400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Excel -кестелік процессоры

Материал туралы қысқаша түсінік
тест жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Microsoft Excel бағдарламасы бойынша тест сұрақтары


1. Microsoft Excel – бұл …

a)кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

b)кодтық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама

c)кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің қор көздерін басқаратын оның құрылғысы

d)компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама

2. Электрондық кесте ... болып табылады.

a) нөмірленген жолдар мен латын әліпбиі әріптерімен аталған бағандар жиынтығы

b) латын әліпбиі әріптерімен аталған жолдар мен нөмірленген бағандар жиынтығы

c) нөмірленген жолдар мен бағандар жиынтығы

d) пайдаланушы өз еркімен атау берген жолдар мен бағандар жиынтығы

3. Excel бағдарламасында жаңа кітап жасау үшін не істеу керек?

a)Файл  мәзіріндегі Жаңа әмірін орындау

b)Құралдар үстелінде Қайтару батырмасын басу

c) Файл мәзіріндегі Ашу әмірін орындау

d)Құралдар үстелінде Ашу батырмасын басу

4. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы ұяшығының мекен жайы неден құралатынын көрсетіңіз.

a) баған атауынан және жол нөмірінен

b) баған атауынан

c) баған нөмірінен

d) жол нөмірінен

5. Excel бағдарламасы кестесіндегі белсенді ұяшық – бұл ... ұяшық.

a) әмірді жазуға арналған ұяшық

b) енгізу әмірі орындалатын ұяшықтың атауын қамтитын өрнегі бар ұяшық

c) тәуелді ұяшық  мәліметтеріне сілтеме  бар  өрнек

d) бөлектелген ұяшық 

6. Excel бағдарламасында ұяшықтағы мәліметтерді қалай жоюға болады?

a) ұяшықты бөлектеу және <Del>-ді басу арқылы

b) ұяшықты бөлектеу және <Ctrl>+ <Del>-ді басу арқылы

c)ұяшықты бөлектеу, тінтуірдің сол жақ батырмасын басу, пайда болған сұхбат  терезесінде Мазмұнды аластау әмірін таңдау арқылы

d) ұяшықты бөлектеу және Көрініс – Кәдімгі әмірін орындау арқылы

7. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында бағандар атауы ... белгіленеді.

a) еркін түрде пайдаланушы тарапынан

b) орыс әліпбиі әріптерімен 

c) латын әліпбиі әріптерімен  

d) сандармен нөмірленіп

8. Excel бағдарламасының жұмыс парағындағы бағанның дұрыс белгіленуі ...

a) AB

b) A12

c) 21

d) FAS

9Excel бағдарламасындағы ұяшыққа қандай деректерді енгізуге болады? 

a) сан        

b) мәтін     

c) өрнек

d) аталғандардың бәрін

10Excel-де өрнек қандай нышаннан басталады?

a)  

b)  +            

c) бос орын            

d) мәні жоқ             

11.«А1ұяшығындағы деректі B1 ұяшығындағы дерекке бөлу» өрнегі  Excel  бағдарламасында қалай  жазылады?

a) =A1:B1  

b) =A1/B1

с) =A1\B1

d) =A1^B1

12. Электрондық кестеге арналған өрнектің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.

a) C3+4*D4

b) C3=C1+2*C2

c) A5B5+23

d) =A2*A3-A4

13. Диаграмма дегеніміз –  бұл ...

а) деректерді сызбалық түрде ұсыну

b) деректерді сыртқы безендіру, сондай-ақ олардың мазмұнындағы деректер пішімін түзету 

c) логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар бірізділігі 

d) әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген шендер

14. Excel бағдарламасы файлының кеңйтімі қандай  болады?

A) .xls

b) .doc

c) .txt

d) .ppt

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10.11.2025
44
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі