400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Файлдық функциялармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып информатикадан Файлдық функциялармен жұмыс тақырыбына жазылған соңғы ұлгідегі ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Толендиева А

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.2. Файлдық функциялармен жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.1 Python программалау тілінде файлдармен жұмыс істейтін функция мен әдістерді білу

Сабақтың мақсаты

Python программалау тілінде файлдық функциялармен танысады, деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы



(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

Топтастыру

«Екілікке саналу» әдісі арқылы 2 топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып, І топ - сабақтың тақырыбын, ІІ топ - сабақтың мақсатын айтады.

Бағалау: Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Қағаз қиындылары









(Ұ)

«Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

Өзіңді тексер!

Керекті сөздерді дұрыс таңдап, сөйлемді дұрыс құрастыр.

Керекті сөздер: файл, берілген, дискінің, ұзақ, тұрақты

   _____ -деректерді _______жадта (мысалы, қатқыл дискіде) ________ уақыт сақтауға арналған ________атау __________ аймағы

  • Файлдармен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?

  • Файлға деректерді жазу мен оқуда қандай жайттарға ерекше назар аудару керек?

  • Файлды жазу үшін ашқанда міндетті түрде close () командасын қоюдың себебі неде?

Қошеметтеу арқылы бағалау








Дискриптор:

- Керекті сөздерді дұрыс орналастырады




Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.

(Ұ) Сөздікпен жұмыс. «Түртіп алу» әдісі


7-сынып оқулығы.



(Т) Талқылау

Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық жұмыс жүргізіледі.

І топ: Readline() функциясы

ІІ топ: Seek функциясы

Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.


Дескриптор:

  • Readline() Seek функциясы туралы талқылайды.





(Ж) Жинақтау

1-тапсырма.

Input.txt мәтіндік файлдың бірінші жолында “a”..“z” арасындағы кіші латын әріптері, ал екінші жолында және 0 мен 9 аралығындағы араб цифрлары берілген. Бірінші жолдағы алғашқы 10 әріп пен екінші жолдағы алғашқы 5 цифрды оutput.txt файлына жаз.

Input.txt

Output.txt

abcdefghijklmnopqrstuvwxyz

0123456789

abcdefghij

01234


теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға дағдыланады Программа коды:

fin=open (“Input.txt”, “r”)

fout=open (“Output.txt”, “w”)

p=fin.readline(10)

fin.readline ()

h=fin.readline (5)

fout.write (p+’/n’)

fout.writelines (h)

fin.close ()

fout.close ()

Нәтижесі: abcdefghij 01234.

Дескриптор:

  • Бірінші қатардағы алғашық 10 символды оқу үшін readline(10) деп, нәтижесін p айнымалысына жүктейді.

  • Екінші қатардағы алғашқы 5 цифрды оқу үшін, бірінші қатардағы алфавиттің қалған бөлігін параметрсіз readline() арқылы оқып, төменгі қатарға түседі.

  • Файлдан оқыған деректер жеке­жеке жолға жазу үшін ‘\n’ әдісін қолданады.






2-тапсырма

Input.txt мәтіндік файлдың бірінші жолында “a”..“z” аралығындағы кіші латын әріптерінен тұратын жол берілген. Файлдағы осы жолды 2- орыннан бастап 15 әріпті ‘*’ символымен ауыстыр.

Input.txt

Output.txt

abcdefghijklmnopqrstuvwxyz

ab***************rstuvwxyz


Программа коды:

fin=open (“Input.txt”, “w”)

f.write (‘abcdefghijklmnopqrstuvwxyz’)

f.seek (2)

f.write (‘***************’)

f.close ()

Нәтижесі: ab***************rstuvwxyz

Дескриптор:

  • Input.txt кіру файлына латын әріптерін жазады.

  • Файл меңзерін Seek() функциясы көмегімен қажетті орынға орналастырады.

  • Файлға ‘*’ символын жазады.





Дербес жұмыс. Практикалық жұмыс

3-тапсырма:

Input.txt мәтіндік файлында үш, төрт және бес таңбалы сандар бос орынмен ажыратып жазылған. Осы сандардың қосындысын тап. Қосындыны Оutput.txt файлына жаз.

Input.txt

Output.txt

256 4584 69581

74421


Программа коды:

fin=open (“Input.txt”, “r”)

fout=open (“Output.txt”, “w”)

a=int(fin.read(3))

fin.seek (4)

b=int (fin.read (4))

fin.seek (9)

c=int(fin.read(5))

fout.write (str(a+b+c))

fin.close ()

fout.close ()

Нәтижесі: 74421

Мақсаты: seek() және read() функцияларын дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру.

Дескриптор:

  • Seek (n) функциясының көмегімен меңзерді қажетті орындарға қойып отырады.

  • Read(n) функциясының көмегімен жолдық шамаларды таңбасының санына қарай оқиды.

Жолдық шамаларды int() функциясы көмегімен санға айналдырады.



Сабақтың соңы


7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту

«Бес саусақ» әдісі

Балалар таратылған «5 саусақ» парақшасына таныстырылымда көрсетілген төмендегі критерийлер бойынша өз ойларын жазады.


Өзімді қалай сезіндім?

-Басқаларға көмегім тиді ме?

-Бүгін көңіл күйім қандай болды?

-Бүгін сабақ ұнады ма?

-Бүгін не үйрендім?

Мақсаты: Сабақты бекіту.


Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағалауы. «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

«5 саусақ» парақшалары




Өзіңді тексер!

Керекті сөздерді дұрыс таңдап, сөйлемді дұрыс құрастыр.

Керекті сөздер: файл, берілген, дискінің, ұзақ, тұрақты

   _____ -деректерді _______жадта (мысалы, қатқыл дискіде) ________ уақыт сақтауға арналған ________атау __________ аймағы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
918
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі