Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еуропа шаруашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Еуропаның шаруашылығы және оның басты бағыты, қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Еуропа шаруашылығының жалпы сипаты, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығы, шаруашылығын дамытудың алғышарттары, даму кезеңдері, шаруашылығының басты салалары, олардың орталықтары, көлік жүйесінің түрлері, жол тораптары, өндірістік емес салалары, экономикалық ынтымақтастық, ішкі айырмашылықтары туралы білік-дағдыны қалыптастыру, туристік орталықтардың басты ерекшеліктерімен танысу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні. 06.11.18.

Сыныбы. География 11 «А» сынып

Тақырыбы: Еуропаның шаруашылығы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропаның шаруашылығы және оның басты бағыты, қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Еуропа шаруашылығының жалпы сипаты, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығы, шаруашылығын дамытудың алғышарттары, даму кезеңдері, шаруашылығының басты салалары, олардың орталықтары, көлік жүйесінің түрлері, жол тораптары, өндірістік емес салалары, экономикалық ынтымақтастық, ішкі айырмашылықтары туралы білік-дағдыны қалыптастыру, туристік орталықтардың басты ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық мақсаты – Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағытына, өнеркәсіптің шоғырлану аймақтарына, Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіп салаларының басты ерекшеліктерін, аса ірі аудандары мен басты орталықтарын анықтап, олардың қалыптасу жағдайларын түсіндіру. Оқулық пен атлас карталарын, Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендер ірі теңіз порттарын анықтауға, Еуропалық Одаққа мүше елдер шаруашылығының маманданған салаларына баға беруді үйрену.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

Күтілетің нәтиже

І. Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ. Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кесте мен диаграмманы салыстырып, табиғат ресурстарының сипаттамасын сұрайды.

1.Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

2. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

3. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

4. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

5. Ең көп тараған тіл әулеті?

6. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын

және дәптерлерін тексеруге береді.

Ойларын жинақтайды

ІІІ.Тақырыпты түсіндіруді шаруашылығының жалпы сипатынан бастап, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығына: 1) Еуропа жерінде игерілмеген бөліктің қалмауына; 2) жерінің шағын болуы мен елдердің жақын көршілік жағдайына тоқталады.

Одан кейін Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне шолу жасайды.

Келесі кезекте Еуропа өнеркәсібіне талдау жасайды. Соның ішінде: машина жасау, химия, отын-эгергетикалық, қара металлургия т.б. Өнеркәсібі туралы мәлімет береді. Мысалы, машина жасаудың электроника, электротехника, автомобиль, авиазымыран-ғарыш т.б. салалары басым тараған. Одан соң химия саласында тек осы аймақта ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең «химияландырылған» ел – Германия алатын орны ерекше екенін айтады. Ал ағаш өнеркәсібінен халықаралық маманданған аймақтағы елдер: Швеция, Финляндия, Румыния, Югославия, Италия.

Осы аймақтағы дамыған өнеркәсіптің бірі – жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп орталықтарын кесте түрінде береді.

Ең алғашқы жеңіл өнеркәсіп орталықтары

Қазіргі кездегі жеңіл өнеркәсіп орталықтары

Ұлыбританиядағы Ланкашир, Йоркшир, Бельгиядағы Фландрия, Франциядағы Лион, Италиядағы Милан, Польшадағы Лодзь, Ресейдегі Иваново

Оңтүстік Еуропа елдері: Португалия (тігін өнеркәсібі), Италия (аяқ киім шығару), Грекия (бағалы тері бұйымдарын тігу).

Сонымен қатар, колөнердің дәстүрлі түрлері де сақталғанын айтады.

Өнеркәсіпке толық сипаттама берілгеннен соң, ауыл шаруашылығын, оның қалыптасуын, даму кезеңдерін, өнімдернің негізгі түрлерін, белгілерін сипаттайды. Еуропада ауыл шаруашылығының үш аймақтық түрі қалыптасқан: 1) Солтүстік Еуропада интенсивті сүтті мал шаруашылығы. Исландия, Норвегия, Дания елдері балық аулау маманданған саласы болып табылады. 2) Орта Еуропа ауыл шаруашылығы сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы, сондай-ақ шошқа мен құс өсіруге маманданған. 3) Оңтүстік Еуропа өсімдік шаруашылығына маманданған.Ал көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптарына талдау жасауды және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарына мұғалім оқушыларға өз беттерінше талдауға бөліп береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады.

Оқушылар кестені көшіріп алады, естеріңе сақтайды.

Сосын көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптары және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарын оқушылар өз беттерінше талдауға бөліп береді.

Еуропаның шаруашылығымен танысады.

Сабақты қорытыңдылау.

1. Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағыты қандай?

2. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?

3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?

4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?

5. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Ойлрын бекітеді

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма



















Сыныбы 10 «а», Күні 06.11.2018 жыл

Тақырыбы: Қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерінің көп түрлілігі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға д.ж. елдерінің аумағының, халқының, басқару формасының, географиялық орнының ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, саяси картамен жұмыс істеуге, топпен тапсырмаларды ұйымшылдықпен жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5.картамен жұмыс

3. Топтастыру. 6.топтық тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта, стикерлер, маркерлер,т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

  • Оқушыларды 4 топқа бөлу (түрлі түсегі гүлдер арқылы)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ыстық орындық» арқылы үй тапсырмасын тексеру.Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.

  • Тәуелсіз мемлекеттер деп?

  • Тәуелді мемлекеттер деп?

  • Мемлекеттік басқару формасы бойынша нешеге бөлінеді?

  • Мемлекеттік құрылым бойынша?

  • Отарлар деп?

  • Абсолютті монархиялы елдер?

  • Федерациялы елдер ата?

«Қызығушылықты ояту» мақсатында елдерге саяхат жасаймыз.

1.ЖеркөлемібойыншаРесей мен Канададанкейінгі 3 орында ал халық саны жөнінен 1 орында. Бұлқай ел? (ҚытайХалықРеспубликасы)

2. Бұл –фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі католиктер. Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп, музыка және би шеруімен өткізіледі. Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел?(Испания)

3. Бұл ел өзелін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасы мен ерекшеленеді. Айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптер мен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Бұл елде ірімшікті сүймейін адам жоқ шығар.(Франция)

6. Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,қылқаламмен және тушпен көркем жазуөнері каллиграфия, қағазбен жібекке сурет салу,өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі, әйелкиімі, ауырсалмақтылар күресі, асдайындау, сияқты дәстүрлер мен ерекшеленетін елдің бірі  -(Жапония)

7.Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі. Олар әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңқалдырады. ХІ ғасырда монах Г.Ареццонотаны ойлап тауып, жеті нотаға атберді. ХҮІғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады. Сүйікті тағамдары-макарон.  (Италия)

Бұл аталған елдер  қандай елдер тобына жатады?  Жоғары дәрежеде дамыған елдер «Ұлы жетілікке»кіретін елдер,экономикасы жоғары дамыған.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Дүние жүзі елдері алуан түрлігімен ерекшеленеді.

Жер көлемі ірі үлкен елдер: Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина, Қазақстан, Алжир.

Жер көлемі ұсақ елдерге: Монако, Науру, Лихтенштейн, Сан-Марино т.б.

Халық саны бойынша ірі мемлекеттер: Қытай, Үндітан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкстан, Бангладеш, Нигерия, Ресей, Жапония.

Халық саны өте аз елдерге: Мальта, Монако, Бруней, Андорра, Исландия, Лихтенштейн.т.б.

Географиялық орны бойынша: теңізге шыға алатын, шыға алмайтын, аралдық елдер.

Басқару формасы бойынша: монархиялар мен республикалар.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша: дамыған және дамушы елдер.

Қытай, Ресей көп ұлтты елдер болса, Жапония, Швеция, Дания, Корея бір ұлтты елдер болып саналады. Себебі мұнда жалпы халық санында бір ұлттың үлесі өте жоғары болады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • І топқа тапсырма: географиялық орны бойынша елдерді топтастырып, құрамына енетін елдерді ата?

  • ІІ топқа тапсырма: аумағының көлемі бойынша елдерді топтастырып, елдерді ата?

  • ІІІ топқа вен диаграмма монархиялы мен республикалық елдерді салыстыру.

V. Қорытындылау.Кері байланыс.


Стикерлерге бүгінгі сабақ бойынша білгенім, түсінбедім, үйренгім келеді деген сұрақтарға жауап жазып, тақтаға іледі.


VІ.Бағалау. Жұлдызша, ромб арқылы бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. §18




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12