400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фабульдік мәтін негіздегі проблемалық дағдыларын қалыптастыру (

Материал туралы қысқаша түсінік
үйде оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе


 Ағылшын тілі - əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

Шетел тілін оқытуда қалыптастыратын негізгі дағды - ол сөйлеу дағдысы. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шетел тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену – ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Білім – адамзат қазынасы, халықтың білімділігі – ел байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүниетаным қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күнгі жалпы орта білім беру мекемелерінде ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыруда талай жұмыстар атқарылып, нақты шаралар белгіленіп, іске асырылып жатқанымен, оқыту ісінде түбегейлі мақсатқа жету жолында әлі де көптеген істерді атқару қажеттігі бар.

Жас ұрпаққа сапалы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіру мақсатында көптеген шет елдермен берік қарым-қатынас негіздерін қалап, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытудың сапасын көтеру үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру қажет.

Соның бірі – ағылшын тілі сабақтарында фабульдік мәтін бойынша тапсырмалар арқылы тілді меңгерту мәселесін зерделеу. Себебі мәтінмен жұмыс істеудің бір әдісін тіл үйретудің барлық деңгейінде қолдана беру орынды бола бермейді. Бастапқы кезеңде шағын мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау іспетті тапсырмалар орындалса, одан кейінгі кезеңдерде мәтіндегі сөздерге антоним, синоним табу, мәтін бойынша диалог құрастыру, мәтіндегі сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу және бұдан да күрделі, оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатын тапсырмалар болуға тиіс.

Ағылшын тілі сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. Ғалымдар еңбегін саралай келе, мәтінді, мәтін бойынша тапсырмаларды пайдаланудың бірнеше тиімді жолын айқындап, сабақта мәтінді, мәтін бойынша тапсырма түрлерін ұтымды пайдаланып, тиянақты нәтижеге қол жеткізуге болатынына көз жеткіздік.

Зерттеу нысаны - фабульдік мәтінмен жұмыс істеу түрлері.

Зерттеу пәні - фабульдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану.

Жұмыстың мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдыларын фабульдік мәтін негізінде қалыптастыру әдістемесін жетілдіру. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:

- әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, проблемалық сөйлеуді дамытуға байланысты талдау жүргізу;

- оқушыларды шет тілінде проблемалық сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін қарастыру;

- ағылшын тілінде оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдысын фабульдік мәтін негізінде қалыптастыру жолдарын анықтау;

- оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдысын жетілдіруде түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың ұтымдылығын іс – тәжірибе жүзінде өткізілген сабақтардың нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Жұмыста баяндау, тұжырымдау, талдау-жинақтау, қорыту, талқылау, бақылау әдістері қолданылады.

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы:

- Проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері анықталады;

-Фабульдік мәтіндерді ағылшын тілі сабақтарында қолдану үлгісі көрсетілді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытуда оқушыларды фабульдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде әдістер мен технологияны қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады, сонымен қатар ұстаздар семинар сабақтарында, оқушылар курстық және дипломдық жұмыстарын жазуда пайдалана алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.





1 Проблемалық оқытудың ерекшелігі

1.1Проблемалық оқыту технологиясы


Проблемалық оқыту әдісі негізінен екі функциясымен анықталады:

1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудің амалдарын іздестіруі.

2. Оқушылардың жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу әрекеті белсенділігін қалыптастыру.

Сабақ барысында мұғалім проблеманы талқылайтың сұрақтарды айқындап, оқушылардың ойлау әрекетін дамытатың жағдаяттар туғызу керек. Әрине, бұл әдісті қолдануда мұғалімнен көптеген ізденіс, негізгі және қосымша оқу кұралдарымен танысып, өзіндік білімін үнемі жетілдіру талаптары тұрады.

«Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады» [1].  Проблемалық оқытудың ерекшелігі мұғалім оқушының алдына проблеманы шешу міндетін қоя отырып, шешуді соның ішінде, тиімді шешу құралдарын қарастыруды өздеріне іздетеді. Бұл оқушылардың бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, проблеманы шеше алу дағдысын дамытатыны сөзсіз.  Проблемалық оқытуда  оқушыға ұсынылатын материалдың  шешімін табу, ең біріншіден оқушыға қызықты болуы шарт, оқушының проблеманың шешімін ұсынған шақта қанағаттануы тиіс. Ол оқушының өз бетімен ізденген, үйренуге деген ынтасының нәтижесі болғандықтан,  проблеманы шешуі  шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады. Өмірмен байланыстырылған проблемалық мәселелер мұғалімге балалардың шығармашылық ойлауы ғана емес, қарапайым тұрмыстағы ұсақ көрінетін нәрселерді шешудің тиімді жолдарын қарастыра білуге үйретеді.

"Проблемалық оқыту" ұғымы 20-30 жж. кеңес және шетел мектептерінде кеңінен тарады. Проблемалық оқытудың негізін салушы американдық  ғалым Джон Дью болып табылады. Ол оқушылардың оқу үдерісі кезіндегі интеллектуалды мүмкіндіктерін дамыту үшін оқушының өз белсенділігіне назар аудару керектігін айтады.

Проблемалық оқыту дегеніміз – оқытушының басшылығымен проблемалық ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында оқушылардың белсенді дербес іс - әрекетін қалыптастыру, мұның нәтижесінде білім, біліктер мен дағдыларды шығармашылықпен игеру, ақыл - ой қабілеттерінің дамуы іске асады. Проблемалық оқытудың мақсаты ауқымды: ғылыми таным нәтижелерін меңгеріп қана қоймай, оны алудың жолдарын игеру; оқушының танымдық дербестігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту; білім, білік, дағды жүйелерін меңгеру және дүниетанымды қалыптастыру [2].

Педагогикалық әдебиеттерде бұл құбылыстың бірнеше анықтамалары бар.

Айталық, «проблемалық ситуация» мен «оқу проблемасы» проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары. Оқу проблемасы ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтайтын, қызығушылықты оятатын меңгеру процесінің логикалық – психологиялық қарама-қайшылықтарының көрінісі.

Педагогикалық проблемалық ситуациялар белсенді әрекет барысында, танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін оқытушының қоятын сұрақтарының көмегімен туады. Проблемалық ситуациялар оқу процесінің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту, бақылау барысында туады. Оқытушы ерекше әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып проблемалық ситуацияларды тудырады:

- ол қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды

оқушылардың еншісіне қалдырады;

- бір сұраққа әр түрлі көзқарас білдіреді;

- оқушыларды салыстыруға, топшылауға, фактілерді сәйкестендіруге

итермелейді;

- анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалық талқылауға);

- проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды;

- проблемалық тапсырмалар қояды (әдейі қате жіберілген, уақыты шектелген, сұрағы анық емес).

Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:

- оқушылардың білімін терең ойлау, талдау, тұжырым жасау әрекеттерін меңгеру арқылы дамыту;

- оқушылардың білім жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет

амалдарын меңгеруі;

- оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық, қабілеттерінің дамуы;

- оқушылардың дүниетанымының негізі болып табылатың диалектикалық - материалистік ақыл-ойының қалыптасуы.

Арнайы функциялар:

- білімді игерудің шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу (логикалық

тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану);

- білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу;

- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру және молайту (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу) [3].

Проблемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тиімді бола алмайды. Практикада көрсеткендей проблемалық оқыту процесі танымдық белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде оқушылардың әр түрлі білім деңгейін анықтап отыр.

Шығармашылықтың түріне сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуға болады:

- біріншісі, теориялық шығармашылық оқушының өзі үшін жаңа ережені, заңды, теорияны ашады. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және оны шешу дағдыланады;

- екіншісі, практикалық шығармашылық: оқушының меңгерген білімін жаңа ситуацияда қолдануы, құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және оны шешу мақсат көзделеді;

Проблемалық оқытудың барлық түрі оқушы іс-әрекетінің шығармашылығымен, проблеманы шешудегі ізденіспен сипатталады. мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің сипатына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін анықтауға болады:

- өзіндік емес белсенділік деңгейі - мұғалімнің түсіндіруін қабылдауы,

проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой әрекетінің үлгісін меңгеру, оқушының өзіндік жұмысты орындауы, ауызша жауап беруі;

- жартылай өзіндік белсенділік деңгейі - меңгерген білімді жаңа ситуацияда қолдана алу, оқытушының қойған проблемасын шешу;

- өзіндік белсенділік деңгейі - оқушы тапсырманы өздігімен орындау, жаңа ситуацияда қолдану, кұрастыру, жорамалдарды дәлелдеу, өзіндік пікір айту;

- шығармашылық белсенділік деңгейі - оқушы логикалық талдауды қажет ететін өзіндік жұмыстарды орындайды, жаңа амалдарды ашады, дербес шешім шығарып топшылайды, психологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады [4].

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.

2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.

3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.

4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу [5].

Проблемалық оқытуды тәжірибеде қалай қолданамыз?  Ең біріншіден мұғалімге проблемалық тапсырмалар дайындау қажет. Проблемалық тапсырмаларды дайындау критерийлеріне тағы нені қосуға болады? Біріншіден, өмірлік жағдайды пайдалану, сырттағы өмірді сыныпқа әкелу. Блум таксономиясының өнімді деңгейі болып табылатын талдау, жинақтау, бағалау деңгейінде сұрақтар мен тапсырмаларды қамту. Фактілерді, әрекеттерді салыстыру және қарсы қойып проблемалық жағдаят  туғызатын болуы қажет. Ұлы ұстаз Қ.Бітібаева: «Өнімсіз, білімді оқушылық деңгейден ары қарай шығармашылық деңгейге көтере алмайтын дәстүрлі оқытудағы «неге?» деген сұрақтарға негізделген таптаурын тапсырмалар, терең талдау орнына құрғақ баяндау, әңгімелеу, мазмұндау немесе мәтіннен алынған орынды-орынсыз ұзын-сонар мысалдар, стильдегі кемшіліктер оқушыларды білімге жетелеудің орнына, керісінше жалықтырып жіберетініне күнделікті куәміз.»- деген болатын [6]. 

Қорыта келе, тұлғаның проблеманы шешу дағдыларын дамыту кезінде мұғалімнің де сыни ойлай алатын, проблема туғызатын тапсырмаларды дайындай алатын болғаны жөн. Сабақ жоспарлаған уақытында оқу мақсатын ең маңызды нәрсе оқушының сыни ойлау, проблема шешу дағдысын қалыптастыруға және нәтижелі болуға бағыттау керек. Берілетін тапсырманың өмірлік маңызы бар пайдалы болғаны жөн. 



1.2 Ағылшын тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру


Тапсырма проблемалық оқыту әдісі бойынша сабақ өткізудің бастапқы пункті болып саналады. Тапсырмада алдымен қойылатын проблеманың сипаттамасы болуы тиіс. Тапсырма тек теориялық сипатта ғана емес, оның практикалық жағы да қарастырылуы керек. Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері [7]. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді» деген [6].

Проблемалық оқытудың маңызы. Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы Проблемалық жағдаятты қабылдап, талдап шешудің жолдарына болжам жасауда оқушылар бұған дейінгі алған білімдеріне сүйенеді, сөйтіп қарастырылып отырған құбылыстың, үдерістің өздеріне әлі таныс емес қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде пікірлерін ортаға салады, әркім өзі ұсынған пікірлерін негіздейді, қорғайды, ғылыми принциптерге сүйене отырып тұжырымдайды. Оқушы ойын қозғап, түртіп, қозғалысқа келтіріп отыру оқытушының басты міндеті болып табылады. Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы шешуші тәсіл проблемалық жағдаяттар тудыру. Бұл тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ойлана білу қабілетін дамытады, ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттырады, төзімділікке, шыдамдылыққа, аңғарымпаздыққа баулиды [8].

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймыз.

Шығармашылық жазба жұмыстары -тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт – бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл күй, ой-толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.Осыған орай кейде ой-толғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?»,«Who l am?»деген тақырыпты жазуға тапсырма беруге болады.

Оқушылардың ағылшын тілінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Біріншіден, түсінгенін дұрыс айта білу( сөйлемді дұрыс құрастыру,жеке дыбыстарды, буынды, сөзді, сөз тіркестерін дұрыс оқу).Екіншіден тақтадан, кітаптан, мұғалім айтқанынан сөз, сөз тіркестері, сөйлемдерді сауатты көшіре білу.

Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.

Орта буынға келгенде, қабілетті дарынды оқушылар сабақтағы жұмыстарға қанағаттанбайды. Осы кезден бастап қосымша сабақтар өткізу арқылы оқушының қабілетін танытуға мүмкіндік туады. Бұл жастағы балалар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды. Көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беру керек , келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздыруға болады. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады.  Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептеледі. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

-баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

-өзін-өзі дамытатын тұлғалар қалыптастыру [9].

Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолдануға болады. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастайды. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді [10].

Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін,бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде «Жақсы-жаман» «Good-bad» ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамаулары керек.

Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we cannot put it in the bag – bad.

Бұл тапсырма арқылы балалардың объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну, сапасы мен санын ажырата білу сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге, жүйелілікпен талдай білуге үйренеді. Тапсырманың соңғы үшінші түрі қиындау бірақ өте қызықты. Ойынды жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі өлшемдерінің бірі-білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады.

Деңгейлеп оқыту технологиясын негізге ала отырып мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мынадай тәсілдерді пайдаланып шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады: 

1.Мәтінді өзгертіп баяндау. 

Бұл тапсырма оқушы деңгейіне қарай өте жақсы оқитын оқушыларға беріледі. 

2. Мәтіннен іріктеліп алынған сөздердің антонимдерін анықтау. 
Жұмыстың бұл түрі шәкірттердің сөздік қорының молаюына, тіл байлығының өсуіне тікелей ықпал етеді. 

3.Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.Мысалы,төмендегідей мәтін беріледі.Hello! My name is Ahmed. I come from Egypt. I speak Arabic. I live in big city.Екі оқушы шығып мынадай диалог құрастырады: 

Dauren: Hi! What’s your name? 

Ahmed: Hello! My name is Ahmed. 

Dauren: Where do you come from? 

Ahmed: I come from Egypt. 

Dauren: What language do you speak? 

Ahmed: I speak Arabic. 

Dauren: Where do you live? 

Ahmed: I live in a big city. 

Осы тәсілмен кез – келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады. Шәкірт өз ойын хабарлы сойлем түрінде баяндай білумен бірге сұраулы сөйлем жасаудың амал - тәсілдерін игеруге, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруға жаттығады. 

Келесі тапсырма түрі “Мәтін құра” Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша сөйлемдердің орны ауыстырылып беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелеп беруін талап етеміз.Мысалы: 
I live in a small town.I come from China. Hello! I speak Chinese. My name is Li. 
Топтың оқушылары сөйлемдерді тез-тез орындарына қойып, мәтінді айтып беруге дағдыланған. 

Hello! My name is Li. I come from China. I speak Chinese. I live in a small town. 

Осы мәтінге қарап оқушылар әркім өзі туралы жазып айтып береді. Мысалы: 

Hello! My name is Zhandaulet. I come from Kazakhstan. I speak Kazakh. I live in a small town Kyzylorda. 

Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде “жақсы-жаман” “Good - bad” ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамауы керек. 

E.g. T: Crocodiles. P: They are bad. They have sharp teeth. We don’t like them. They are dangerous.Etc. 

T: Camels. P: They are good. They are domestic animals. They give us milk. We make shubat out of their milk. Etc. 
Осылай әр оқушы бір –бір сөйлемнен айтып шығады. 

Келесі бір тапсырма түрі “Тақырыбын тап”. Тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді шағын әңгіме құрайды және әңгіменің тақырыбын белгілейді. Мысалы: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like? How many pupils are there in your class? Etc. 

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).

3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.

Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру — оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді [11]. Бұл орайда оқушыларға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:

- оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;

- сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

- шығармашылық ой - өрісі артады;

- кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

- ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

- мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;

- оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

- білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;

- өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;

- тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

- оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;

- дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;

- дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;

- бәсекелестік қабілеттері дамиды;

- мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын істeрдің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. 

Тіл дамыту жұмыстарының бір түрі - шығармашылық жазба жұмыстары. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт - бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты-логикалық ойлaуды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру [12]. 

Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есіне ұстауы қажет : 

- баланың бойындағы құмарлығын , қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру; 

- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау; 

- өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. 

Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық

жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Мұғалімнің негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, мұғалім:

а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;

ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.

Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, мұғалімнің түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушылардың өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (мұғалімнің көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана «зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады [13].

Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады, дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.



1.3 Проблема арқылы тақырыпты түсіндіру жолынан оқушылардың тіл құзыреттілігін дамыту


Проблемалық оқыту :

- оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

- оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

- түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

- кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту [14].

Проблемалық жағдайларға қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады:

- Оқу ақпаратының сәйкестілігі;

- Проблеманың күрделі болуы;

- Оқушылардың танымдық әрекетімен дербестікті дамытуға бағытталуы;
- Жаңа жағдайда талдауда қайшылықтардың кездесуі [15].

Проблемалық оқыту технологиясы оқушының шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктерін, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығын, жемісті ойлау қабілеттерін дамытады.Проблемалық оқыту технологиясының негізін салушылар мен зерттеушілер Махмутов Мирза Исмаилович, Лернер Исаак Яковлевич.

Проблемалық жағдаят - субъектінің белсенділігіне негіз болып, ынталандыратын сыртқы жағдайлар жүйесі.

Проблемалық жағдаяттарды құрастыру әдістері:

- өмірлік жағдайларды пайдалану;

- құбылыстарды түсіндіру;

- пәнаралық байланыстарды түсіндіру;

- міндеттерді (тапсырмаларды) ауыстырып отыру, сұрақтарды  өзгертіп отыру - фактілерді, әрекеттерді салыстыру  және қарсы қойып салыстыру  арқылы оқушыларды талпындыру,  осының нәтижесінде проблемалық  жағдаятты туғызу [16].

Проблемалық оқыту технологиясы – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру. 

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік) [17].

Осылардың ішінде, оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

  • Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

  • Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

  • Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

  • Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау:

  • Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Бұл тәсілді соңғы жылдары көптеген методистер сөз етуде. Проблемалық оқытудың теоретиктері Липецк озаттарындай мәселені мазмұн жағынан емес, көбіне форма жағынан бастайтын сияқты. Сұрақтарды: проблемалық сұрақ, міндет деп екіге бөледі.

Проблемалық сұрақ- міндеттердің мақсаты оқушының өзіндік ойын, тәжірибесін дамыту. Мәні қиын деген сұрақты оқушы барлық жерде өзі тауып, өзі шеше алар ма екен? Асылы проблемалық оқу дегеннің өзі мұғалімнің басшылығынсыз іске аспаса керек. Сұрақ қою дегеннің өзі соны аңғартады. Егер бұл тәсіл оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру мақсатын көздейтін болса, оны мазмұндық оқу, талдап оқу, жинақтап оқу деген үш сатыға бөлу керек. Проблема қойып, оны шеше білу тек сол үш сатыға қойылса ғана жемісті болады [18].

Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы:

а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;

ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.

Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен студенттердің ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушылардың өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана «зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады.

Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады,дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.

Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой - тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.

Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және тағы басқа әрекеттер қамтылады.

Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол - оқушылардың шығармашылық еңбегі.

Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машықтандыру.

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі - мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен сөйлемдерді бір - бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мазмұндама жаздыру- оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы - қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар:

1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3.Шығармашылық іс- іс-әрекетке жағдай туғызу.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:

- Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

- Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;

- Шығарма, шағын әңгіме құру;

- Сөзжұмбақ құру, шешу;

- Қиялдау арқылы сурет салу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдікбілім кеңістігіне ұмтылу - мектеп оқушыларыныңдербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі меншығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талапетеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқыпжүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайындапайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты [19].

Шығармашылық - танымдық іс-әрекет нәтижесіболып табылады. Осы жерде шығармашылық ұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігіменерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім менбіліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы.

Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесіндешығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және соләрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түрінесәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталыпотыр.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясыкезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оныжоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік,қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқтыкөптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетінтиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет.Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінжетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасубелгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындаумүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ - танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пәнбойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсенеқатысуымен ерекшеленеді.

Екінші топ- ізденіске ұмтылады, бірақшығармашылық тапсырмаларды орындауға барлықуақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді. Танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.

Үшінші топ - шығармашылық сипаттағытапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмалардыұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оныорындауда көмекті қажетсінеді.

Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу - мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға және мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

- оқушылардың шығармашылық дербестігіндамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруғаболады;

- танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғарықарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйеменжүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

- танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырубіліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыстүрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.Танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық» [20].

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.

Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.

Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға қызықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет. Әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықталады. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық - әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады.Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.






2 Фабульдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары

2.1 Проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы фабульдік мәтіннің ролі


Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғалар қатары. Фабула (лат. Фабула – аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет – ретімен жүйелеу).

Аңыз әңгімелер - халық поэтикалық шығармасындағы бұрынғы болған оқиғалар мен нақты адам өмірі туралы мәліметтерден тұратын әңгіме.

Шешендік өнер қай қоғамда болса да, халыққа халық көпшілікке әсер ететін,оның сапасын,сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген ол өнер күні бүгінге дейін сол үшін де қасиетін жойған жоқ.

Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғылым, жазушы жалпы әрбір білімді, мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысу артық емес.

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады.

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтыңерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз [21].




Басқа елдер сияқты Англияда  да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген.

Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог-ғалымдар да еңбек еткен.Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап,олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды.

Фабула - бұл латынша-әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру-көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Біз шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығарамадағы суреттелген әрбір әрекеттің, оқиғаның, құбылыстың мәніне тереңдеп үңіле бастаймыз, соның нәтижесінде санамызда сюжет жайлы түсінік пайда болады.

Коммуникантқа бағытталған тәсілдер бойынша мәтіндер үзік-фабульдік және үздіксіз-фабульдік болып бөлінеді.

Үздіксіз-фабульдік мәтіндерде тақырыптың дамуы авторлық ауытқулармен үзілмейді және фондық мәліметтермен аз қамтамасыз етілген.

Үзік-фабульдік мәтіндерде сюжеттің дамуы фондық мәліметтермен және авторлық ауытқулармен қиылысады [22].

Фабульдік мәтін бақылаудың келесі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді: қандай да бір әрекет етуші тұлғаның сыртқы келбетін, іс-әрекет болатын жерді сипаттау, әңгімеде көрініс тапқан адамдар туралы бірнеше сөз айту және тағы басқа, бұл тәсіл оқушылардың мәтінде айтылған фактілерді қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында өткізіледі.

Мәтіндерге қойылатын негізгі талап - мәтіндер ақпараттық, мүмкіндігінше қызықты, қолжетімді, әлемнің барабар бейнесін көрсетуі тиіс. Олар жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс; сөйлеудің мазмұнды жоспары болып, оқытудың практикалық, білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Олардың негізінде оқудың аналитикалық-синтетикалық фазасы жүзеге асырылады.

Мектеп оқушыларының ағылшын тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда фабульдік мәтіндердің, оның ішінде ертегілердің рөлі ерекше.

Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:

- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын не үнтаспасынан тыңдауын;

- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;

- Мәтінді мәнерлеп оқуға;

- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына;

- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;

- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек [23].

Ағылшын тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда ағылшын ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мұраның қай түрін алсақ та оқушыға ағылшын тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

  • дыбыстармен жұмыс;

  • сөздіктермен жұмыс;

  • сөздік қорларын жетілдіру;

  • тіл дамыту;

  • ережемен жұмыс;

  • ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Мәтінмен жұмыс істеу  мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.   мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;

2.   мәтінмен жұмыс кезеңі;

3.   мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;

1.  Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әр түрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері) меңгерту.

- сөздік жұмыстар;

- сөйлем кұру.

2. Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады:

- мұғалім өзі мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқып береді;

- оқушыларға тізбектетіп оқыту;

- оқығанның мазмұнын айту;

- мәтін бойынша сұраққа жауап беру;

- жоспар жасату;

- бірнеше бөлімге бөліп оқыту;

- негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.

 Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз - мәтіннің мазмұның түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады.

3.   Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды шетел тілінде жеткізе білу.

Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

  • логикалық сұрақтар;

  • фонетикалық жаттығулар;

  • мәтінге жоспар құру;

  • аударым;

  • мәтінге ат қою;

  • диалог, ситуация құру;

  • мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту [24].

Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін ағылшын тілінде оқудың ерекшеліктерін меңгерткен жөн:

а)   ағылшын тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы;

ә) ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір - бірінен ажырата білу;

Мәтінді оқудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдануға болады:

1. Дауыстап оқу-оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі - оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.

2. Іштей оқу - бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге дейін оқу керектігін белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін белгілеп отыруға болады:

- Араласып оқу (кезекпен оқу);

- Буынға бөліп оқу;

- Мәнерлеп оқу;

- Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай ырғағымен оқу.

Оқушыларды шапшаң оқуға дағдыландыру әрине өте жақсы. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы толық түсініп оқыды деген сөз емес. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс - тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады [25]. Бұл жерде айтатын нәрсе, күнделікті сабақ сайын мәтіннің бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен шектеліп қалмау керек. Ол балаларды зеріктіріп, ынтасын кемітіп, ойлану қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістер қолдану керек:

- мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару;

- оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу;

- мұғалімнің сұрағына дайын жауап оқу;

- берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру;

- оқыған мәтінге немесе абзацқа ат қою;

- магнитофонға жазылған мәтінді оқушыларға тыңдатып, мазмұнын ағылшын тілінде айтқызу;

- сөздіктерді пайдалана отырып өздерінше аударуға дағдыландыру;

- жоспар құрғызып, мәтіннің мазмұнын түсінгендерін тыңдау [26].

Оқушыдағы лингвистикалық білімнің элементтері дамуы өте ерте жастан басталатынын біз білеміз. Сондықтан оқушыға тек қана тыңдап, оқып, ойдан шығаруды ғана емес, ертегінің басқа да жаңа қырларын достарымен жазба түрде ашуына бағыт-бағдар көрсетуіміз керек. Оның ең қарапайым тәсілдері - бұрында хат жазу, телеграммалар жазу болса, қазір де смс арқылы пікір алмасу немесе түрлі ғаламтор желілерінде талқылау. Оқушының сөздік қорын дамыту үшін, ертегінің мағынасын бұрмаламай өздері ертегі ойлап шығаруға үйретеміз. Ертегілермен жұмыс жасау, әрине дәстүрлі емес сабақтарға енгізіледі. Өйткені, оқушының ертегілерге деген қызығушылығын арттыру және ойлау қабілеттерін дамытуға көп еңбек керек болады. Оқушыға ертегідегі кейбір кейіпкерлердің іс әрекеттерін өзгерту немесе өзі кейіпкерге жаңа келбет беру үшін біз сол бұрыннан келе жатқан «ертегідегі  зат есімдерді, етістіктерді және сөздің бөлшектерін табу» әдісін қолданамыз.

Мысалы мынандай ойын ойнайық: «Балалар ертегіні оқу барысында кейбір сөздер немесе әріптер бізге ренжіп қашып кетті. Ал кәнекей, ойланып сол сөздерді тауып көрейік. «On – up – a – tme — hre- was – a – little — grl» мына сөздердегі қай әріптер жетіспейді? Оқушылар ертегіні қайта-қайта оқып сөздерді табуға немесе өздері ойдан шығаруға әрекет жасайды. Біреу ертегідегі сөздерді жазса, ал біреулері күлкілі сөздер жазып қояды. Ал ендігі бір ойын осы сөйлемдерде қанша дауысты және дауыссыз әріптерді табу болса, келесі ойында балалар сөйлемдегі артық сөздерді табады. Мысалы: fox, hare, house, dog, cock  сөздерін оқып аударып, артық сөзді немесе жабайы және уй жануарларын топтастыру тапсырылады.Ол үшін Микки Маус немесе Винни-Пух ертегілерімен танысу керек. Оқушыға ең алдымен өзара әңгімелесу тапсырылады. Бұл үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылардың арасыннан ең белсенді екі оқушы Микки Маус және Винни Пух рөліне тағайындалады.Олар өздерінің топтарына бір-бірімен әңгімелесуіне көмектеседі. Тапсырма мынандай: Микки Маус өз үйінің алдында, көк шөптердің үстінде дем алып жатыр деп елестетеміз. Винни Пух оның жанына келіп онымен әңгімелеседі. Микки Маус пен Винни Пух яғни екі топ арасында шамамен мынандай диалог болады.

Винни-Пух: Hello! I’m a little brown bear. My name is Winnie-the-Pooh. And who are you?

Микки: Hello! I’m a little grey mouse. My name is Micky. I live in this big house. Nice to meet you!

Винни-Пух: Have you got a family?

Микки: Yes, I have. I’ve got a father, I’ve got a mother and I’ve got a pretty little sister. I love my family very much. Have you got a brother?

Винни-Пух: No, I haven’t. But I’ve got a friend.

M и к к и : I  love my friend very much too. Look, I’ve got a long tail. Have you got a long tail?

Ойын барысында оқушыларға сұрақ қоюға және жауап беруге көмектесіп тұру қажет.

Келесі бір ойынымызда оқушының ойлау қабілетін дамытуды көздедік. Ол үшін балаға бұрын естіген және оқыған ертегідегі кейіпкерлерді немесе көріністерді өзгерту, кішігірім екі әңгімеден бір әңгіме жазу тапсырылады. Әрине, бұл оңай тапсырма емес. Бұл әдіспен біз баланың сөйлеу, жазу және ойлау қабілетін дамытамыз. Ойлау қабілетін дамытудың тағы бір әдісі ертегінің атауын шифрлеу. Оқушы шифрлеу мақсатында сандарды қолданады және оны есте сақтап қалуы қажет болады. Немесе ертегідегі күлкілі сөздерден сол ертегінің өзіне жаңа атау беру. Шифрлеу дегеніміз мынандай жолдармен іске асырылады, мысалы: («duck» -«kcud»); («pig» — «big»)…

Мұғалім оқушыларға беретін тапсырмаларының алдымен жоспарын жасап алады.Әрбір ертегінің өзіне тән бағытымен тапсырмалар жасау керек. Бір ертегіде математикалық қабілет жеткіліксіз болса ал басқа бір ертегіде экологиялық қабілеттің жеткіліксіз екендігін байқауға болады. Осының бәріне мән бере отырып, мұғалім өз тапсырмаларын жасайды. Баланың тапсырманы оңай орындауға, дұрыс ойлауға бағыт береді. Мұның бәрі оқушыны географиялық саяхат жасауға, тарихи маңызы бар өткен шаққа көз тастауға, Отанды сүюге, салт-дәстүрлерді қадірлеуге итермелейді. Мұғалімнің мақсаты - осы әдістермен ертегілер арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс  жүргізу кезінде оқушылардың ой - өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.

Осылайша, ауызша сөйлеу, мәнерлеп оқу, шығарманы талдай алу арқылы оқушылардың проблемалық сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады.


2.2 Фабульдік мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастырудың түрлері


Оқушылармен сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта ағылшын фабульдік мәтіндерді, оның ішінде ертегілерді үйрену барысында    қолданылатын  негізгі әдістер мыналар:

І. Бағыт бағдар беретін қадағалау әдісі:

1) Мұғалім, ата-ана және оқушылармен біргелікте қандай ертегілер (ертегідегі кейіпкерлердің, кейбір көріністердің, суреттердің, әзіл-қалжыңдардың, мұңды көріністердің…)  оқушыларға  қандай лайықты әсер ететінін көріп,  үйреніп шығады;

2) Оқыған ертегісін ауызша айтып беру, кейбір эпизодтарына мән берудің өзі оқушы тәрбиесіне маңызды әсер етуін анықтау;

3) Ертегідегі кейіпкерлердің мүсіндерін лай және саздан жасау, суреттерін салу, маскалар жасау, костюмдарин тігу, оқушының шығармашылығын дамыту;

4) Ертегілердегі іс-әрекетінің орнына немесе мінездеріне сай әуендерін таңдау.

ІІ. Салыстыру әдісі:

Ойын. «Кім неге ұқсайды? Кім кімге ұқсайды?»

Әр түрлі суретшінің бір ертегіге салған суреттерін салыстыру.

ІІІ. Танымдық және стильдік өзгешеліктерін дамыту әдісі:

1) Бұрында оқыған ертегілеріндегі көріністің, суреттердің немесе орындардың  кітаптың қай жерінде екенін еске түсіру, көз алдына елестету оқушының есте сақтау қабілетін дамытады.

2) Оқыған ертегілерді сахналау, викторина түрінде ойын көрсету, ертегіден үзінді көрсету арқылы жұмбақ жасыру, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады.

3) Әдеби театр: өлеңдерден үзінді оқу, суреттерін салу, суреттер туралы әңгіме айту немесе музыкасын тыңдау баланың дүниетанымын тереңдетеді.

ІV. Көркемдік бейнелермен тәжірибе жасау әдісі:

1) Ертегідегі кейіпкердің бейнесінде үзінді оқып беру оқушының сол бейнеге енуіне, оның мінез-құлқын терең үйренуіне бағыттайды.

2) Оқыған ертегідегі батырларды өз арамыздан іздеу, қазіргі замандағы қаһармандармен ертегідегі кейіпкерлерді салыстыру, өзін кейіпкердей ұстау, ескіні жаңашаландыру әдісі.

3) Ертегідегі кейіпкердің келешектегі тағдырын болжау әдісі автордың идеясын әрі қарай  автор рамкасынан тыс шығарманы дамытуға жетелейді.

  1. Сараптау және бағалау әдісі:

1) Менің сүйікті кейіпкерім: барлық жастағы оқушылар өздері таңдаған қаһармандарын көрерменге танытып, оның іс-әрекетінің дұрыс екендігі, нағыз батыр екендігін дәлелдеу, жоғары бағаға сай екендігін көрерменге жеткізу.

2) Менің сүйікті авторым және ертегім: оқушы өзі таңдаған автордың ертегілерін оқушыларға өте тамаша ертегі ретінде таныстыру және жоғары дәрежедегі шығарма екендігін дәлелдеу.

3) «Ертегідегі оқиға не туралы? Ондай оқиғалар басқа ертегілерде кездесе ме?» тақырыптарында әңгімелесу және оқыған ертегіге баға беру.

4) Әдеби қаһармандар туралы «Бұрын оқыған ертегілердегі қай қаһарман немесе батырға ұқсайды? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?» деген сұрақтарға жауап табу.

5) Ертегіні жазған жазушы туралы әңгіме: оқушылар өздері оқыған ертегілерді жазған авторлар туралы мағлұматтар жинақтап айтып береді, оларға қойылған ескерткіштер немесе сол автордың атымен байланысты жерлер туралы әңгімелеп береді (Атап айтсақ, «Питер Пэн»-нің Лондондағы ескерткіші, «Нильс Хольгерсон жабайы қаздармен» атты Токиодағы ескерткіші, «Жабайы аққулар» атты ескерткіш Оденсте, «Пиноккио»ескерткіші Коллодиде, «Русалочка» және Андерсеннің Копенгагендегі екі ескерткіші; Санкт-Петербургтағы Андерсенград  ескерткіші, АҚШ-тағы Диснейленд, Оденстағы  Андерсенның Үй-музейі).

6) Ең күлкілі немесе ең қорқынышты ертегі: «Қандай қорқынышты немесе күлкілі кітаптарды оқыдың?» тақырыбына әңгімелесу.

Осындай әдістермен жұмыс жасау оқушының әдеби-ассоциативтік ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, жан-жақты жетіскен, білімді  келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде  маңызды  рөл ойнайды [27].

Фабульдік мәтіндерді қолдану мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдыларын қалыптастыру.

Оқушының тілін дамытуда фабульдік мәтін үлкен орын алады, мәтін балаға білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және тәрбиелейді.

Мысалы, ауызша да, жазбаша да біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінде мәтін арқылы жеткіземіз.

Проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған сабақтың мақсаты оқушыларды объектінің сипаттамасын ажыратуға үйрету, өзінің көзқарастарына сәйкес сипаттамаларды бағалау, таңдау және топтастыру, келісуді немесе келіспеуді білдіру, өзінің позияциясын дәлелдеу болып табылады.

