400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фараб әлемі және қазіргі заман

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семинар сабақ: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру.

« Фараб әлемі және қазіргі заман»



Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өшпейді.

(Халық даналығы)

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың біртуар ғұламасы Әл-Фарабидың бізге жеткен шығармаларын насихаттау және қазіргі заманда оның бай мұрасын шамшырақ ретінде болашаққа бағдар етіп алу.



Қолданылатын әдістер: топтық,ұжымдық,ынтымақтастық.

Сабақ типі: семинар сабақ

Көрнекіліктер: презентациялар,слайд,бейне жазба.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастырушылық кезең.

2.Бейнежазба «Әл-Фараби-өркениет философы»

3. 1-топтың зерттеу жұмысы «Әбу Насыр әл-Фараби»

4. 2-топтың зерттеу жұмысы «Әбу Насыр әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі»

5. 3-топтың зерттеу жұмысы «әл-Фараби және музыка»

6.Қорытынды сөз.

7. Көрермендерге сауалдар қою.

8. Түйінді ой. Ғұламаның нақыл сөздері.

1.Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.Кеуделерінде Әл-Фарабидың төл теңгемізге басылған суретін медальон ретінде тағады.

1-топтың бастаушысы: Нұрғожина Даная және оның көмекшілері Оралов Мерей,Ноқан Дінмұхамед.

2-топтың бастаушысы: Ертаева Жанел және көмекшілері Изгуттинов Рауан,Қожабеков Айқын.

3-топтың бастаушысы: Мадышев Диас және оның көмекшілері Айткалиев Олжас,Якупова Земфира.

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Құрметті семинарға қатысушы қауым!Қазақ топырағында туып,бар ғұмырын тек қана адамзат қоғамының игілігіне арнап білімі мен өнерін,өшпес мұрасын қалдырған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидың шығармаларына зерттеу жүргізіп,болашаққа бағыт беруші шамшырақ ретінде бүкіл әлемнің ғалымдары мойындап,қазіргі дүрбелеңге толы дәуірде тығырықтан шығаратын сәуледей көріп отыр.Соңғы жылдары ғалымның өшпес бай мұрасын терең зерттеп,қазіргі уақытта оны өз игіліктеріне жаратып кәдеге асыруда.Біз де соған өз үлесімізді қосып,ұлы бабамыздың шығармашылық жолына үңілдік.Қазір 10 сыныптың оқушылары үш топта жұмыс істейді.Топтармен танысып қойыңыздар:

1-топтың бастаушысы: Нұрғожина Даная және оның көмекшілері Оралов Мерей,Ноқан Дінмұхамед.

2-топтың бастаушысы: Ертаева Жанел және көмекшілері Изгуттинов Рауан,Якупова Земфира.

3-топтың бастаушысы: Мадышев Диас және оның көмекшілері Айткалиев Олжас,Қожабеков Айқын.

Бейнежазба «әл-Фараби- өркениет философы»

1-топтың презентациясы «Әбу Насыр әл-Фараби» көпшілікке таныстырылады.

2-топ таныстырады «Әбу Насыр әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі»

3-топ баяндамамен шығады: «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы»

Қорытынды пікір.

Көрермендерге сауалдар қою және оған жауаптар алу.

  • Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын атаңдар.

  • Осы бағдарлама аясында елімізде,мектепте,ауданда қандай іс-шаралар болып жатыр?

  • Ұлы ғұлама бабамыздың мол мұрасы қалай ойлайсыңдар болашаққа шамшырақ ретінде бағыт бағдар беріп айқындап тұр ма?Осы сабақтан қандай ой түйдіңдер?





Түйінді ой. Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер? Фараб әлемінен болашаққа бағдар ретінде нендей шамшырақ алдық?Ол үшін мен сіздерге ғұламаның нақыл сөздерін ұсынамын.Сіздер сол нақыл,ғибрат болып кеткен сөздердің мағынасын жеткізіп,ойларыңды ашық жеткізіңдер./ нақыл сөздерді жауып қоямын стөлге өздері таңдап жауап береді/ Жауап бергендерге сыйлық беріледі./



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі