Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Факультатив 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елтай орта мектебі» КММ

Келісілді:

АӘК меңгерушісі:

Талант Қабылқақұлы



Бекітілді: Бекітемін: ӘБ отырысында қаралды

Мектеп дирекотры: Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:

Г.К.Контарбаева Д.Ж.Каримова З.М.Айтмаганбетова



«Әлемді тану» курсы

10-сынып

Мектеп компоненті

География пәнінің мұғалімі: Олжабаева М.К.





2018-2019 оқу жылы


Түсінік хат

 

Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады.

Қазіргі мектеп оқушылары өз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы мен экологиясын біліп қана қоймай, дүние жүзі елдерінің тарихы мен табиғаты, экономикасы мен экологиясы, халықаралық байланыстары туралы да білулері керек, өйткені олар келешекте әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін болады.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде Әлемтану танудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор.

Жер тану бұл — адамзаттың ортақ үйі – Жер ондағы түрлі табиғат кешендері: өзендер мен көлдер, таулар мен жанартаулар, мұхиттар мен теңіздер, шөлдер мен сарқырамалар, аралдар мен қалалар және олардағы тіршілік дүниесі мен шаруашылығы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.

Курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих сияқты мамандықтарды  қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.

 

  










Мақсаттары:  

  • Адам тіршілігі үшін табиғаттың маңызы, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас және оның әлеуметтік жағдайға тәуелділігі жайындағы ұғымдардың негізінде оқушыларға экологиялық білім беру;

  • Материктер мен мұхиттардың табиғат байлықтары және оны шаруашылық қажетіне пайдалану жолдарымен таныстыру арқылы экономикалық білімге негіз салу;

  • Жер шарындағы табиғаттың қайталанбас әсем көріністері мен туристік-рекреациялық мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, оқушыларды өзі мекен еткен табиғи ортаның қадір-қасиетін жете түсіне білуге баулу,

  • әсемдігін, мөлдірлігін көре, түсіне, сезіне, сүйе білуге, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға үйрету;


Міндеттері:

  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;

  • Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

  • Алған білімдерін дүние жүзінде болып жатқан ғаламдық экологиялық проблемалармен байланыстыра отырып, ол жөнінде өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету

  • Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын географияның бүгінгі таңдағы ғаламдық проблемалары мен түрлі табиғат құбылыстары мен табиғат кешендері туралы мәліметтер арқылы арттыру;

  • Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру;

  • Дүние танымдық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, олардың құзырлылығын арттыру.

 






Күтілетін нәтиже:

Осы курсты меңгере отырып оқушылар географиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, әртүрлі қолданбалы іс-әрекеттерді орындай отырып, түрлі зерттеу жұмыстарын қорытындылап, нақты дәлелдер келтіреді және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады.

Мұнда:

  • Оқушылар географиядан алған білімдерін шыңдау барысында ғаламшарымыздағы түрлі табиғат кешендерімен танысады.

  • Жер шарындағы табиғаттың қайталанбас әсем көріністері мен табиғат байлықтарын қорғауға ат салысады.

  • Табиғатты қорғаудың түрлі жолдарын ұсынады.

  • Газет, журнал басылымдарына мақалалар жазады.

 

Әдістемелік нұсқаулар.

Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.

Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.

Қолданатын құрал-жабдықтар:

Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, экономика, экология, сызу, биология, физика.

Оқытудың іс-әрекет түрлері:

  • Бағдарлама география, тарих, туризм, экология мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.

  • Оқушылар табиғи құбылыстар мен табиғат кешендері туралы мәліметтерді талдап, зерттеп, зерделейді;

  • Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:

    • табиғатты тиімді пайдалану жолдарын ашып айта алу;

    • талдау-салыстыру;

    • сипаттау;

    • пікір-талас;

    • картамен жұмыс

    • толықтыру әдістерін меңгереді.

  • Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.

  • Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу),

  • Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.

  • Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.

 

Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:

  • бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;

  • табиғат кешеніндегі өсімдік, жануарларымен танысып, экологиясын зерттеп талдап білуі;

  • табиғи ландшафтар мен антропогендік ландшафтардың айырмашылығын анықтап, сипаттай алуы;

  • табиғи байлықтарды жіктеп, тиімді пайдалану жолдарын ашып айта алуы;

  • табиғат кешендеріндегі топырақ, сулар мен ауаның экологоиялық жағын ашып айта алуы;

     Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:

  • табиғат кешенінің географиялық жағдайына сипаттама беру;

  • табиғат кешендерін картадан көрсете білу және карта бойынша түрлі өлшеу, анықтау жұмыстарын жүргізуді білу;

  • құжаттар, әдебиеттер және түрлі ақпарат көздерінен табиғат кешендері жөнінде материалдар жинақтап, жұмыс істей алуы;

  • елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;

  • белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;


«Әлемтану» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Өткізу түрі

Білімділік нәтижесі

Б

Д

С

І бөлім. Еуразия

11

10

1




1

Альпі және Карпат таулары.


1



Дәріс-баяндау

Кесте толтыру

2

Арабия түбегі.


1



Түсіндіру-баяндау

Тест құру

3

Байкал және Охрид көлдері.


1



Дәріс

Венн диаграммасы

4

Везувий жанартауы.


1



Дәріс

Констпект

5

Ганг өзені.


1



Ізденіс-зерттеу

Кескін карта түс

6

Гоби шөлі.


1



Дәріс-баяндау

Қосымша деректер

7

Кавказ таулары.


1



Ізденіс-зерттеу

Схемасын сызу

8

Месопотомия ойпаты.


1



Түсіндіру-баяндау

Реферат

9

Шри-Ланка аралы.


1



Әңгімелесу-сұхбаттасу

Конспект

10

Ява аралы.


1



Дәріс-баяндау

Қосымша деректер

11

Сарамандық жұмыс №1



1


Практикалық

Картамен жұмыс

ІІ бөлім. Солтүстік Америка

6

6




12

Гренландия аралы мен Катмай жанартауы


1



Дәріс

Тест сұрақтары

13

Йеллоустон ұлттық паркі.


1



Дәріс-баяндау

Конспект

14

Колорадо каньоны мен өзені.


1



Түсіндіру-баяндау

Конспект

15

Кордильера тау белдеуі.


1



Ізденіс-зерттеу

Схемасын сызу

16

Миссисипи өзені.


1



Ізденіс-зерттеу

Кескін карта түс

17

Ниагара сарқырамасы.


1



Дәріс-баяндау

Қосымша деректер

ІІІ бөлім. Оңтүстік Америка.

5

4

1




18

Амазонка өзені.


1



Ізденіс-зерттеу

Кескін карта түс

19

Амазонка ойпаты.


1



Дәріс

Конспект

20

Анд тау белдеуі.


1



Түсіндіру-баяндау

Схемасын сызу

21

Анхель және Игуасу сарқырамалары.


1



Түсіндіру-баяндау

Кесте толтыру

22

Сарамандық жұмыс №3



1


Практикалық

Картамен жұмыс

ІҮ бөлім. Африка.

4

4




23

Калахари шөлі.


1



Дәріс-баяндау

Жоба құру

24

Мадагаскар аралы.


1



Дәріс-диспут

Реферат

25

Нил өзені.


1



Ізденіс-зерттеу

Кескін карта түс

26

Африка көлдері


1



Ізденіс-зерттеу

Кесте толтыру

Ү бөлім. Антарктида және Мұхиттар әлемі.

8

6

2




27

Антарктида


1



Дәріс-диспут

Жоба құру

28

Арктика


1



Түсіндіру-баяндау

Қосымша деректер

29

Тынық мұхит


1



Ізденіс-зерттеу

Кітапша жасау

30

Атлант мұхиты


1



Жәріс-диспут

Реферат

31

Үнді мұхиты


1



Ізденіс-зерттеу

Тест сұрақтары

32

Солтүстік мұзды мұхит


1



Түсіндіру-баяндау

Конспект

33

Сарамандық жұмыс №3



1


Практикалық

Картамен жұмыс

34

Қорытынды сабақ



1


Сынақ-тест

тест





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
7133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12