Бұл ретте жетекші операциялар-таңдау, құрылымдау, жалпылау, салыстыру.

Мәтінмен жұмыс жасаудың қандай кезеңдерін оқу процесіне енгізу қажет, қайсысы тиімді екендігі жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.

Г. Г. Сказкив үйде оқу жұмысын ұйымдастыруда екі кезеңді бөледі.

Бірінші кезең-мәтіннің лексикалық-грамматикалық қиындықтарын талдау, жаңа лексикалық материалды белсендіру және мәтінде жазылған ақпаратты түсінуді бақылау. Екінші кезең-оқылған мәтіннің мазмұнын шығармашылық талқылау [28].

Балакирева М. А. мәтінмен жұмыс істеу үшін келесі реттілік қажет деп санайды:Vocabulary work, Comprehension, Discussion, Writing [29].

А. И. Панов, сондай-ақ ауызша сөйлеу дағдыларын немесе аударма дағдыларын дамыту бойынша оқыған мәтінді бақылауға айналдыратын жұмыс түрлері мен тәсілдерін қолдану орынсыз деп санайды.

Сондықтан сөйлеу жаттығуларын ол оқылған мәтінді түсінуді тексеру құралы ретінде ғана қолданады.

Оның пікірінше, сабақ үш кезеңнен тұрады: 1) жалпы мазмұнды түсінуді бақылау; 2) жекелеген маңызды бөлшектерді түсінуді тексеру; 3) оқылғанды бағалау [30].

Н. Ищук өз бетінше үй оқуларында негізінен "мәтін алдындағы" жаттығуларға мән береді. Тапсырмалардың басым бөлігі ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту үшін мәтінде қолданылған сөздер мен грамматикалық құрылымдармен жұмыс істеуге бағытталған [31].

Осылайша, мұғалім қандай тәсілді ұстанса да, мәтінмен жұмыс істеу реті келесідей көрінеді: сөз алдындағы жаттығулар (Vocabulary work), мазмұн ұғымын бақылау (мәтіндік кезең), мәтіннің маңызды бөлшектерінің түсінігін бақылау (талдау және бағалау, мәтіннен кейінгі кезең), мәтіннің әдеби-стильдік ерекшеліктерін талдау.

Шет тілін оқытудың саналы-коммуникативтік әдісі өкілдерінің көзқарасын бөле отырып, біз үшін сабақты құрудың негізгі принципі - "қарлы кома қағидаты" (принцип снежного кома).

Сабақ жаттығулар тізбегі ретінде болуы тиіс, бұл ретте әрбір келесі жаттығу алдыңғы жаттығуларға сүйеніп, бір тілдік қиындық тудыруы тиіс.

Сабақ тірек схемалары мен орналастыру кестелерінің көмегімен қажетті аргументтерді іріктеуден басталады және оқушының өз пікірін білдіре отырып, берілген мәселе бойынша еркін пікір түрінде жинақталуымен аяқталады [32].

Тапсырмалар нұсқаларын кезең-кезеңмен қарастырайық.

Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушыларға берілген кесте бойынша пікір жазу сияқты тапсырманың түрін ұсыну қажет.

Мысалы,

1. Give your ideas concerning people's qualities and actions.

It's (un)natural for a doctor to be a professional

It's important for a patient to follow all the doctor's prescriptions

It's immoral for people to help others when they are in trouble

It's awful to let others guide you whenever they wish

It's (hardly) necessary to agree with every opinion you hear

It's desirable for a teacher to deliver lectures from memory

It's absolutely impossible

It's reasonable.

Кестенің мазмұны мәтінге сәйкес келуі және талданатын көркем шығарманың нақты кейіпкерлерінің жеке қасиеттері мен қылықтарын көрсетуі тиіс.

Бұдан әрі берілген көзқарас пен полемиялық реплика дайын жауап негізінде байланысқан бастамашылық репликаны дайындау бойынша тапсырма ұсынуға болады.

Мысалы,

2. Express your attitude to the statements giving arguments to explain what you mean. Let your partner respond with two other arguments supporting your point of view or opposing it. Don't exchange your ideas before your turn comes round!

Мұнда оқушыларға оқылатын шығарманың мазмұнында айтылған мәселелерге байланысты тұжырымдар ұсынылады.

Мұғалімнің басты міндеті алдыңғы жаттығуларға сүйеніп даулы тұжырымдарды құру.

Мысалы,

Even invalids can make a good career.

People with poor health to are not able to be a success.

Монологты сөйлеуге мұғалім келтірген тізімдегі жеке тұлғаның сапасын таңдау негізінде фабулдық мәтіннің кейіпкерлерінің сипаттамасы, кейіннен мәтіннен фактілерді растау сияқты тапсырма түрі бола алады.

Мысалы,

3. Characterize Mr.. ../Mrs... making use of the following vocabulary (you may break the given pairs into separate elements and combine them in your own way). Justify your choice by giving facts from the story.

- Absent-minded, but kind-hearted;

- Industrious, but dull;

- Hard-working and talented;

- Absent-minded, but able to concentrate;

- Quick-witted and resourceful.

Бір сөйлемде қысқаша түйіндеме құрастыру сабақтың мақсатына жетуге бағытталады. Оқушыларға үлгі – шаблон ұсыну қажет. Мысалы,

4. The story we are discussing is a story about an orphan boy who embarrasses people by calling them «father» and «mother' and who finally gets adopted by a kind elderly couple, after a series of amusing incidents.

Бір сөйлемдегі түйіндеме өте күрделі тапсырма емес, бірақ ол басым сипаттамаларды таңдауда маңызды ой белсенділігін талап етеді.

Жағдаятты қысылған түрде көрсете отырып, оқушы жалпыға ортақ жеке тұлға ретінде көруді және сол арқылы мәтіндегі мәселені ажыратуға және одан әрі оларға түсініктеме беруге үйренеді.

Мәтінді қосу тапсырмасын тыңдалым және айтылым сияқты тілдік қызметтің түрлерін біріктіре отырып, басқа нұсқада да беруге болады.

Мысалы, алдын ала тыңдау арқылы тірек сұрақтары бойынша мәтінді қосу.

5. Listen to the story and answer the following questions....

Келесі қадам - мұғаліммен берілген шеңберде түсініктемелі монологты пікір. Ол әңгіме кейіпкерлерінің адамгершілік (кәсіби) қасиеттерімен де, нақты оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін.
Мәтін талдаған кезде келесі талаптарға назар аудару қажет:

  1. Мәтінде тәрбиелік мақсаты болу керек;

  2. Мәтіндерде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін ағылшын халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлт мейрамдары туралы мағлұмат көбірек болуы тиіс;

  3. Жеңілден қиынға деген дидактиқалық принципіне сәйкес мәтіндер сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа күрделену тиіс.

Мәтінмен жұмыс 5 түрге бөлінеді:

  1. Мәтінмен танысу (тұсаукесер)

  2. Мәтін негізінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындау

  3. Сұхбат құрастыру

  4. Монолог

  5. Бақылау

1.Мәтінмен танысу - мәтінді оқу, жаңа сөздермен танысу, мәтінді аудару, мазмұнымен танысу.

2.Мәтінмен жұмыс істеген кезде мынадай грамматиқалык тапсырмаларды орындауға болады: сөйлемді толықтыру, сөйлемнің мағынасын сақтай отырып сөйлемді жаңадан кұрастыру, сөйлемді кеңейту және қысқарту, антоним мен синонимдерді табу, сөйлемдерге синтаксистіқ талдау жасау.

Мәтінмен жұмыс жасаған кезде инновациялық технологияларды да қолданған жөн, мысалы – интенция. Интенция дегеніміз - сұхбат немесе монолог барысында ситуативтік, эммционалық сөздерді қолдану.

Енді осы бес кезеңге, бес мәселеге нақты тоқталайық,

  1. Көркем шығарманы талдаудың алғашқы қадамы-ондағы оқиғаны, оның талдау желісін таныстырудан, ұғымдырудан басталады. Шығармадағы оқиғаны, онық мазмұнын, сюжетін, шығарманың көркемдік ерекшелгін, тілдік шеберлігін, кейіпкерлер бойындағы адамгершілік, сана мен рухани байлығын білмеген, түсінбеген оқушы шығарманы әрі қарай талдауға кірісе алмайды.

Ол үшін мынадай жұмыс істелу қажет:

А) Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен және тірек сөздермен жаттығу жұмыстарын өткізу;

Ә) Мәтіннің мазмұнымен таныстыру (оқушылар өз бетінше оқып, мазмұнымен танысып келеді).

2) Мұғалімнің арнайы тапсырмасындағы мәтінге байланысты жаттығуларды орындау.

А) Сөйлемдерді толықтыру.

Ә) Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып басқаша құрастыру.

Б) Сұрақтарға жауап беру.

В) Қате сөйлем беріледі. Мәтіннен дұрыс нұсқасын табу.

Г) Мәтінді жоспарлау.

Д) Сөйлемдерді ықшамдау. Сөйлемдерді кеңейту.

Е) Шығармада кездесетін фразеологизімдермен, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен, омоним, синоним, антонимдермен жұмыс істеу.

3) Сұхбат (диалог)

Мәтінмен жұмыстың ең қажетті, ең негізгі түрі - оқушыларды сөйлеу, яғни екеуара сөйлесуін ұйымдастыру.

Осыны іске асыру барысында түрлі әдіс пайдалануға болады: бұл интенция әдісі (одағай, қыстырма сөздері пайдаланып жолдасының айтқанымен келісу/келіспеу, сөзін құптау/құптамау), инновациялық әдіс - сөйлеу жағдаяттарына (түрлі ситуацияларға), сөйлету, және проблемалық тәсіл-белгілі бір тақырыпқа проблема құрып, сол проблеманы шешу-(интерактивная методика дейміз).

Бұған:

а) драматизация әдісін пайдаланып, әңгімені рөлдерге бөліп оқу;

ә) рөлдік ойындар;

б) сөйлеу жағдаятын туғызу;

в) мақал-мәтел, нақыл сөз, дәстүр бойынша әңгімелету, ситуация құрастыру;

г) оқушыларды ойландыратын сұрақтар қою жатады

4) Монолог.

Тіл үйренушілер сұрақ қойып, оған жауап беріп қана қоймай, ойын, пайымдаудың бір бүтін мәтін арқылы жеткізе алу керек,

Осыған байланысты жұмыс түрлері:

а) Жоспар бойынша әңгімені мазмұндау.

ә) Әңгіменің ұнаған эпизодтарын теріп алып мазмұндау.

б) Әңгіменің ең негізгі эпизодтарын мазмұндау.

в) Шығарма оқиғасының басталуын, байналысын, дамуын айқындау.

5) Бақылау.

Мәтін талдау барысында бақылау өзінен өзі болатынына қарамастан, оқытушы қорытынды бақылау жұмыстың өткізгені лазым. Ең тиімді- тест.

Тест арқылы оқушылардың жазу, тындау, оқу, сөйлеу қабілетін тексеруге болады. Тест тапсырмаларына мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға қоса грамматикалық тапсырмалар беруге болады [33].

Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: СТО дамыта оқыту, рейтингтік, модульдік оқыту технологиясы, ынтымақтастық технологиясы.

Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушы белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуацияларды туғызу қажет.

Қазіргі буынға ағылшын тілі оқулықтарында оқушының еркін сөйлеуіне үйретуде, коммуникативтік тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында қолдануына дағдыландыруда соңғы әдістемелер қолданылған. Оқыту тәсілдері әртүрлі, негізінен оқушы күнделікті тіршіліктегі ситуацияларда қолданылатын ағылшын тілін үйренуде. Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Әр сабақтың алдында «берілген тақырып туралы оқушы не біледі?» деген мақсатпен «сұрақ - жауап», «талқылау», «ой алмасу», сияқты тапсырмалар үнемі беріліп отырылады. Лексикалық және грамматикалық материалда басты көңіл бөлінетіні сөйлеу және оқу.

Оқу іскерлігін дамытуда негізінен мәтінді оқу басшылыққа алынады. Мәтінді оқығаннан кейін берілетін жұмыс түрлері:
“true or false”

“what do you think?”

“Talk to your friend” “Talk to other friends” мәтін бойынша сөзді қайталату, еркін де дұрыс қолдануға үйрету мақсатында қолданылады.

Ағылшын тілін үйренудегі басты бағыттардың бірі оқу дағдысын игеру мен қатар оқығаны туралы талдау жасай білу. Оқушылармен жұмыс жүргізетін оқулықта оқушыны әртүрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативтік тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері арқылы ауқымды мағлұмат беру.

Оқулықтағы материалдардан күнделікті тіршіліктегі ситуацияларда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады. Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Мәтін - негізгі қарым - қатынас бірлігі, ал мәтінмен жұмыс істеу – қарым - қатынас жасауға үйренудің құралы.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және мақсатты түрде ауызша жаттығуларда, сөздік - грамматикалық материалды меңгеру барысында ауызша - сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде жүргізіледі.

Негізгі оқулықта мәтінді оқудан бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, оны анықтау мақсат болса, екіншіден - өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл сынып болып немесе 4 - 5 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады.

Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын арналған «True or false» жаттығулары беріледі. «What do you think» тапсырмасы бойынша оқушы мәтіндегі мәселе туралы өз ойын ортаға салып, еркін сөйлеуге үйренеді.

Осындай жүмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс  жүргізу кезінде оқушылардың ой- өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.



2.3 Оқушыларды ағылшын тілінде фабуьдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеуге үйрету


Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады. Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.

Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:

- Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;

- Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;

- Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;

- Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;

- Шағын көріністер даярлату;

- Мәтінмен жұмыс жүргізу [34].

Осының ішінен ең басты орын алатыны – фабульдік мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі – берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.

Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:

- Мәтінді өзгертіп баяндату.Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын”, сияқты сөз тіркестерін қолдану.

- Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.

-Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.

-Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән – мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді [35].

- Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.

Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.

1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.

2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.

3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.

4. Мәтін бойынша сурет cалғызу.

В. А. Верхогляд құрастырған ағылшын халық ертегілері жинағының "Three Bears" және "The Red Ettin" ағылшын ертегілерінің мысалында біз орта мектеп жасындағы оқушылардың ағылшын мәтіндерін оқуға үйрету бойынша жаттығулар сериясын қарастыралық.

Ертегі мазмұны түсінікті болуы үшін, оқушыларға ертегі мәтінін беру алдында жаңа лексиканы енгізу қажет. Мысалы, "Three Bears" ертегісі үшін жаңа сөздер сөздігі келесідей болуы мүмкін: \

country – страна, загород и реже деревня; a sad romp – проказник, очень неугомонный ребёнок; keep (kept) quiet – не шуметь; run out – убегать, выбегать (предлог «out» указывает, что девочка откуда-то убегает/выбегает); without leave – без разрешения; at last – наконец, в конце концов; start off - место начала действия; a lonely place – нелюдное место; a sung little house – небольшой уютный домик.

Мұғаліммен бірге осы сөздер мен сөз тіркестерін оқып, аудара отырып, оқушылар оқылымға арналған жаттығуларды орындау барысында жаңа лексиканы көру тірегі арқылы естеріне саөтауға мүмкіндік алады. Оқылымға үйрету бойынша алғашқы нәтижелі жаттығудың бірі-кеңейтілген синтагма бойынша жаттығу.

Ол мәтінді қабылдаудың бірлігін арттырады; құрылымдық антиципацияны дамытады; жаңа сөздерді меңгеруге ықпал етеді; контекстуалды болжам мен логикалық түсініктерді дамытады.

Оқушы буын бойынша емес, сөз бойынша емес, синтагмалармен оқуға үйренеді. Мәтінді қабылдау бірлігі неғұрлым көп болса, жылдамдық пен жақсы түсіну соғұрлым жоғары:

«Three Bears». «Three Bears» is a tale. It is an English tale. «Three Bears» is a children's English tale.

Келесі жаттығулар мынандай болуы мүмкін:

  • Тақырыпты оқыңыз және бұл мәтінде не туралы екенін айтыңыз. Ертегі "Three Bears" ("Үш аю") деп аталады, оқушылар өз ойларын ағылшын тілінде жеткізу керек, мысалы, былайша: «The fairytale is about a little girl who was called Silver-hair and she wanted to run out and away».

  • Деректерден мәтінді еркін тәртіппен және нөмірленген абзацтармен қалпына келтіріңіз. Логикалық байланысқан мәтін алу үшін абзацтарды қай ретпен орналастыру керек екенін айтыңыз. Мұғалім әр қайсысында ертегі мәтіні бар карточкаларды пайдалана алады.

Карточка 1: In a far-off country there was once a little girl who was called Silver-hair, because her curly hair shone brightly.

Карточка 2: One day she started off into a wood to gather wild flowers, and into the fields to chase butterflies. 

Карточка 3: She was a sad romp, and so restless that she could not be kept quiet at home, but must needs run out and away, without leave.

Карточка №4: Now the three bears had gone out to walk a little before this. They were the Big Bear, and the Middle-sized Bear, and the Little Bear; but they had left their porridge on the table to cool.

Карточка 5: She ran here and she ran there, and went so far, at last, that she found herself in a lonely place, where she saw a snug little house, in which three bears lived; but they were not then at home [36].

        Енді "The Red Ettin" ағылшын ертегісінің мысалында тағы бір жаттығулар түрлерін қарастыралық:

  • Мәтінді оқып, әрбір бөлімнің негізгі ойын беретін сөйлемді табыңыз. Мысалы, ертегінің бірінші абзацы келесідей: «There was once a poor widow, and she had two sons. The sons grew up, and it was time for the woman to send them away to seek their fortune. So one day she said to her eldest son, «Take a jar and bring me some water from the well, I'll bake a cake for you. If you bring a lot of water, your cake will be large. If you bring only a little, it will be small. I can give you only one cake and nothing else, you must understand»…». Оқушылар осы абзацтан басты ой тауып, оны бір сөйлеммен береді.

  • Берілген сөздердің жасалу тәсілдерін салыстырыңыз, осы сөздер қай сөз табына жататынын айтыңыз:

«So the young man went to seek his fortune. He walked all that day, and all the next day; and on the third day, in the afternoon, he saw a man in a field who was looking after a lot of sheep. He went up to the man and asked him who the sheep belonged to. The man said, «They belong to the Red Ettin. He is a terrible, cruel giant and magician with three heads. He stole King Malcolm's daughter, and he beats her every day. The Red Ettin's castle is not far away. If you want to go farther, be careful. You may meet some strange-looking beasts. You have never seen beasts like them. I know very well that they are very dangerous.

So the young man went on, and soon he saw a lot of very dreadful beasts, with two heads, and on each head there were four horns. He was so frightened that he ran away from them as fast as he could. He was glad when he came to a castle. It stood on a hill, and its door was wide open. So the young man went into the castle to hide from those dreadful beasts, and there he saw an old woman. She was sitting beside the kitchen fire. «May I stay here for the night?» he asked her. «I am very tired after a long journey»…».

Аталмыш әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, Мерсердің зерттеуіне сәйкес диалогтік оқытудың зерттеушілік әңгіме түрінің оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда өте тиімді тәсіл.

Олай болса осы қоғамға сай білімді оқушы тәрбиелеуде зерттеушілік әңгімені пайдалана отырып оқыту тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету керек.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған болатын. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері:

  • әңгіме-дебат,

  • кумулятивті әңгіме,

  • зерттеушілік әңгіме.

Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсінумен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.

Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:

1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2)әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

3) қатысушылар бір­біріне сұрақ қояды;

4)қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгіме де дәлелдеме «көрінеді»;

5)топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу) [37].

Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Барнс пен Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасады. Идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық біліммен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып талқылайды. Осындай сценарий бойынша оқушылар бірін-бірі тыңдап өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып табылады.

Оқушылардың өз бетінше ізденісі мен жеке пайымдаулар жасап, өз пікірін, өз ойын айтуға бағытталған тапсырмалар ұсынып, оларға топтарда бірлесе жұмыс жасауға, ортақ пікір шығаруға мүмкіндік беру керек. Бұл жұмыстар барысында оқушылардың мәтінді оқып, таныс емес сөздерге мән беріп, аударып, бір-біріне кеңес беріп, одан нәтиже шығара алады. Ең бастысы сабақ үдерісінде балаларға ой тастап, оларды тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу керек.

Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар диалогтік кезінде өте белсенді болды [38]. Өйткені осындай сабақтар кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта біледі. Күрделі емес пікір сайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, дәлелдей білуді үйренгенінің өзі мұғалім үшін де, оқушы үшін де жетістік болды.

Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

Рэгг және Браун оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің түрлерін атап кеткен, бұл мұғалім үшін маңызды мәселелердің бірі. Жауап беру кезінде оқушының кідірісіне дұрыс әрекет жасау, одан шығу мәселесі қарастырылған. Мысалы: мәтін бойынша тапсырма берсек, оқушы түсінбедім деген сұрақ қойса, біз оған түсіндіруге уақыт жібереміз, ал бір партадағы екі оқушыға тапсырсақ олар ақылдасып, бір-бірімен кеңесіп жетеді [39].

Күнделікті оқытуда көбіне жауап беру жылдамдығына көп көңіл бөлмейміз, жауап беруге кететін уақытты өлшемейміз, тек шамамен жүреді екенбіз, осының әсерінен үнемі уақыт тығыздығы сезіледі. Осындай кезде мұғалім оқушыларды асықтырып ойларын жинақтауға уақыт бермейді.

Практика жүзінде үйренген жаңалықтарды енгізген кезде, өзгерістер байқалды, оқушылардың жауаптары сенімді болды. Енді сабақ үдерісінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты өздері ізденушілікпен меңгере бастады, түсініктерін талдауға мүмкіншілік алды. Мұғалім оларға тек бағыт беріп отырушы болдым.

Топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасады, өз ойларымен толық ақпарат алды. Әр сабақта диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отыруғм тырыстық, себебі ағылшын тілі пәні ауызша жеткізуді, оқығанын қандай да бір дәлелдемелерді қажет ететін пән. Постер жасау жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды, себебі ағылшын тілі сабағында жұмыс жасау өте маңызды. Ал мәтінмен жұмысты постер арқылы, рөлдік ойын арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Оқушыларды шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сыни ойлауын дамытады.

Мәселен, 5 «А» сыныптағы ағылшын сабағында «Cinemas in London» тақырыбын оқушылар өз беттерінше меңгерді, жеке жұмыс практикум түрінде көрсету арқылы бекітті. Бұл сабақта оқушылар ашық журнал арқылы өздерін бағалады, яғни бұл өздерін әділ бағалауға болатынын көрсетеді. Бұл өзгерістерге оқушылар бірден үйренісе қойған жоқ, бұрын өз ойларын толық айтып жеткізіп көрмеген оқушылар үшін қиыншылық туғызды.Олар бірте – бірте қызыға сабаққа белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түсті. Күннен-күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетеледі.

Оқушылар жаңа тақырыпты жан- жақты талқылады, топтағы деңгейі орташа оқушыда топтық тапсырма барысында өз үлесін қосты. Өзара оқыту арқылы дарынды балалар өз кластастарына көмектесті. Диалог арқылы ынтымақтастық пен серіктестікті тудырды, оқушылар бір-бірінің ойымен де есептесуге ұмтылды, рөлдік ойыны арқылы тілдері жаттығып, образда ойнауға үйренді. Топтар өзара зерттеушілік әңгіме жүргізді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» сөздерді қолданды. Топ бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс жасады.Әр топ мүшелерінің сыни тұрғыда ойлауы қалыптасқандығы байқалды. Оқушылар бір-бірін оқытты, сұрақтар қойып, жауап берді [40].

Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» аясында бір–біріне ұсыныс–пікірлерін айтып, толықтырды, бағалады.Өзімнің ой түйгенім топтағы деңгейі орташа оқушыда берілген тапсырма барысында өз үлесін қосты.Топ ішінде пікірлескенде, талқылағанда деңгейі орташа оқушылар да бос отырмады.

Осылайша, өткізілген сабақтар оқушылар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды.























3 Тәжірибе жүзінде проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

3.1 Проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы фабульдік мәтіндерді қолдану тиімділігін дәлелдеу


Оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігін практика жүзінде эксперименттен өткізу үшін біз Павлодар қаласындағы №9 орта мектептің 5 сыныбын алдық. Осы экспериментке барлығы 25 оқушы тартылды. Эксперименттік – тәжірибелік оқыту барысында мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:

- оқушылардың фабульдік мәтіндермен жұмыс атқаруы кезінде берілген білім мазмұнын меңгеру деңгейін байқау;

- оқу процесінде фабульдік мәтінді, яғни ағылшын ертегілерін оқушылардың пролемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың деңгейін арттыру негізінде қолданудың тиімділігін тексеру.

Ертегілерді оқу тиімділігін анықтау үшін, біз 5 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік. Оқушыларға мынандай сұрақтар ұсынылды:

1. Ертегілер оқуды ұнатасың ба?

2. Сен қандай ағылшын ертегілерін оқыдың ?

3. Ағылшын ертегілерін сабақта оқығың келе ме?

4. Ертегілер ағылшын тілін үйренуде саған көмектесе алады ма?

Бірінші сұраққа оқушылардың 70% иә деп жауап берді. 30% жоқ деп жауап берді. Екінші сұраққа 65% - иә, 35%-жоқ. Төртінші сұраққа 80% жауап иә болды, 20% жауап жоқ болды.

Үшінші сұраққа жауаптар былайша бөлінді: 1.Балалардың басым бөлігі «Мальчик с пальчик», «Джек и бобовый стебель», «Питер Пен», «Алиса в стране чудес»,«Маугли» ертегілерін оқыған.Негізінен оқушылар сабақта талқыланған ертегілерді оқыған. Балалардың 25% ағылшын ертегілерін оқымаған.


Бұл сыныпта өткен сабақтардан мәтінмен жұмыс істеу кезіндегі фрагмент алып, мынандай фабульдік мәтіндермен жұмыс істеу түрлері қарастырылды, мысалы, «The Mouse and the Bear», «Three little Pigs», «The Fox and the Crayfish», «The Sick Lion», «The Vain Crow», «The Lazy Ass», «The Fox and the Fish», «The Bear and the two Travellers», «The Sun and the Wind».

Бұл зерттеу бірнеше этаптан тұрды. Анықтау этабының міндеті: ағылшын халық ертегісінің көмегімен шет тілін оқыту барысында 5 сынып оқушыларының грамматикалық, лексикалық және фонетикалық дағдыларының және проблемалық сөйлеу дағдыларының қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау.

Зерттеудің басында оқушылардың грамматикалық, лексикалық және фонетикалық дағдыларының және проблемалық сөйлеу дағдыларының қалыптасуының бастапқы деңгейін оқушылардың сабақ барысында қалай жұмыс істейтіндерін талдай отырып, анықтауға болады.

Жоғарыда аталған дағдылардың қалыптасу деңгейін диагностикалау дәстүрлі әдістеме бойынша жүзеге асырылды.

Зерттеудің осы кезеңінде біз грамматикалық, лексикалық және фонетикалық дағдылардың қалыптасуын бағалаудың келесі параметрлерін бейімдедік:

Лексикалық дағдылар: ағылшын тілі сөздерінің белсенді және пассивті қорын меңгеру, сөйлеуде синонимдер мен эпитеттерді қолдану, белгілі бір тақырыпқа сәйкес лексиканы қолдана білу.

Грамматикалық дағды: ағылшын тілінің негізгі ережелерін білу, грамматикалық ойды дұрыс жеткізе білу, зат есімдерді көпше түрге түрлендіру, септік жалғауларын білу.

Фонетикалық дағдылар: белгілі бір дыбыстарды дұрыс оқу және айту, шетел тілінде сөйлеуді танып білу, оқу ережелерін білу.

Барлық параметрлер бірдей маңызды және жиынтықта бағалауды анықтайды.

Диагностикалаудың әдістері: грамматикалық, фонетикалық, фонетикалық дағдылардың және проблемалық сөйлеу дағдыларынынң дамуын анықтауға арналған әртүрлі тапсырмалар; ағымдағы бағалау; қорытынды бағалау болды.

Оқу жетістігінің критериясы негізінде тіл дағдыларын дамытудың 3 деңгейін белгіледік және оқушылар 3 топқа бөлінді:

Кесте 1 «Зерттеудің анықтау (константты) этапының нәтижелері»

 А  тобы (оқушылардың 24%)

 Б тобы  (оқушылардың 56% )

 В тобы (оқушылардың 20% )

оқушыларда тілдік дағдыларды дамытудың оңтайлы деңгейі бар, яғни теориялық білімді меңгерген және оларды тәжірибеде қолдана алады. Оқушылар "Отбасы", "Жануарлар» лексикалық тақырыптары; "There is / There are", " There was/There were» грамматикалық құрылымдарды пайдалану бойынша; [i], [u:], [au], [æ] дыбыстарын айту және оқуда; дұрыс және дұрыс емес етістіктерді Past Simple пайдалануда қиындық тудырмайды.

Олар ерекше күш салмай естуге ұсынылған сөйлеу үлгісін біледі, өткен лексика-грамматикалық құрылымдарды пайдалана алады, олардың реакция жылдамдығы басқа балаларға қарағанда жоғары, яғни ұсынылған тапсырмаға неғұрлым ертерек жауап береді, басқа балалардың қателіктерін көреді және түзетеді.


оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту деңгейі жеткілікті, яғни теориялық білімді меңгерген, бірақ оларды практика жүзінде пайдалану кезінде кейбір қиындықтарға тап болады. Және жауап берер алдында өзінің микро-пікірін айтудан бұрын, мұғалімнің тапсырмасын әрдайым естімейді, егер қате жасаса, оны көре алмауы мүмкін, бірақ, егер оған мұғалім көрсеткен болса, жиі түзетсе, эмоциялық реакция басым болады;


оқушыларда тілдік дағдылардың жеткіліксіз даму деңгейі бар, яғни теориялық ақпаратты нашар меңгерген, оны тәжірибеде қолдану кезінде елеулі қиындықтарға тап болады,көптеген өрескел қателіктерге жол береді. Дағдылардың осы даму деңгейіндегі оқушылар сөйлеу үлгісінің екінші ұсынысынан кейін жауап береді, ұзақ ойлайды, тапсырманы басқа оқушылардан сұраумен орындайды, өз қателіктерін көрмейді, бірақ, егер қателіктерге қарамастан, сөйлеу үлгісін берсе, оларды түзете алады, барлық тапсырмаларға қатысуға тырысады.


Оқушылардың тілдік, сөйлеу дағдыларын дамытудың бастапқы деңгейін анықтай отырып, біз зерттеуіміздің келесі кезеңіне – ағылшын халық ертегісінің көмегімен тілдік, сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыруға көшеміз.

Зерттеу үшін В тобы - грамматикалық, лексикалық және фонетикалық дағдылардың жеткіліксіз деңгейі бар оқушылар тобы, сондай - ақ Б тобы-жоғарыда аталған дағдылардың жеткілікті деңгейі бар оқушылар тобы қызығушылық танытты.

Енді зерттеудің қалыптастырушы этапын өткізу қажеттілігі туындады.

Зерттеудің қалыптастырушы этапы кезінде біз топтағы сабақтарда оң, эмоционалды фонды құруға; танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейін қолдауға; оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдеріне тренинг жүргізуге; оқушылардың сөйлеу және танымдық іс-әрекетін белсендіруге; негізгі психикалық процестерді дамытуға, коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу және есту реакциясын дамытуға; қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлдік.

Зерттеудің бақылау этапының міндеті - ағылшын халық ертегісінің көмегімен грамматикалық, лексикалық, фонетикалық дағдылардың және проблемалық сөйлеу дағдыларының даму деңгейін анықтау.

Оқушыларын ағылшын халық ертегісінің көмегімен оқыту эксперименті төменде келтірілген кестеде келесі нәтижелерді көрсетті, оқушылардың грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және проблемалық сөйлеу дағдыларын дамыту деңгейі көрсетілген, саны 25 адам.

Біз грамматикалық, лексикалық және фонетикалық дағдыларды және проблемалық сөйлеу дағдыларын дамытудың 3 деңгейін қайта бөлдік: оңтайлы, жеткілікті және жеткіліксіз деңгейлер (А тобы - оқушылардың 28%; Б тобы - оқушылардың 60%; В тобы – оқушылардың 12%).

Кесте 2 «Эксперименттің бақылау және қорытынды этаптарының нәтижелерін салыстырмалы талдау»

 А  тобы (оқушылардың 28% )

 Б тобы (оқушылардың 60%)

В тобы  (оқушылардың 12%)

оқушыларда тілдік дағдыларды дамытудың оңтайлы деңгейі бар, яғни теориялық білімді меңгерген және оларды тәжірибеде қолдана алады. Оқушылар "Отбасы", "Жануарлар» лексикалық тақырыптары; "There is / There are", " There was/There were» грамматикалық құрылымдарды пайдалану бойынша; [i], [u:], [au], [æ] дыбыстарын айту және оқуда; дұрыс және дұрыс емес етістіктерді Past Simple пайдалануда қиындық тудырмайды.

Олар ерекше күш салмай естуге ұсынылған сөйлеу үлгісін біледі, өткен лексика-грамматикалық құрылымдарды пайдалана алады, олардың реакция жылдамдығы басқа балаларға қарағанда жоғары, яғни ұсынылған тапсырмаға неғұрлым ертерек жауап береді, басқа балалардың қателіктерін көреді және түзетеді;


оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту деңгейі жеткілікті, яғни теориялық білімді меңгерген, бірақ оларды практика жүзінде пайдалану кезінде кейбір қиындықтарға тап болады. Және жауап берер алдында өзінің микро-пікірін айтудан бұрын, мұғалімнің тапсырмасын әрдайым естімейді, егер қате жасаса, оны көре алмауы мүмкін, бірақ, егер оған мұғалім көрсеткен болса, жиі түзетсе, эмоциялық реакция басым болады;


оқушыларда тілдік дағдылардың жеткіліксіз даму деңгейі бар, яғни теориялық ақпаратты нашар меңгерген, оны тәжірибеде қолдану кезінде елеулі қиындықтарға тап болады,көптеген өрескел қателіктерге жол береді. Дағдылардың осы даму деңгейіндегі оқушылар сөйлеу үлгісінің екінші ұсынысынан кейін жауап береді, ұзақ ойлайды, тапсырманы басқа оқушылардан сұраумен орындайды, өз қателіктерін көрмейді, бірақ, егер қателіктерге қарамастан, сөйлеу үлгісін берсе, оларды түзете алады, барлық тапсырмаларға қатысуға тырысады.


Бақылау және қорытынды этаптарының салыстырмалы талдауы 5 сынып оқушыларының грамматикалық, фонетикалық және лексикалық дағдыларының, яғни осы дағдылардың жиынтығы проблемалық сөйлеу дағдыларының даму деңгейі айтарлықтай жоғарылағанын дәлелдейді.

Демек, оқушыларды проблемалық сөйлеу дағдыларына қалыптастыру барысында ағылшын ертегісін қолдану 5 сынып оқушыларының даму деңгейін арттыруға мүмкіндік берді, бұл біздің зерттеуіміздің мақсаты болған.



3.2 Нәтижеге жету жолдары


Жүргізілген зерттеудің мақсаты фабульдік мәтіндерді, яғни бұл жұмыста ағылшын халық ертегісі проблемалық сөйлеу дағдыларын дамыту мен жетілдіруге тиімді әсер ететіндігіне көз жеткізу болды.

Эксперименттің осы кезеңінде біз келесі міндеттерді шештік:

1) Тілдік дағдыларды және проблемалық сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған ағылшын халық ертегісінің мысалында жаттығу жүйесін және тапсырмалар әзірлеу;

2) Әзірленген жаттығу жүйесін ағылшын тілі сабағында қолдану.

Ағылшын тілі сабақтарында біз топтағы сабақтарда оң, эмоционалды фон құруға; танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейін сақтауға; оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеттерінің тренингіне; оқушылардың сөйлеу және танымдық іс-әрекеттерін белсендіруге; негізгі психикалық процестерді дамытуға; грамматикалық, лексикалық және фонетикалық дағдыларды, сөйлеу және есту реакциясын дамытуға; қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлдік.

Ертегімен жұмыс істеу кезінде шет тілін үйретуде дайын жаттығулардың көп санын қолдануға болады, бірақ оқушылардың қалауына қарай өз тапсырмаларын да ойластыруға болады. Ең танымал – бұл қысқаша немесе мәтінді талдау элементтерімен оқығанды мазмұндау, басқа жұмыстармен оқыған ертегіні немесе иллюстрацияларды салыстыру, ерекше балаларға ұнаған ертегіні немесе жекелеген эпизодтарды драматургиялау, қуыршақ театры, иллюстрациялар конкурсы, мәнерлеп оқу немесе фонетикалық конкурс, "Менің сүйікті кейіпкерім" және тағы басқа тақырыптағы шығармалар.

В. Н. Карташова оқыған ертегінің мазмұнын түсінуді әңгіме барысында иллюстрациялар арқылы тексеруді жүзеге асыруды ұсынады. Оның пікірінше, " Қай елде іс-әрекет болды? Ағылшын ертегісі қазақ тілінен айырмашылығы неде? Не ұнады?" секілді сұрақтар қарастырылуы қажет. Ертегіні талқылаудың мақсаты оқушыларды жағдаят туғыза отырып проблемалық сөйлеуге үйрету.

Осылайша ертегімен жұмыс істеудің бірыңғай жүйесі жоқтығына байланысты, жоғарыда айтылғандарды жалпылап,бір жүйеге келтіріп,фабульдік мәтінмен жұмыс істеудің 3 этапын ұсынамыз:

1 Мәтінге дейінгі;

2 Мәтінмен жұмыс;

3 Мәтінен кейінгі.

Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында жаңа лексикалық бірліктерді баяу енгізген жөн. Ертегілер мен ана тілін қолдана отырып, ағылшын сөздерін есте сақтау әлдеқайда табысты өтеді.Фабульдік мәтінмен жұмыс жасаудың келесі нұсқалары ұсынылады:

The Mouse and the Bear.

A Bear спал. Вдруг по его телу пробежала a Mouse. The Bear схватил the mouse и собирался уже ее съесть, как the mouse пропищала: «Excuse me, Bear! I am a mouse. I am little и безобидная. Please, let me go. I can help you в трудный час». The Bear расхохотался: «I am a Bear. I am a big. You are a mouse and you are little. Как a little mouse окажет помощь a big Bear? You can`t help me». The Bear немного подумал, почесал свободной лапой затылок и сказал: «All right. Mouse, go!» - и отпустил a Mouse. Она пискнула: «Thank you! Good-bye!» - и исчезла. Через некоторое время the Bear попался в охотничьи сети и, сколько ни бился, не мог выпутаться. На его рев прибежала a Mouse и сказала: «I must help you», - и перегрызла веревки. «Thank you! - поблагодарил ее the Bear. Теперь я понял, что даже a little Mouse может оказать большую помощь». The Bear and the Mouse подружились.

Кесте №3 «Ертегімен жұмыс істеу нұсқалары»

Осы сабақта есте сақтау және қолдануға керек сөздер мен фразалар


I am (you are) + прилагательное

I am little

You are big

Аудармамен тыңдау керек сөздер мен фразалар

a little mouse – маленькая мышь

a big bear – большой медведь

and – и

Let me go – Отпусти меня

Сахналауға арналған фразалар

I can help you – я могу помочь тебе

You can`t help me – ты не можешь помочь мне

All right – хорошо, ладно

must help you – я должен помочь тебе

Оқушыларға таныс және бірнеше сабақта қолданылатын сөздер мен фразалар


Go, sleep, run, I, my, you, your

I am + существительное

You are + существительное

Excuse me, please, thank you, good bye

Mouse, rabbit, bear, cat, boy, frog, dog

Сұрақтарға ағылшынша жауап беріңдер

Кто спал?

Кто пробежал по медведю?

Какой была мышь?

Спасла ли мышь медведя?

Понял ли медведь, что и от маленькой мышки бывает большая польза?

Сондай-ақ, ағылшын халық ертегісінің негізінде сюжетке немесе ертегінің басты кейіпкерлерінің есімдеріне негізделген түрлі ойындар өткізуге болады: аю қалай көрінеді? (сильный-strong, большой-big, косолапый-In-toed, лохматый-shaggy; Тышқан қалай көрінеді? (маленькая-small, серая-grey, с длинным хвостом-with a long tail). Аю мен тышқанды қайда кездестіруге болады? (Далада немесе орманда). Қазақ тілінде орман, даланың қалай көрінетінін сипатта. Даланы немесе орманды суретке салыңыз, ағылшын сөздерін пайдаланып суретті сипаттауға тырысыңыз. Ағылшын тілінде таныс сөздерді қолдана отырып, ертегіні мазмұндаңыз.

Жаңалықты енгізу, бұрыннан таныс ертегінің қабылдауын қиындату үшін, ақырында, күтпеген, жұмбақ элементін жасау үшін, өте сирек қолданылатын тәсілге жүгінуге болады - "ертегіден барлық етістіктер немесе зат есімдер, немесе сөздердің бөліктері алынады". Оқушыларға мынандай ойын ұсынылады: "кейбір сөздер бізге ренжіп, ертегіден қашып кетті. Оларсыз бұл ертегі қандай деп ойлауға тырысайық. Мысалы: «On – up – a – tme - hre- was – a – little - grl». Бұл жағдайда ертегілермен жұмыс істеу үшін келесі тәсілдер орынды: мейірімді, әдемі, ертек сөздерін, қайғылы сөздерді табу; ұзын да, күлкілі сөзді жазу; бірдей жазумен, бірақ мағынасы әртүрлі сөздерді табу; дауыссыз дыбыстарды айту және балаға оны білуге ұсыну. Сондай-ақ сөйлеу және ақыл-ой қызметінің өзара байланысы маңызды. Осыған байланысты "артық сөзді анықтаңыз" түріндегі тапсырмалар ұсынылады. Мысалы, мына сөздерден: fox, hare, house, dog, cock – оқушы тек артық сөзді табады.

Іс – тәжірибе барысында тағы бір ағылшын халық ертегісі «Үш торай» - «Три поросенка» ертегісімен жұмыс істеу түрлерін қарастыралық. Танысу нұсқалары өте көп, бірақ біз субтитрлермен түпнұсқада мультфильмді көруге тоқтадық. Біздің тәжірибеміздің екінші кезеңі – бекіту.

Фонетикаға арналған тапсырмалар әртүрлі фонетикалық жаттығуларды қамтуы мүмкін. Мысалы, оқушыларға мынандай ойын тапсырмаларын ұсынуға болады:

Мұғалім балаларға сурет салынған карточкаларды таратады. Оқушылар бір дыбыстан басталатын заттарды бір түспен біріктіруі немесе бояулары керек» ([w] – wild, woods, wolf; [n] – nice, Niff-Niff, Nuff-Nuff; [f] – floor, friends; flowers etc.).

3) "Сөзге рифма тап» . Мұғалім сөз айтады, ал оқушылар оған рифма табу керек.

pig-big, wood-good, floor-four, Nuff-Nuff – Snuff-Snuff, etc.

Лексиканы енгізу ертегі кейіпкерлерін таныстыру және оның мазмұны кейіпкерлердің ойнауы арқылы беріледі. Мұғалім кезекпен ертегінің басты кейіпкерлері бейнеленген суреттерді көрсетіп, барлық бейтаныс сөздерді атайды.

Тілдік дағдыларды дамыту моделінің соңғы кезеңі-практикалық қолдану. Бұл кезеңде балаларға ертегіні сахналау ұсынылды.

Келесі фабульдік мәтін «The Fox and the Crayfish» [Қасымша А].

Footnotes

Crayfish – речной рак
slow – медленный
race – кросс
tail – хвост
tired – усталый
tease – дразнить

1. Мына сөздер кімге арналған?

“You are so slow, you can only move backwards”.
“How you can run a race with me? You don’t know how to run like a real animal”
“He thinks that he can win in a race with me”.
“Well, I am already here.”

2. Сұраққа жауап бер.

  1. Why was the Fox always teasing the Crayfish?

  2. What did the Crayfish offer to the Fox? (offer - предлагать)

  3. What did the Fox think about the Crayfish?

  4. What did the Crayfish do?

  5. Who was the first?

3. Мәтінге басқа тақырыпты таңда.

4. Past Progressive қолданылған ұсыныстарды тауып, қазақ тіліне аудар.

5.Келесі сөйлемдердің ағылшын баламасын табыңыз:

Лис побежал так быстро, как только мог.

Он бежал так быстро, что его лапы едва касались земли.

6. Қандай мақал (идиома) негізгі идеяны білдіреді?

He laughs best who laughs last.

All is well that ends well.

A hard nut to crack.

Келесі фабульдік мәтінмен жұмыс «The Sick Lion» [Қосымша Ә].

Footnotes

couldn’t provide himself with food by force – не мог обеспечить себя едой, пользуясь своей силой

taking care that his sickness should be publicly known – позаботившись о том, чтобы все узнали о его болезни

there are many prints of feet entering your cave – много отпечатков ног ведут в твою пещеру

I see no trace of any returning. – Я не вижу ни одного следа, который вел бы обратно.

  1. Translate the underlined sentence into Kazack.

  2. Explain with the help of the text how you understand the meaning of this sentence.

  3. Act the conversation between the Lion and the Fox.

Келесі мәтін «The Vain Crow» [Қосымша Б].

Footnotes

vain – тщеславный
branch –
ветка
beak –
клюв
brains –
ум, мозг
it is a pity –
жаль

Сұраққа жауап бер.

  1. What had the Crow stolen from a farmer’s house?

  2. Who wanted to get cheese?

  3. What did the Fox say to the Crow?

  4. Why didn’t the Crow answer anything?

  5. What did the Crow show when she opened her beak?

Дұрыс жауапты белгіле “+”

A Crow sat under the tree with a piece of cheese in her beak.

  1. A Fox saw the Crow.

  2. The Crow thought she was very beautiful.

  3. The Crow couldn’t speak to the Fox because of the cheese in her beak.

  4. The clever Crow didn’t open the beak.

  5. The piece of cheese fell to the ground.

  6. The sly Fox ate the cheese.

Қарғаға қандай ақыл берер едің?

Келесі мәтінмен жұмыс «The Lazy Ass» [Қосымша В].

Footnotes

lazy – ленивый
ass – осёл
wet – мокрый
cloth – ткани
tradesman – торговец
grumble – ворчать
tired – усталый 
load – поклажа

Сөйлемді аяқта.

1. Once a Tradesman had

a) a horse b) an ass c) free time

2. The Tradesman travelled from town to town

a) to sell some goods b) to look for a good ass c) to buy food

3. One day he bought two sacks of

a) clothes b) cloth c) salt

4. In the middle of the bridge the ass

a) stopped b) slipped and fell into the river c) wanted to eat

5. The Tradesman couldn’t sell the wet cloth

a) and he was very angry with the ass b) and the ass had to carry it back c) and he decided to sell the ass

Сөйлемдегі сөз тәртібін анықта.

At night the Ass grumbled that he was very tired.

The Ass jumped into the water the second time.

The water has washed away part of the salt.

The Tradesman bought two sacks of salt.

Once a Tradesman had an ass who was very strong and lazy.

The Tradesman went back to the town and loaded the Ass with cloth.

On the bridge the Ass slipped and fell into the river.

Now the load was twice heavy because it was wet.

Келесі фабульдік мәтін «The Fox and the Fish» [Қосымша Г].

Footnotes

net – сеть
land –
земля
peace –
мир
wise –
мудрый
safe –
безопасный

Choose the right answer:

1. Why didn’t the fox catch any fish?

  1. The fishes swam very fast.

  2. The fox didn’t want any fish.

  3. There were no fishes in the river.

2. Why did the fishes hurry?

  1. They liked to swim fast.

  2. They were afraid of the fisherman’s net.

  3. They didn’t hurry at all.

3. What did the fox say to the fish?

  1. The fox said that there were no fishermen.

  2. The fox told the fish to come and live on the land.

  3. The fox said that he was sorry of the fish.

Continue the sentences:

Once a hungry fox wanted …

He couldn’t catch any fish because they …

They were afraid of …

The fish has spent all his life in …

The fox said, “Come on …”

Choose a proverb suitable to the fable.

It is not difficult to say things but it’s more difficult to do them.

East or West, home is best.

A friend in need is a friend indeed.

The early bird catches the worm.

Тағы бір мәтінмен жұмыс: «The Bear and the two Travellers» [Қосымша D].

