жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Факультативтік жұмыс: «Жұмыс,қуат,энергия»
«Сырым аудандық білі беру өлімінің жалпы білім береті Көгеріс негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бектемін» «Келіседі» Ә/Б отырысында қаралды:
Мектеп директоры: Аудандық білім бнру бөлімінің меңгрушісі: Хаттама №1
ӘК меңгерушісі
------------------------- --------------------------- ---------------------
«----- «------2018 ж «----- «------2018 ж «----- «------2018 ж
Факультатив атауы: «Жұмыс,қуат,энергия»
Пәні: Физика
Сыныбы:8 Жетекшісі:Сарсенова Д.В
Барлығы:34 сағат аптасына 1 сағ
2018-2019 оқу жылы
Түсінік хат
Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушыларға қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер оқушылардың танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады. Физика- эксперимент пен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады.
Курстың өзектілігі: Жылу, жарық, электр құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім береді. Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады. Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.
Курстың мақсаты және міндеттері:
Курстың негізгі мақсаты- ғылыми білімнің ілгері негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірбиелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
Білім берудіңжоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;
Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу,
Пәнаралық (химия математика т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;
Белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру, жаңашылдылыққа баулу;
Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;
Дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі- табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интелектуалды дамуын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың физика пәнінен есеп шығару қаблеттері артады.
2. Есеп шығарудың жолдары мен талдауын игереді.
3. Күрделі есептердің шығару жолдарын меңгереді.
Талаптар:
- Физика туралы тереңірек білім беру арқылы оқушылардың логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.
- Математика, химия, биология, әдебиет, экология пәндерімен байланыстыра оқыту.
Оқушылар тізімі
№ |
Оқушылар тізімі |
Сыныбы |
1 |
Аблай Нұржігіт |
8 |
2 |
Уалиахмет Ершат |
8 |
3 |
Аманқос Рамазан |
8 |
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Өткізілу мерзімі |
1 |
Кіріспе. |
1 |
|
2 |
Термодинамика және электродинамика дамуындағы физика ғалымдарының еңбегіне шолу. |
1 |
|
3 |
Ішкі энергия. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу тәсілдері. |
1 |
|
4 |
Жылу мөлшері. Энергияның жылу процестеріндегі сақталу және айналу заңдары. |
1 |
|
5 |
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. |
1 |
|
6 |
Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. |
1 |
|
7 |
Жылу құбылыстары бойынша есептер шығару |
1 |
|
8 |
№1 Зертханалық жұмыс: Шыны түтікті әртүрлі формаға майыстыру. |
1 |
|
9 |
Жылу құбылыстары тақырыбын қайталау |
1 |
|
10 |
Электрдің тұрмыстағы маңызы. Электрленген денелердің өзара әсері. Электр өрісі. |
1 |
|
11 |
Жермен қосу. Денелерді ықпал арқылы электрлеу. |
1 |
|
12 |
Электр тогы. Вольта және гальвани элементтері. Атмосферадағы электр құбылысы. Найзағайдан қорғану. |
1 |
|
13 |
Электр тізбегі және оның құрама бөліктері. Токтың кернеу мен кедергіге тәуелділігі. |
1 |
|
14 |
Электр тогы жұмысы мен қуаты. Электр энергиясын есептеу. Қыздырғыштар. |
1 |
|
15 |
№2 зертханалық жұмыс: Джоуль мен калория арасындағы қатынасты табу. |
1 |
|
16 |
№3 зертханалық жұмыс: Электр қыздырғыштың жылу бергіштігін анықтау. |
1 |
|
17 |
Электр құбылыстарына есептер шығару |
1 |
|
18 |
Электр тогының жұмыс мен қуатына есептер шығару |
1 |
|
19 |
Электр құбылыстар тарауын қайталау. Тест жұмысы |
1 |
|
20 |
Магниттік құбылыстар. Токпен магниттеу. Ықпал арқылы магниттеу. Компас. |
1 |
|
21 |
Электр қоңырау. Электр телеграф. Электромагниттік реле. |
1 |
|
22 |
Телемеханика туралы ұғым. Телефон. Электр қозғалтқыштың қолданылуы. |
1 |
|
23 |
Айнымалы ток генераторы. Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы. |
1 |
|
24 |
Трансформатор. Электр энергиясын алыс жерге жеткізу үшін трансформатор қолдану. |
1 |
|
25 |
№4 зертханалық жұмыс: Электромагнит релесін құру және оны сынау |
1 |
|
26 |
Трансформатор тақырыбына есептер шығару |
1 |
|
27 |
Жарық сәулесі. Жарық шоғы. Жарықтың жазық- паралель пластинкадан және призмадан өтуі. |
1 |
|
28 |
Линзалар. Нәрселердің линзадағы кескіні. |
1 |
|
29 |
Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Микроскоп. |
1 |
|
30 |
Көз және көру. Көздің кемістіктері. Көздің гигиенасы. Қоян, жылқы т.б көру өрісі. |
1 |
|
31 |
Ақ жарықтың түстерге жіктелуі. Дененің түсі №5 зертханалық жұмыс: |
1 |
|
32 |
Сәуленің жазық- паралель пластинкада және үш бұрышты призмада сынуын бақылау. |
1 |
|
33 |
№6 зертханалық жұмыс: Линзаны пайдаланып кескін түсіру. |
1 |
|
34 |
Қортынды. Тест жұмысы |
1 |
|
Әдебиеттер:
Башарұлы Р. Қазақбаева Д. Тоқбергенова У. Физика және Астрономия. Әдістемелік құрал. – Алматы: «мектеп», Дүйсенбаев Б. Қазақбаева Д. Физика. Анықтамалық құрал. – Алматы: «Рауан»
Покровский А.А Аударғандар: Ү. Уақасова, К. Желеуова. Орта мектептегі физика практикумы. – Алматы: «мектеп»,
Кабардин О.Ф. идр; Под редакцией Кабардина О.Ф. Орлов В.А. Методика факультативных занятий по физике: Пособие для учителя.- Москва: «Просвещенние»,
Гладышева Н.К., Глазунов А.Т. Контрольные работы по физике.- Москва: «Просвещение»
Бақынов Ж.О. Физика: Дидактикалық материалдар. Алматы «мектеп»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген