] [k] - қалған жерлерде . Мысалы: cat, clean, music, colour

Shape21

Ck

Shape22

qu

[k ] екі әріптің қосындысы Мысалы: black, chicken



[kw] quick [kwik], squirrel [skwirәl]









Shape23

Gg

[dзi:] - дауыстының «e, i, y» алдында келсе -[dз[ болып оқылады. Мыс: page,gym page, қалған уақытта [g] болып оқылады Мыс: game, glad

Ережеге сәйкес келмейтін жерлерге мән бер. Girl [gз:l], give [giv], gift [gift], tiger [taigә]

Shape24

qu



Shape25

dge

Дауыстының алдында [g] болып оқылады. Мысалы: guide [gaid]

Әріптерінің қосындысы [dз] болып оқылады. Мысалы: porridge

Shape28 Shape27 Shape26

[dз]

Jj [ dзei ]



Jam, jellyfish



Shape29 Shape31 Shape30

k

[n]

n

Shape32

Ph

+ = cөз басында тұрса k әріпі оқылмайды. Know [ nou], knife [naïf]

Shape33

gn

[f]: elephant [elifәnt], phone [fәun]

[n] : sign [sain], foreign [forin]

Shape34

bt mb





b- әріпі сөздерде оқылмайды. Мысалы: climb [klaim], debt [det]

Shape35

ould

l- дыбысталмайды . Мысалы: should , could



















Ағылшын тілінде 2 немесе 3 әріптердің қосылып келуіне байланысты

оқу ережесіне мән беріңіз! Таблица 1












Shape36

th



1) Дауыстылардың ортасында келсе : 1) Сөздердің басымен аяғында: , mother, bathe, think three, tooth 2) көмекші сөздердің басында : this, these, those, they, the, then, there

Есте сақта! With ережеге сәйкес оқылмайды.




Есте сақтағаның жөн!

Сөздерде «ee» және «ea» әріптерінің қосарланып келсе [i:] болып олқылады.

Bee-[bi:]- ара tea [ti:] - шай green-[gri:n]- жасыл eat [ i:t]- жеу (тамақ)



Кейбір сөздерде а әріпі [a:] болып оқылады, егер а әріпінің артында s әріпі тұрса

Grass [gra:s]- шөп , past[pa:st]-өткен

А екі + ll әріпімен қатар тұ рса дыбысы болып оқылады. Мысалы: ball [bo:l ]- доп , small[smo:l]- кіші


Ағылшын тілінде кейбір сөздер ережеге сәйкес оқылмайды.

«а» әріпінің оқылуына назар аудар!

Ha-ve [hәеv]- бар (деген мағынаны білдіреді етістік)

Va-se[va:z]-құмыра, ваза

Ma-ny[‘meni]- көп (саналатын заттар




Бөлім бойынша тапсырмалар


Picture 8

Тапсырма №1 Жоқ әріптерді жатқа қарамай жазып көр.


Aa; _____; Cc; _______; Ee _______; ______; Hh;_____; Ii ______;


Kk;______; Ll;;_______ Mm; ________; Oo;____________;


________;Qq; _______ Ss; Tt; _____; ______; ________;Xx; ______; _______;





Тапсырма № 2 Әріптердің оқылуын жаз.

Bb [ ]; Ll [ ]; Nn [ ]; Oo [ ]; Dd [ ];Rr [ ]; Xx [ ]; Vv [ ];



Ff [ ]; Aa [ ]; Cc [ ]; Kk [ ]; Uu [ ]; Mm [ ];



Тапсырма № 3 Төменде берілген суреттерді қандай әріптермен бастап жазар едің?



Picture 13 Picture 16


Тапсырма №4 Транскрипциялық белгілермен әріптердің сәйкестігін тап.

Shape37 Shape47 Shape42 Shape43 Shape46 Shape45 Shape44 Shape50 Shape49 Shape38 Shape40 Shape41 Shape48 Shape39 Shape52 Shape51

[bi:]

Zz

Vv

Ww

Xx

[dзеi:]

[wai]

[a:]

[vi:]

[zed]

[eks]

Cc

Dd

Ww

[bi:]

[bi:]



Тапсырма №5 Берілген сөздерді алфавит ретімен жазып көр.



I , my, like, nine, ride, kitten, little, sister, sing, pink,



_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

















Shape54 Shape53

[bi:]

[bi:]





Тапсырма №6 5 ші тапсырма бойынша сөзжұмбақты толтыр.














































































Тапсырма №1 Cөздерді оқы





Тапсырма 2 Артық сөзді тап























Тапсырма 3 Cөздерді оқып шығып, оларды 4 буынға бөліп анықта: Late, bare, party, fat, face, hat, sharp, stamp, snake, salad, take, lake, park, square, skate, game, plate, bat, dark, Mary, black, cake, rare, large, parents, car, rat, apple, cat, jam, plane, prepare, garden, flag, dare




Есте сақтағаның жөн! Кейбір сөздерде а әріпі [a:] болып оқылады, егер а әріпінің артында s әріпі тұрса

Grass [gra:s]- шөп , past[pa:st]-өткен

А екі + ll әріпімен қатар тұ рса дыбысы болып оқылады. Мысалы: ball [bo:l ]- доп , small[smo:l]- кіші





Тапсырма 4 Транскрипция бойынша сөздерді оқып шығып , олардың жазылуымен айтылуын есте сақта.

[әе]

[а:]

Bag [b әеg]- сөмке

Glass [gla:s]- шыны

Flat [fl әеt]- пәтер

Class [kla:s]- класс

Glad[gl әеd]- қуанышты

Fast [fa:st]-шапшаң

Есте сақтағаның жөн!

Ағылшын тілінде кейбір сөздер ережеге сәйкес оқылмайды.

Тапсырма 5. Транскрипция бойынша сөздерді оқып көр, «а» әріпінің оқылуына назар аудар!

Ha-ve [hәеv]- бар (деген мағынаны білдіреді етістік)

Va-se[va:z]-құмыра ,ваза Ma-ny[‘meni]- көп (саналатын заттар )

Тапсырма 6 Төменде берілген сөздерді өздігіннен оқып шығып, аударып көр. «А » әріпінің оқылуын түсіндір.Bag, flat, game, have, glass, glad, cat, many, small, past, man

Рисунок 9



Тапсырма №1 Ee әріпіне берілген сөздерді оқы









Тапсырма 2 Артық сөзді тап



Пайдаланған әдебиеттер:

.

  1. Малинина А.А «Английский язык ,учимся правильно читать» 2-е изд- Минск-2012

  2. Diana Hicks, Andrew Littlejohn «Primary colours » Кембридж баспасы -2013

  3. И.Н. Верещагина 2-й год обучения Москва «Просвещение» -2001

  4. Кулиш В.Г «ABC Учимся читать по английский » Ростов на- Дону

  5. Никитенко З. Н Долгова Л. А - Английский язык Москва «Просвещение» -2001г

  6. Методикалық нұсқау «Мектепте ағылшын тілін оқытудың кейбір мәселелері» Алматы- 1989 ж























2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!