10-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Фалес
теоремасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Фалес теоремасының
тұжырымдамасын
білу, дәлелдей білу, дәлелдей
білу, алған білімді есеп
шығаруда қолдана білу.
Кесіндіні циркуль мен
сызғыштың көмегімен тең
кесінділерге бөле білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, жазу,
есте
сақтау,
сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа,
іскерлікке баулу
Сабақтың
түрі: Жаңа сабақты
меңгерту
Сабақтың
барысы: 1.
Ұйымдастыру кезеңі
2.
Өткен
сабақты қайталау.
Циркуль мен сызғыштың
көмегімен салу есептерін өткенбіз. Циркуль мен сызғышты пайдаланып
кесіндіні тең екі кесіндіге қалай бөлетін едік? Қалай салатынын
тақтада бір оқушы көрсетеді.
Ал енді кесіндіні циркульмен
сызғышты пайдаланып үш, төрт, бес т.б. кесінділерге қалай бөлуге
болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін ежелгі грек математигі Фалес
теоремасын қолданады екенбіз.
3.
Бүгінгі
сабақтың тақырыбы: Фалес теоремасы
а) Тарихына
тоқталу
Фалес Милетский грек
ғалымдарының тұңғышы б.э.д. 625-547 жылдар шамасында өмір сүрген.
Бүгінгі өтетін теоремамыз кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен
тең бөліктерге бөлуге қолданылады. Фалес диаметр дөңгелекті қақ
бөлетінін, тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең
болатынын, вертикаль бұрыштардың теңдігін, үшбұрыштардың теңдігінің
бірінші белгісін алғаш дәлелдеген. Б.ж.с. бұрын 585 жылғы 28 майда
болған күн тұтылу құбылысын алдын ала, алты ай бұрын айтқан.
Гректер дүниеде жеті-ақ адам данышпан болып туады депойлаған, Фалес
солардың біріншісі деп есептеген.
ә) Фалес
теоремасы.
Егер бұрыштың қабырғаларын
қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса,
онда олар екінші қабырғасында да тең кесінділер
қияды.
Берілгені: <АОВ
а1
ІІ
а2
ІІ
а3
ІІ
а4
ІІ
а5
ІІ
...
а1
ОА=A1, а2
ОА=A2…
а1
ОB=B1
, а2
ОB=B2…
OA1=A1A2=A2A3=…
Д/к: ОВ1=B1B2=B2B3=…
Дәлелдеуі: A1C1II OB,
A2C2
II OB,
A3C3
II
OB кесінділерін жүргіземіз.
Параллель түзулерді үшінші
түзумен қиғандағы сәйкес бұрыштар болғандықтан <
C1A1A2=
<C2A2A3=
<C3A3A4
және
<С1А2А1=<С2A3A2=<
C3A4A3
ал шарт бойынша
A1A2=A2A3=A3A4
онда
үшбұрыштар бір қабырғасы және оған іргелес екі бұрышы сәйкесінше
тең болғандықтан ΔA1C1A2=ΔA2C2A3, ал үшбұрыштардың теңдігінен
А1С1=A2C2
болады.
Сонда A1B1B2C1; A2B2B3C2 параллелограмм болады. Яғни
А1С1=B1B2,
A2C2=B2B3
немесе
В1В2=B2B3
Қалған кесінділердің теңдігі
де осылай дәлелденеді.
Ескерту: Бұрыштың
қабырғаларының орнына кез келген екі түзуді алуға да болады.
Теореманың қорытындысы сол күйінде қала береді. Берілген екі түзуді
қиып өтетін және бір түзуден тең кесінділер қиып түсіретін
параллель түзулер екінші түзуден де тең кесінділер қиып
түседі.
4. Фалес теоремасын практикада
қолдануға есеп.
Есеп берілген АВ кесіндісін
тең n белгілерге болу керек.
Шешуі:
1) АВ кесіндісін қамтитын
түзуде жатпайтын А нүктесінен бастап а сәулесін
салам.
2) а сәулесінің бойына өзара
тең АА1,
А1А2,
А2А3, …,
Аn-1An
кесінділерін өлшеп саламыз.
3)
АnB қосамыз
4)
А1В1
ІІ
А2В2
ІІ
А3В3
ІІ
AnВn
түзулерін
жүргіземіз
Фалес теоремасы бойынша АB1=B1B2=B2B3=…=Bn-1B
5. Сабақты бекіту, есеп
шығару
Сыныпта №60 (1), №61
(1)
Берілген кесіндіні тең 3
бөлікке бөліңдер. Тақтада бір оқушы орындайды. Қалғандары орнында
орындайды.
1. Фалес теоремасының
практикалық маңызы неде?
2. Фалес теоремасын дәлелдеу
кезінде қандай теоремалар пайдаланылды?
6.
Сабақты
қорытындылау, бағалау
7.
Үйге
тапсырма §4. №60 (2), 61 (2)