жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Фалес теоремасы
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Фалес теоремасы |
Мектеп: № 78 мектеп - гимназия |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 22.11.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Кабылбекова Нургуль Сатовна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 «Б» |
Қатысқандар саны: 19 |
Қатыспағандар саны:1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Фалес теоремасы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Фалес теоремасының тұжырымдамасын білу, дәлелдей білу, алған білімді есеп шығаруда қолдана білу. Кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең кесінділерге бөле білу.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Фалес теоремасының тұжырымдамасын білу, дәлелдей білу, алған білімді есеп шығаруда қолдана білу. Кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең кесінділерге бөле білу..
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
Барлық оқушылар: Фалес теоремасының тұжырымдамасын біледі; Көпшілік оқушылар: Фалес теоремасының тұжырымдамасын білгенін дәлеледей алады; Жекелеген оқушылар: Фалес теоремасының тұжырымдамасын біледі, дәлелдей алады, алған білімді есеп шығаруда қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Ұлттық құндылықты қалыптастыру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Сызу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Пропорция, тең кесінділер, кесіндінің ұзындығы, бұры, параллелограмм, параллель түзулер мен қиюшының қасиеттері.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Топтасу 3 мин
Қайталау, бұрынғы білімді бекіту 7 мин
Жаңа білімге көпірше тапсырмасы. ЖАДА аймағын пайдалану 7 мин
|
Амандасу,
түгендеу. Оқушылардың назарын аударту.
Сыныпты үш топқа бөліп, бірінші топқа параллелограмм мен ромб, тіктөртбұрыш ұқсастықтары мен айырмашылықтарын венн диаграммасында көрсетіп, қасиеттерін атау тапсырылады. Циркуль мен сызғыштың көмегімен салу есептерін өткенбіз. Циркуль мен сызғышты пайдаланып кесіндіні тең екі кесіндіге қалай бөлетін едік? Қалай салатынын тақтада бір оқушы көрсетеді. Ал енді кесіндіні циркульмен сызғышты пайдаланып үш, төрт, бес т.б. кесінділерге қалай бөлуге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін ежелгі грек математигі Фалес теоремасын қолданады екенбіз.
3.Фалес теоремасы а) Тарихына тоқталу Фалес Милетский грек ғалымдарының тұңғышы б.э.д. 625-547 жылдар шамасында өмір сүрген. Бүгінгі өтетін теоремамыз кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең бөліктерге бөлуге қолданылады. Фалес диаметр дөңгелекті қақ бөлетінін, тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болатынын, вертикаль бұрыштардың теңдігін, үшбұрыштардың теңдігінің бірінші белгісін алғаш дәлелдеген. Б.ж.с. бұрын 585 жылғы 28 майда болған күн тұтылу құбылысын алдын ала, алты ай бұрын айтқан. Гректер дүниеде жеті-ақ адам данышпан болып туады депойлаған, Фалес солардың біріншісі деп есептеген. Фалеске берілген сұрақтардан Фалеске берілген сұрақтардан мынандай жауаптар алыныпты. 1 “Бәрінен де жасы үлкен кім?” дегенге: “Құдай, өйткені ол тумаған. 2“Бәрінен де не үлкен?” дегенге: “Кеңістік, өйткені ол бүкіл Дүниені қамтиды”. 3 "Не нәрсе ең әсем?" дегенге: "Дүние, өйткені әсемдіктің бәрі соның құрамында". 4 “Ең дана не?” дегенге: "Уақыт, ол бәрін тудырды, тағы да тудырады". 5 “Барлыққа ортақ не?” дегенге: “Үміт. Қолында еш нәрсе жоқтарда да өмірге деген үміт болмай қалмайды”. 6 "Ең оңай не?" дегенде: "Басқаларға ақыл айту, өйткені оны өзі орындамасаң да болады", 7 "Не нәрсе күшті" десе: "Сөзсіздік, ол бәрін жеңеді" дейді, . ә) Фалес теоремасы. Егер бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екінші қабырғасында да тең кесінділер қияды.
Берілгені: <АОВ а1 ІІ а2 ІІ а3 ІІ а4 ІІ а5 ІІ ...
а1
OA1=A1A2=A2A3=… Д/к: ОВ1=B1B2=B2B3=…
Дәлелдеуі: A1C1II OB, A2C2 II OB, A3C3 II OB кесінділерін жүргіземіз. Параллель түзулерді үшінші түзумен қиғандағы сәйкес бұрыштар болғандықтан < C1A1A2= <C2A2A3= <C3A3A4 және <С1А2А1=<С2A3A2=< C3A4A3 ал шарт бойынша A1A2=A2A3=A3A4 онда үшбұрыштар бір қабырғасы және оған іргелес екі бұрышы сәйкесінше тең болғандықтан ΔA1C1A2=ΔA2C2A3, ал үшбұрыштардың теңдігінен А1С1=A2C2 болады. Сонда A1B1B2C1; A2B2B3C2 параллелограмм болады. Яғни А1С1=B1B2, A2C2=B2B3 немесе В1В2=B2B3 Қалған кесінділердің теңдігі де осылай дәлелденеді. Ескерту: Бұрыштың қабырғаларының орнына кез келген екі түзуді алуға да болады. Теореманың қорытындысы сол күйінде қала береді. Берілген екі түзуді қиып өтетін және бір түзуден тең кесінділер қиып түсіретін параллель түзулер екінші түзуден де тең кесінділер қиып түседі. 4. Фалес теоремасын практикада қолдануға есеп. Есеп берілген АВ кесіндісін тең n белгілерге болу керек.
Шешуі:
1) АВ кесіндісін қамтитын түзуде жатпайтын А нүктесінен бастап а сәулесін салам. 2) а сәулесінің бойына өзара тең АА1, А1А2, А2А3, …, Аn-1An кесінділерін өлшеп саламыз. 3) АnB қосамыз 4) А1В1 ІІ А2В2 ІІ А3В3 ІІ AnВn түзулерін жүргіземіз
|
Кеспе қағаздар
Интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин Білу
Түсіну
Қолдану
Сабақты бекіту Талдау 3 мин |
Жаңа тақырып. «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі. «Фалес» сөзжұмбағын шешу»
Сұрақтары: 1.Геометрия – ол геометриялық ... – лардың қасиеттері жөніндегі ғылым 2.Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? 3.Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? 4.Бұрышты қақ бөлетін сәуле? 5.Бұрышты өлшейтін құрал?
Сабақты бекіту, есеп шығару Сыныпта №60 (1), №61 (1) Берілген кесіндіні тең 3 бөлікке бөліңдер. Тақтада бір оқушы орындайды. Қалғандары орнында орындайды.
6. Сабақты қорытындылау 7. Бағалау: Бағасы: Жалпы балл: 12 10-12 балл: «5» 7-9 балл: «4» 4-6 балл: «3» 0-3 балл: «2»
1. Фалес теоремасының практикалық маңызы неде? 2. Фалес теоремасын дәлелдеу кезінде қандай теоремалар пайдаланылды? ҚБ: Дескриптор:
Үй жұмысы: №77,78
|
Үлестірмелі қағаздар
Постер
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлекция 3 мин
|
Мақсатқа кері оралу. Әр топтан ауызша кері байланыс алу.
|
Стикер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылардың топтық, жұптық, жеке жұмыстар кезінде қабілеттері ескеріледі. Әр оқушының айтқан жауаптары құнды. Оқу дағдылары қалыптасады. |
Дауыс беру; Ойлан, жұптас, бөліс; Стикер; Бағдаршам; Дескрипторлар.
|
Сергіту сәті. Қауіпсіздік техника ережелері. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген