жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Фариза Оңғарсынова "Әже"
|
Әжетайым менің. Фариза Оңғарсынова. Әже |
Байбуриева Б.М Күні: 5.09.17 |
|||||
|
СЫНЫП: 2 «Е» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу 2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету |
|||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||||
|
Сабақтың жоспары |
||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||
|
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Ортақ бөлімнің тақырыбы «Менің отбасым және достарым» болғандықтан біз топқа отбасы мүшелері арқылы бөлінеміз. 1-топ «Аталар» 2-топ «Әжелер» 3-топ «Әкелер» 4-топ «Аналар» болып топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут Ана тілің арың бұл Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Міне балалар бізде тіл апталығы болып жатыр. Тіл мерекесі қай күні тойланады? Үй тапсырмасын тексеру. Атасы мен немересі мәтінін оқиды. Кім ойлап тапқан өлеңін жатқа айтады. |
1-топ: Аталар 2-топ: Әжелер 3-топ: Әкелер 4-топ Аналар |
||||
|
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Оқулықпен жұмыс; Мақалдың мағынасын ашу; Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы – жылы. Венн диаграммасы бойынша жұмыс. Күн Ана Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады. Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік. Батыр, алғыр баламыз, оқып білім аламыз. Сөзжұмбақтар шешеміз, Жетілсін деп санамыз. Сөзжұмбақ шешіледі. - Балалар, бүгінгі сабақта Әже атты өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді жазған Фариза Оңғарсынова апамыз екен. Өмірі мен шығармашылығы туралы Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 5 - желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. Фариза туралы бейнежазба көрсету.Балалар, әже деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді? - Әже деп кімді айтамыз? - Нағашы әже дегеніміз кім? |
Оқулық, мәтіндер. |
||||
|
Ортасы 10 минут |
Талдау Ананың махаббатына, ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді. Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - ана! Ол саған бәрінен қымбат. Сондықтан да сен бір - ақ жанды білесің. Ол - ана! Міне анаға деген махаббат туған күніңнен - ақ басталады. Ана деген ардақты ат. Ананы құрметтеп, сыйлай біліңдер! Әже - әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын - ел анасы. Қазақ халқының заңы бойынша әжені әрбір адам танысын, танымасын оған сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс. 4. Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру; 5. Балаларға іштей оқыту. 6. Балаларға тізбектей оқыту 7. Сергіту сәті. Әжелер құрметіне Апатайым анашым әнін орындап сергіп алайық. 8. Дәптермен жұмыс. Ақын қолданған сөздерге назар аудару. Сызбаны толтыру. Ақын қолданған көркем сөздер Мағынасы ......... ......... Ренжіп, ашуланып Мақтап, шаттанып 9. Шығармашылық жұмыс. 1 - топ. «Әже» тақырыбында шығарма жазу. 2 - топ. «Әже» тақырыбына өлең шығару. 3-топ. «Ана» тақырыбында өлең жазады 4-топ. Отбасы тақырыбында сурет салады. Мен ұйықтарда айтады Ертегісін әндерін (Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру) 10. Қорытындылау. Балалар кімнің өлеңін өттік? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің? түсіндіреді. |
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. |
||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Апатайым анашым әнін айтады |
Музыкалық әуенмен |
||||
|
Кері байланыс 3 минут |
Бас бармақ әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
|
«Басбармақ әдісі» әдісі. Рефлексия парағы. |
||||
|
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс. |
||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəненеліктен? |
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген