400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Факультатив сабағында ойын арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әлиекөл ауданы әкімділігінің білім бөлімінің №1Қазанбасы орта мектебі»ММ





Семинар





Тақырыбы: «Факультатив сабағында ойын арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу»















Бастауыш сынып мұғалімдері:

Көшербекова Қ.Д.

Копжасарова Д.Ш.













2019-2020 оқу жылы

І. Тақырыбы: Факультатив сабағында ойын арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу (2слайд)

ІІ.Мақсаты: Қосымша сабақ беру жүйесінде балалардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуына оңтайлы жағдай жасау.(3слайд)

ІІІ. «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген Әл – Фараби атамыз.(4слайд)

Қазақстандық патриотизм дегеніміз – өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортәқ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.

Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынән қарау керек.

Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында балалар бойына сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін балаларды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылғән және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады.

Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершіліқ, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады. ІҮ. Патриоттық сезімдер құралдарына: (5слайд)

  • Ұлттық құндылықтары – жер, ел, тіл жатады.

  • Ұлттық нышандары - Ел таңба, Ту, Әнұран.

  • Ұлттық мәдениеті – сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т.б.

  • Қазақ зиялыларының өнегелі іс - әрекеттері мен сөздері.

Ү.Патриоттық сезімдерді факультатив сабағында ойын арқылы қалай жүзеге асыруға болады.Менде математика пәнінен 1 сағат «Қызықты математика» факультативі бар.Осы сабақтарда мен ойын арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге тырысамын. Мысалы:

5 сабақ:Жиындар ішіндегі жиын (6 слайд)

  • Жиынның бір бөлігін жиынның ішіндегі жиын дейміз. Егер А жиыны В жиынының ішінде болса, онда олардың арасына ⊂ белгісін қояды. Олай болмаса, онда ⊄ белгісі қойылады.

Тақтаға шаңырақ суреті іленеді.Мұғалімдерге қоржынға салып суреттер үлестіріледі.Мұғалімдер суреттер атауы бойынша жиын құрастырады.

ҚР-жиыны –шаңырақ

Қ-қазақтар жиыны ,О-орыстар жиыны,У-украйындар жиыны,Ө-өзбектер жиыны.

-Қазақтар ҚР тұрады Сол себептен Қ жиыны ҚР жиынының ішінде,яғни Қ-жиыны тиісті ҚР- жиынына

-ҚР орыстар тұрады ма? Онда О жиыны ҚР жиынының ішінде,яғни О- жиыны тиісті ҚР- жиынына

-Қазақ жиыны орыстар жиынына кіре алама? Жоқ.

-Не себептен? Қ- жиыны ⊄ О-жиынына тиісті емес. Сондықтан өз тілімізді құрметтеу керекпіз.

  1. – сабақ Дөңгелек сандарды көбейту (7слайд) Дөңгелек сандарды көбейту үшін нөлдерге қарамай сандарды көбейтіп алып, шыққан санға екі санның нөлдерін жазу.

Мұғалімдерді 3 топқа бөлу.Қорапқа суреттерді салып ,ұсыну.Алма,бәтерек,қызғалдақ. Әр топта 5 адамнан болады.

Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді (8слайд)

- Қазақстанның 3 республикалық маңызы бар қалалар қалай аталады? Сурет бойынша анықтайық.

-Үш топқа бөліндік , 3 республикалық маңызы бар қалалар,ол Нұр-Сұлтан ,Алматы, Шымкент. Әр қаланың өзінің символы бар.

Алматы қаласының символы- алма

Нұр-Сұлтан қаласының символы- бәйтерек

Шымкент қаласының символы- қызғалдақ. (суреттерін тарату)

-Әр қала бірі-бірімен тығыз қарым-қатынаста.Осы қарым-қатынасты «Өрмекші жібі» ойыны арқылы жүзеге асырайық. Ойынды өткізу.

Сергіту сәтін өткізу барысында келесі ойын өткізуге болады. Топтарды сапқа тұрғызу.соңғы адамға параққа жазылған сөз беру.

1 топқа –ту сөзі,2 топқа- жер сөзі,3топқа –күн сөзі.

Оқушы сөзді оқып,алдында тұрған баланың арқасына суретің сызады.Ол алдынғы тұрған оқушының арқасына сызады.Алдыда тұрған бала сөзді айту керек. Суретін тақтаға салу. Үш суретті біріктіріп, сөйлем құрастыру.

-Бұл ойынды 19 – сабақ Фигуралардың пайда болуы тақырыбын өткенде пайдалануға болады.

Осылайша : Қосымша сабақ беру жүйесінде балалардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуына оңтайлы жағдай жасауға болады.

Назарларыңызға рахмет! (9слайд)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі