400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эвфемиз мен дисфемизмдер

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 6-сынып пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм және дисфемизм.



Сабақтың мақсаты:

Т/А. 6.1.5.1 -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

ӘТН.6.4.3.1 , эвфемизм, дисфемизм, сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;


Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топқа бөлу,сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих


Көрнекілігі: кеспе карталар, «Қазақ тілі» оқулығы 6-сынып ,интербелсенді тақта,стикерлер

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеп,топтарға бөліп,психологиялық ахуал қалыптастырып ,назарын сабаққа аудару. 
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру.9-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті көнерген сөздерді қойып жазу.


1.Өзге елде сұлтан болғанша ,

өз еліңде ұлтан бол.

2.Ер жігітке жарасар қолындағы найзасы ,

Би жігітке жарасар еліне тиген пайдасы .

3.жаман атқа жал бітсе,

жанына торсық байлатпас.

Оқушылар қолдарына қызыл сияларын алып,үй тапсырмасын тақтаға қарап, тексеріп шығады.

Өткен тақырыптарға шолу


Суретке қарап,тақырыпты болжау.



Жаңа тақырып (тыңдалым)


Тапсырма (сәйкестендіру)

(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін) 
(
тумай – жұмыртқаламай) 
(
шошқаша – нашар, жаман адамға) 
(
соқыр – көзі көрмейтін адам
(боқта – жаман нәрседе) 
(сасық – лас, иістенген) 
(
өсекші – сөзуар) 
(қысыр – жаман, мәні жоқ) 
(ит мінез – нашар мінез) 

Ойын ойналады.

«Айтуға болмайды» 

Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «жасыл түс», әдепсіз сөз кездессе «қызыл түсті» көтеріп белгі береді.

Сөзуар,өтірік айту,қолды болды, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, о дүниелік болды, ақсақ, соқыр,оттады, ит мінез,өлді,шолақ,шал,ақсақал,қарт,


Мәтінмен жұмыс:топтық жұмыс


Түске алданғандар.
Үш аңшы аңға шығыпты. Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді. Үйректі пісіреді. Үйрек піскен соң, бір аңшы:
- Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз, сондықтан біреуіміз ғана жейік,- депті.
- Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
- Кім жақсы түс көрсе, үйректі сол жесің,- депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды. Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
- Қандай түс көрдіңдер?- деп сұрайды.
- Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін, патша болыппын,- дейді
- Мен жұмаққа кіріппін, жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,- депті.екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
- Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым. Бірің патша болған соң, енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,- депті.

1.Тапсырма орындау
1.а) Аңшылар нешеу?
ә) Қандай құс аулады?
б) Түс дегеніміз не?
в) Аңшы қандай қулық жасады?
2. Көнерген сөздерді тап.
3. Топтастыру


Ақселеу.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.


1. Мәтін не туралы?
2. Достық ұғымын қалай түсінесің?
3. Екі баланың аты кім?
4. Олар неден қорықты?
5. Ақселеу қандай ерлік көрсетті?

Жаман жолдас.
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
- Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.
- Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.



Майқы би 
Тұлпардан тұлпар туады, 
Сұңқардан сұңқар туады, 
Асылдан асыл туады, 
Жалқаудан масыл туады, 
Масылдан малықпас туады, 
Тілазардан қалжақпас туады, 
Таздан жарғақпас туады, 
Сараңнан бермес туады, 
Соқырдан көрмес туады, 
Мылжыңнан езбе туады, 
Қыдырмадан кезбе туады.

Тапсырма:

1.Өлеңдегі басты идея?

2.Дисфемизмдерді тауып,эвфемизмге айналдыр.

Кері байланыс:


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі