400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ф дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ф дыбысы мен әрпін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Кəмпиттің сөзі. Ф дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

        1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

        2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын құру жəне оқу.

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже


  • Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ф дыбысы – дауыссыз дыбыс, ф дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ф дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына Ф əрпі элементтерін жазуады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Ф дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ф дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ф дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте,

сұрақ белгісі, леп белгісі)

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, Рақмет! Рұқсат па? жəне т.б. сөздерін қолданады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Сұраққа толық жауап беріп, Ф əрпімен танысады. Сөздерді пайдаланып,əңгіме құрастырады.

Ф əрпінің баспа түрін жазады.



Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Телефон, цирк, вафли.



ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Мəтінен ф дыбыс бар қандай сөздер естідің?

Ф дыбысының орнын тауып, сұрақтарға жауап бер.


Өткен ҰОҚ-да алған білім

Сөз бен сөйлемді ажыратады. Сөздерден сөйлем құрайды. Əңгіме құрастырады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі

Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады.


көңіл күй орнату.

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы


0–2мин.

лебіздерін білдіреді.

Армысың, əлем!



Армысың, жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке



көтереді).


II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.

Армысың, абзал адам! (Қолдарын алға созады). Армысың, менің досым! (Қолдарын бір-біріне қарап созады).


Мақсатты болжам.


(Ұ) Педагог балаларға екі қолын беліне ұстап тұрған

Суреттер.

3–5 мин.

спортшының суретін көрсетеді.

Балалар спортшы неге екі қолын беліне қойып тұр?



Балалар сұраққа жауап береді. Педагог балалар



жауабын толықтырады. Барлық балалар спортшы



сияқты тұрып, керілу созылу жаттығуын жасайды.


ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс


1-тапсырма. Педагог балаларға мəтінді оқып береді. Дүкенде қандай пішінді кəмпиттер сатылады екен? Кəмпиттер қайда өндіріледі?

Мəтінен Ф дыбысы бар қандай сөз естідіңдер? Футбол, фабрика, вафли сөздерін буынға бөледі. Ф дыбысын дұрыс дауыстатып айтқызады.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, ф дыбысының орнын табады.


Пілдің суретін көріп, «Піл» деп қайталайды.

Əліппе-дəптер












Суреттер.



Қандай дыбыс естіледі?



Музыка əуені.

Піл ме əлде філ ме?


Телефон суретін атайды.


Телефон ба əлде телебон ба?


Ф дыбысын П жəне Б дыбыстарынан ажыратып,


дұрыс айтуға жаттығады. Үстіңгі ерін сəл көтеріңкі

Ф əрпі жазылған

қалыпта болады да тіске тимейді, иек сəл төмендейді,

плакат.

астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл


ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен


астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шығып, Ф


дыбысы жасалады.



Ф – қатаң дауыссыз дыбыс.


Суреттер.

(Ұ) Сергіту сəті


Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін жасайды.


Педагогпен бірге қолдарын белге қойып, жаттығулар


жасайды.


3-тапсырма. Суреттегі заттарды атайды: фонтан, факс, футбол, фото.


Кəмпиттер.


Əліппе-дəптер.

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасатылады, сөздерді


буынға бөледі.


4-жаттығу. Педагог М. Əлімбаевтің өлеңін оқып


беріп, екінші жолын оқығанда тақтаға суретін салады.


Балалар тақтада ілулі тұрған Ф əрпінің бейнесіне


қарап педагогтің салған оң жəне теріс қараған Ф


бейнесімен салыстырады.


Педагог балалардың есіне сергіту сəтінде


жаттықтырушының тұрысын еске түсірулерін


сұрайды.


Екі бүйірін таянып тұрған адамның Ф əрпіне


ұқсайтынын айтады.


5-тапсырма. Педагог балаларға ф əрпінің баспа түрі


жазылған қағазын жəне домалақ пішінді кəмпит


береді. Кəмпиттен Ф əрпінің бейнесін жасайды.




Балалар Ф əрпінің баспа түрін есте сақтайды.


Ф əрпін ауда жазып қайталайды. Жазу жолына жазады.


IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.


28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.


Əліппе-дəптер.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.04.2019
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі