Армысыздар студенттер,оқытушылар! «Өлең, мен сені аялап өтемін »
атты әдеби – сазды кешіне қош келдіңіздер!
Шын
өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын-
Алланың айрықша мейір- шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры.
Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының
демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың
мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің
қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді
жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне
бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі»,
«Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген
қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық
жазушысы Фариза Оңғарсынова.
2-жүргізуші:
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда
Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген.
Нарын құмының арасында , асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік
дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы,
ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер
шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде
болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса
ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы
ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.
Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған- аналар
тақырыбы.
1-студент:
«Перзент сөзі» өлеңі
Әкем –менің тәңірім,
пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол
білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған ,япыр-ау, қайдан
бәрін?!
Күшті де жоқ,дәл ондай жер
бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ
келбетінде!
Батыр,дана сол ғана. Асығамын
әкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол
жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
анашымды әкемше жақсы көрем.
ол
тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын
әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы- әкем
менің.
Әкем барда , арқам кең, жоқ
алаңым,
бәрі орнында: шаруаң, қора,
малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен
өскенде
Қиындау ау әкемдей бола аларым.( 1992
жыл)
2-студент:
«Анама» өлеңі
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас
шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен
үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең –
жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы-ау», - дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай , мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым! (
1960ж)
2-жүргізуші:
Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы. 1961 жылы
Гурьев ( Атырау) педагогикалық институтының филология факультетін
бітіріп, 1966 жылдан бастап мұғалім болып, содан кейін ауылдық
мектепте директор болып, 1970 жылдан бастап «Қазақстан пионері»
(қазіргі «Ұлан») газетінің, «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен»)
журналының бас редақторларының қызметтерін атқарды. Фариза өлеңдері
1958 жылдан басыла бастаған. Оған алғашқы назар аударған адамның
бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол
Фаризаның алғашқы жырларынан-ақ оның бойындағы талантын танып, оны
әкесіндей қолдады және ылғи да қадағалап, қуанып
отырды.
1-жүргізуші: Әркімнің туған жері, туған өлкесі
бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен
орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол
сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз
өлеңдері арқылы бере білді.
«Ауыл десе , жайлайды жанымды
үміт,
Сонда ғана атардай таңым күліп.
Жасыл шардың бетінде жалғыз
ноқат
Мені мәңгі тартатын сағындырып...»деп туған
ауылына деген махаббатын білдіреді.
2-жүргізуші: Фариза өлеңдері оқырмандардың жан
азығына айналған қымбат дүние. Ол - мұғалім үшін тәрбие құралы.
Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық,
ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік - азаматтық
қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі
ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер,
адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.
1-жүргізуші:
Фаризаның атақты «Өлең» атты өлеңінен ақынның
әлденеден мұңайған кезінде, біреудің «пысықтығынан» жүрегі мұздаған
кезде, кешегі досының бүгін жерігенін көргенде , Фаризаның досы,
сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы поэзиясы
болғанын көреміз.
«Өлең мен аялап
өтемін»
Дала
күндерімнің,
Нала түндерімнің,
Серігі болғаның үшін,
Сенімі болғаның үшін,
Мен
сені аялаймын.
Көңілді жайлы күнімді,
Азапты, қайғы- мұңымды,
Өзіңмен бөліскенің үшін,
Қапам мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым
болып
О
баста көріскенің үшін.
Өлең, мен сені аялап өтем!»
Ән
«Фаризажан» Слайдтар
2-жүргізуші:
Ақынның тұңғыш кітабы ол «Сандуғаш» атты өлеңдер
жинағы. Кейіннен «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ», «Асау
толқын» «Дауа» т.б өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет
Өтемісұлы туралы «Алмас қылыш», қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара
жайлы «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудің бұлбұлымын»
«Қарғыс» сондай-ақ «Дала тағдыры», «Ақбөбек жырлары», «Мүшәйра» т.
б. поэмалары жарияланды.
Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы лирикаға
тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс
арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза ақынның
оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек
береміз
.
Әдеби монтаж
3
-студент «Туған жер»
Туған жер, туған ауыл қымбат
маған,
Ешкімге бұл сезімді былғатпағам
Мен
оның өзім ғана сезінетін
Қастерлі қасиетін жырлап бағам.
Ол
жерге деген менде сезім бөлек,
Жатпасын келгеніме өзімді елеп!
Ал
оның қасиетін сезу үшін
Тек
менің жүрегім мен көзім керек!
Мен
үшін өмірдегі ең ізгі бақ-
сол
жерден басталған-ды сезім бұлақ,
жайылып қазағымның даласына,
кеудемнен барады енді теңіз
құлап.
Даламды жасапты –ау бір керім
ұста,
Тек
жұрттар ,дәл өзімдей сезіп,ұқса...
Туған ел,саған деген махаббатым
Бағынар емес жүзге не жынысқа!
4-студент: «Туған ел»
Аймалайды өкпен желі,
Нұрға оранып көк пен жері.
Бала сағым бұлдырайды
Гүлмен ойнап бөктердегі.
Қаз- үйректің таныс әні,
Ерке өзенмен табысады
Бір-бірінен күле қашып
Ақ
толқындар алысады.
Терек, қайың жымыңдасып,
Самал желмен тұр ымдасып.
Жапырақтар тербеледі
Бір-бірімен сыбырласып
Гүл
жамылған өлкедегі
Бұталар да ән төгеді.
Күн
щуағы аймалаған,
Елім неткен көркем еді!
5-
студент: О, менің өкініштерім!
О,
менің өкініштерім
Ар
ағашына асыңдар мені,
Жалмасын, жұтсын жасындар мені.
Қызықсыз, мәнсіз ғұмырым үшін
Таптасын мені ғасырлар легі.
Адамды өкініш, қаза құртады,
Мені де өртесін жазаның табы.
Келер күндердің ғажап ұрпағы,
Алмасын аршып зар жырымды
ордан.
Тартайын сонда тағдырым болған
Азаптарымның азабын тағы.
О
бастан бергі шетін істерім,
Елемей көздің еті де іскенін
Тойғаным тасып...
Солардан бүгін
Бойыма сіңбей отыр ішкенім.
Кеудемді қысқан менмендіктердің
Талқандап құрсау- бекіністерін
Өртеңдер мені, өкініштерім!
1-жүргізуші:
Ақынның беріліп, шабытпен кең жырлаған тақырыбы –
махаббат, сүйіспеншілік. Ақын жырлары алғашқы сезімді, құмартуды,
адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер, біреуі сүйіп, екіншісі
сүймеген , біреуі адал екіншісі опасыз сияқты құлап- жығылу
сәттерін бейнелейді. Алғашқы махаббаттың алауына өртенген жастардың
сезіміне, әсіресе қыз баланың алғашқы сезіміне ақынның махаббат
лирикасы шипа ем, жанына дауа болары анық. Ақын сезім жайлы мына
өлеңінде:
Табынған боп, сүйген боп көндігер
ем,
Көнер емес жүрегім сорлы денем.
Сыйлағаннан махаббат тумайды
екен,
Сирек келер сезім ғой ол бір ерен,- деп
жырласа,
Қыздардан ерлік қалған ба-
Құлай сүйсе де шектелген:
Сен
алғаш сүйіп алғанда
Ашуланған боп кеткем мен.
Тыңдаушының сезімін баурап, аққу арманның
үніндей, сағыныштың сазындай естілетін махаббат жайлы әсем де
әсерлі өлеңдер, сезім айдынындағы ғашықтардың назды сырына айналды.
Фариза Оңғарсынова әйел тақырыбын шығармаларына негіз еткен
ақындардың бірі. Оның «Дыбыстар әлемі» дастаны қазақтың композитор
қызы Ғазиза Жұбановаға, күйші Дина Нүрпейісоваға, «Бибігүл - ән»
жыры Бибігүл Төлегеноваға, «Назқоңыр» Роза Бағлановаға, «Жыр анасы»
Мариям Хакімжановаға, «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» топтама өлеңдері
Әлия мен Мәншүкке арналған. Оңғарсынованың көптеген шығармалары
шетел тілдеріне аударылған. Ендігі сөз кезегін тіл пәнінің мұғалімі
Батырбек Мәнейге береміз.
2-жүргізуші:
Ф.
Оңғарсынова- биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күй ырқына тез
берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Бүгінгі адам жанына ,
сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана
жанын ауыртпайды. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік,
жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір
қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер
етеді.
1-жүргізуші:
Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне
терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып,
халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға,
поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны
да , ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын,
қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.
2-жүргізуші:
Жалпы, Фариза ақынның жырға қоспаған тақырыбы,
өмір туралы толғақты ойларының ұшы- қиыры жоқ деп кесіп айтуымыз
керек. Соның ішінде, сөз соңына қарай болса да, өсиет сөздерін
өлеңдеріне өзек еткені жөнінде бірер сөз айтпай қалу айып болар
еді. Бұлар- жеке-жеке талдауға лайық көркем туындылар. Ерте
заманнан келе жатқан халқымыздың қасиетті дәстүрінің бірі- ақ тілек
тілеп, бата беру. Ақ тілек тілеу, бата беру халқымыздың ежелден
айтылатын, әр адамның көңіл сарапындағы мейір шапағаты, жылы
пейіл-ықыласы, шын жүрегінен шыққан лебізі,екінші бір пенденің
дәтіне қуат, рухына мизат ететін ақ тілегі. Ақынның осы тақырыптың
қырын талдап беруге біз қонағымызды шақырып
отырмыз.
1-жүргізуші: Қорыта айтқанда,Фариза ақынның адам
жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері
кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай
сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын
бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар
еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын
мұңдауға арналғандығын айтсақ, әрине,
қателеспейміз.
Қадірлі қонақтар! Осындай жан дүниемізді
байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның
падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең
деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан
Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз
мәресіне жетті.