Материалдар / Факультатив сабақтың күнделікті жоспары. Тақырыбы: Мәтін және сөз мағынасын білу мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Факультатив сабақтың күнделікті жоспары. Тақырыбы: Мәтін және сөз мағынасын білу мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.. Сөздік қорын молайту, Зейінділікке тәрбиелеу. Мәтінмен жұмыс жасату. Сөз шеберлігін қалыптастыру. Ауызекі тіл мен әдеби сөйлеу нормаларын үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2019
2257
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және сөз мағынасын білу мәніСыныбы: 7-сыныпКүні:Сабақтың мақсаты:1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;2. Сөздік қорын молайту;3. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

IIІ. Жаңа сабақ Мәтін және сөз мағынасын білу мәні1. Көркем жазуЖақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.2. Бұл қандай сөздер?• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)3. Оқулықпен жұмыс 1 - жаттығуСөйлемдерді көшіріп жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.

Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру – оңай, түзету – қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

2 - жаттығу Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.қатты -...... жүру -..........таяз -.......... кию -............жылы -........ кіру -...........кең -.......... сөйлеу -.........● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;● тасымалданбайтын сөзді табу.

IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыныЖжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.• Досым допты домалатты.• Суық сумен сүртіндім.

V. Өзіндік жұмыс ● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.

1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.Сөйлемдер мынадай болуы мүмкінШаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.

VI. Жұмбақ шешу● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.Жақыннан әкеп хабарды.Ренжітер барлық адамды.Алыстан әкеп хабарды,Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)

Жеңілдікпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар.Қиындықпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)● Бес жолды өлең құрастыру1. Пияз2. Ащы, пайдалы.3. Аршылады, ашытады, өседі.4. Жуа5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.

VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.• Жақсы, жаман - синоним сөздер○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.• Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді• Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.Бетегеден биік, жусаннан аласа.

Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.Көз қорқақ, қол батыр.Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтарЖақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

VII. Үйге тапсырмаБерілген қарама - қарсы мағыналы сөздерді топтап жазуЗат есім:Сын есім:Етістік:Айту - тыңдау, ақ - қара, түзу - қисық, қону - ұшу, жаз - қыс, ыстық - суық, күн - түн, сату - алу, ащы – тәтті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!