Footnotes:

fell flat on the ground – упал на землю навзничь
felt him with his snout – потрогал его мордой
he held his breath – он задержал дыхание
branch – ветка
advice – совет
whisper – шептать
desert – покидать
at the approach of danger – при малейшей опасности
Misfortune tests the sincerity of friends – Друзья познаются в беде.

Choose the right ending:

1. Two men were traveling together when they met

a) a tiger b) a bear c) a fox

2. One of the travelers

a) climbed up a tree b) fell into the river c) run away quickly

3. The Bear thought that

a) the man was afraid of him b) the man would kill him c) the man was dead

4. When the Bear was gone, the other Traveller

a) ran after him b) climbed down the tree c) helped his friend

5. Never travel with a friend

a) who deserts you at the approach of danger b) who is afraid of a bear c) who can’t climb up a tree

Choose another heading of the fable:

  1. A man can die but once.

  2. A friend in need is a friend indeed.

  3. One man, no man.

  4. Where there is a will there is a way.

  5. He laughs best who laughs last.

Retell the fable.

Енді мына мәтінмен жұмысты қарастыралық: «The Sun and the Wind» [Қосымша Е].

Footnotes:

boast of great strength - хвастаться большой силой
gentleness - ласка
began blowing so hard that even the birds clung to the trees – начал дуть так сильно, что даже птицы крепко уцепились за деревья

Illustrate the fable with cartoon speech bubbles.

Dramatize the story making use of the details and dialogue.

Фабульдік мәтіндерді қолдану мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдыларын қалыптастыру.

Осылайша, ағылшын халық ертегісінің көмегімен оқушыларды тілді үйренуге ынталандыру ғана емес, сонымен қатар шет тілін меңгерудің барлық деңгейлеріндегі оқушылар үшін лексикалық, грамматикалық және фонетикалық дағдыларды бекітуге, проблемалық сөйлеу дағдыларын арттыруға болады.

Тақырыбып бойынша оқушылар осы айтылғандарды сабақ барысында көрсете білді.











Қорытынды

Оқушыға білім беру әдісін жаңарту мақсатында қазіргі мектеп практикасында түрлі тәсілдер қолдануда. Осындай жетік әдістердің бірі – проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық оқыту негізі белгілі бір мәселе өзегін ашып, жауап іздеу болып табылады. Және де оның сипаттамасы ретінде келесі факторларды атап өтуге болады:

- Проблемалық әдіс оқушыға берілетін білімді дәлелді, саналы түрде

баяндай отырып алган білімінің дәлелді екеніне көзін жеткізу;

- Проблемалық баяндау оқушыларды ғылыми тұргыдан ойлауға үйрете отырып, оларға ғылыми ізденудің үлгісін береді, оларды зерттеу ісіне жаттықтырады;

- Проблемалық әдіс оқушының назарын тез билеп, берілген материалға қызығушылығын арттырады.

Жаттанды принципке негізделген білім беру оқушыға тек шешімі дайын мәселелер тізбегін ұсынатын. Бітіруші маманның теориялық білімі терең болғанымен көп жағдайда алға қойылған мәселені шешуде жас маман сасып калатын. Өте келе білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты түрлі әдіс-тәсіл қатары толықты. Проблемалық оқыту әдісі аталған мәселені қарастырады. Оқушыға белгілі бір проблемалық жағдайды өз бетімен шешуге, ізденуге төселдіреді. Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында туындаған қандай да бір қарама-қайшылықты мәселе түйінін шешуге оқушыны төселдіреді.

Біздің жұмысымыздың мақсаты  ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдыларын фабульдік мәтін негізінде қалыптастыру әдістемесін жетілдіру болған.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында тақырыптың өзектілігі ашылды. Жақсы қалыптасқан фонетикалық, грамматикалық және лексикалық дағдылар-шет тілін меңгерудің маңызды шарттарының бірі. Тілдің грамматикалық құрылысы, оның фонетикалық жағы мен сөздік қоры осы тілді үйренуші адам мен тасымалдаушы арасындағы түсіністікті және қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, өйткені осы дағдыларды меңгеру коммуникацияға негізделген.

Зерттеу барысында біз фабульдік мәтіндерінің, оның ішінде ағылшын халық ертегісінің негізгі ерекшеліктерін, оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдыларының дамуына ертегілердің әсерін қарастырдық.

Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде фабульдік мәтіндерді қолданудың маңызы зор. Фабульдік мәтіндер оқушылардың білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді.

Біздің зерттеу барысында біз келесі тұжырымдарға келдік:

- әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, проблемалық сөйлеуді дамытуға байланысты талдау жүргізілді;

- оқушыларды шет тілінде проблемалық сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін қарастырылды;

- ағылшын тілінде оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдысын фабульдік мәтін негізінде қалыптастыру жолдарын анықталды;

- оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдысын жетілдіруде түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың ұтымдылығын іс – тәжірибе жүзінде өткізілген сабақтардың нәтижелеріне сүйеніп дәлелдедік.

Зерттеу барысында шет тілі сабақтарына арналған ағылшын халық ертегісі негізінде тапсырмалар жүйесі құрылды және эксперименталды сынақтан өтті, ол келесі кезеңдерден тұрады: таныстыру, жаттығу және практикалық. Осы кезеңдердің әрқайсысы сәтті жүзеге асырылды. Біздің экспериментіміздің қорытынды және бақылау кезеңдерінің салыстырмалы талдауы 5 сынып оқушыларының проблемалық сөйлеу дағдыларының даму деңгейі айтарлықтай өскенін дәлелдейді. Демек, 5 сынып оқушыларын тілдік дағдыларға оқыту барысында ағылшын халық ертегісін қолдану оқушылардың сөйлеу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз зерттеу мақсатына қол жеткізілді деп айта аламыз.































Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1 Махмудов, М.И. Мектептегі проблемалық оқытуды ұйымдастыру.// М.И. Махмудов /- А., «Мектеп», 2011, 247-б. 

2Фазылова, А. Проблемалық оқыту технологиясы.// А.Фазылова  -Қазақстан мектебі. – 2016. - №10 – 54 б.

3 Баширова, Ж.Р., Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру./ Ж.Р. Баширова, Ұ.Б. Төлешова - Алматы, 2013 – 63 б.

4 Бұзаубақова, К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар.// К.Ж. Бұзаубақова/ - Алматы, 2013.- 98 б.

5 Қалиева, М. Білім беру технологиялары және оларды оқу - тәрбие үрдісіне ендіру жолдары.// М. Қалиева/ - Алматы, 2012- 86 б.

6 Бітібаева, Қ. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. // Қ.Бітібаева / – Алматы, -2012.-200б.

7 Лернер, И. Я. Проблемное обучение. //И. Я. Лернер / -М.: Знание, 2014. 64 с.

8 Абдуллина, Г. Кейс әдісі - жағдаяттарды талдаудың топтық әдісі. / Г. Абдуллина //Қазақстан мектебі. – 2015. - № 4.

9 Құнанбаева, С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы. // С.С. Құнанбаева/ – Алматы, ҚазХҚжӘТУ, 2010.- 124 б.

10 Ботағариева, Г.А. «Ағылшын тілін коммуникативті оқыту» // Г.А. Ботағариева / Қазақстан мектебі.2011ж.-№9-56 б.

11 Амандықова, Г.Н. Шет тілін оқыту әдістемесі: кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынылған оқу құралы // Г.Н.Амандықова./- Астана: Фолиант 2017.-261б.

12 Божбанова, Т.Е. Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру барысында жоба әдісін қолдану. // Т.Е. Божбанова/ Магистр.дисс., Алматы, 2014. – 78 б.

13 Арғымбаева, М. Проблемалық оқыту әдісін физика сабағында қолдану./ М. Арғымбаева // - «Республика ұстаздары», 2013, №7-8- 92б.

14 Ахметова, М.М. Оқушыларды мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуде қойылатын талаптар. / М.М. Ахметова // Хабаршы/Вестник КазУМОиМЯ – 2012, №113.- 23 б.

15 Сүлейменова, Э.Д. «Әдістеменің кейбір өзекті мәселелері» // Э.Д. Сүлейменова / Әдістеме. 2013.- №1, – 45 б.

16 Амандықова, Г.Н. «Шет тілін оқыту әдістемесі» / Г.Н. Амандықова, Ш.Е. Мұхтарова -Астана – 2013. – 260 б.

17 Кулибаева, Д.Н. «Инновационная модель формирования международно-стандартных уровней владения иностранным языком в условиях школ международного типа.» /Д.Н.Кулибаева , Алматы 2002.-128с.

18 Қасенова, Д. А. Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың артықшылықтары мен принциптері.//Д.А. Қасенова/Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Мектептегі шет тілі». – 2010. - 45 б.

19 Қуанышбаева, А. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.// А. Қуанышбаева/А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2014.- 31 б.

20 Сейдуaлиевa, З.Д. Aутенттік мәтіндерді қолдaну// З.Д. Сейдуaлиевa /-Мектептегі шет тілі, 2009 - №1- 13-18 б.

21 Оразбаева, Ф.Ш. «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі» / Ф.Ш. Оразбаева – Алматы, РБК, 2011.- 200 б.

22 Жұмaбaевa, A.Қ. Aғылшын тілі сaбaқтaры // A.Қ. Жұмaбaевa/ - Мектептегі шет тілі, 2010 - №1. - 22-24 б.

23 Примбaевa, A.Н.Aғылшын тілі сaбaқтaрындaғы aудиомaтериaлдaр // A.Н.Примбaевa/ - Мектептегі шет тілі, 2009 - №1. - 15-21б.

24 Корбозовa, Н.Н. Шетел тілін оқытудa aутенттік мәтіндермен жұмыс істеу тәсілдері // Н.Н. Корбозовa /- Мектептегі шет тілі, 2011- №2. -5 б.


25Айтмамбетова, Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.// А. Айтмамбетова/ 2011.- 143 б.

26 Әбенбаев, С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі.// С. Әбенбаев //А., 2009.- 84 б

27 Садуова, Ж. «Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану».// Ж.Садуова / Білім. Алматы, № 5, 2006ж., - 22-24 б

28 Сказкив, Г. Г. Приемы проверки домашнего чтения в 8-м классе // Г. Г. Сказкив / ИЯШ, №4, 2012 – 34 с,

29 Балакирева, М. А. Речевые упражнения в английском языке.// М. А. Балакирева - М.: Просвещение. -2010 – 135 с.

30 Панов, А. И. Языковые знания и навыки [Текст]:/ А. И. Панов // Первое сентября.2012, №32-с.-19-26.

31 Н. Ищук, О. некоторых приемах обучения диалогической речи [Текст]:/ О. Ищук // Иностранные языки в школе.2013,№5 - С.51-54.

32 Қуанышбаева, А. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.// А. Қуанышбаева/А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2014.- 31 б.

33 Қасенова, Д. А. Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың артықшылықтары мен принциптері.// Қасенова Д.А. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Мектептегі шет тілі». – 2010. - №1. – 28-36 б.

34 Баширова, Ж.Р., Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру./ Ж.Р. Баширова, Ұ.Б. Төлешова - Алматы, 2013 – 63 б.

35 Садықова, А.К., Алденгожаева, Э.С. Шетел тілінде тілдік тіректер негізінде монолог түрінде сөйлеуге үйрету// А.К. Садықова/Мектептегі шет тілі. 2011. №6 – 31- 34 б.

36 Бақзыбекова, Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.// Н. Бақзыбекова / -А: Қазақ тілі, №4, 2007 - 278 б.

37 Мерсер, Д. Руководство для учителя// Д. Мерсер //- М. – 2012 -156 с.

38 Барнс, Дж. Диалогическое взаимодействие и представление знаний. // Дж. Барнс /Новосибирск, 2015 г. – 41 с.

39 Жұматаева, Е. Жоғары мектеп дидактикасы дамуының ғылыми-практикалық негіздері.// Е. Жұматаева/ Алматы – 2013 – 25 б.

40 Рысбаева, А.Қ. Педагогикалық ситуациялар мен тапсырмалар./ А.Қ. Рысбаева //-Педагогика курсының практикалық сабақтарына арналған мұғалімдер мен оқушылар ушін оқу - әдістемелік құрал. - Алматы,2012.- 32 б.






44


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
315
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі