400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Фармакоэкономика

Материал туралы қысқаша түсінік
статия
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті



Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы

және клиникалық фармация кафедрасы







Фармакоэканомика және дәрілік терапияның қолжетімділігі



Ниетуллаева Қ.Н.

«Фармация» мектебі, 6В10104 – «ФАРМАЦИЯ»

4 курс, Фарм 22-001к





Ғылыми жетекші:

PhD, қауымдастырылған профессор, «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және эканомикасы және

клиникалық фармация» кафедрасы Тлеуьаева Меруерт

Ильясовна









Алматы, 2025 ж.

Фармакоэканомика және дәрілік терапияның қолжетімділігі

Түйін: Бұл мақалада фармакоэкономиканың негізгі қағидалары және олардың дәрілік терапияның қолжетімділігін арттырудағы рөлі қарастырылады. Фармакоэкономикалық талдау әдістері— шығын-тиімділік, шығын-пайдалылық және шығын-қолайлылық бағасы, денсаулық сақтау жүйесіндегі ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Дәрілік заттардың бағасы, өтемақы саясаты, нарықтық реттеу тетіктері және әлеуметтік теңсіздік факторлары дәріге қолжетімділікке тікелей әсер ететіні анықталды. Сонымен қатар, инновациялық препараттардың қымбаттығы, генериктер нарығының дамуы, сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері және фармакоэкономикалық бағалаудың клиникалық шешім қабылдауға ықпалы талданады. Мақалада халықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында баға реттеуді жетілдіру, экономикалық талдау жүйесін күшейту және қолжетімді терапия стратегияларын дамыту бойынша ұсыныстар берілген.

Түйін сөздер: фармакоэкономика, дәрілік терапия, қолжетімділік, дәрілік саясат, генериктер, экономикалық бағалау.

Кіріспе. Денсаулық сақтау жүйесі үшін дәрілік терапияның қолжетімділігін қамтамасыз ету басым міндет болып қала береді [1]. Дегенмен, бюджеттік шектеулер және жаңа инновациялық дәрілік заттардың үздіксіз өсуі дәрі-дәрмектерге қолжетімділікке кедергі келтіретін негізгі сын-қатерлер болып табылады [2]. Фармакоэкономиканың міндеті – денсаулық сақтау саласындағы шектеулі ресурстарды [3] тиімді бөлуді қамтамасыз ету үшін баламалы іс-әрекеттердің шығындары мен салдарын салыстырмалы түрде талдау [4]. Осы машқалаларды шешу үшін фармакоэкономикалық талдау әдістері, соның ішінде Медициналық технологияларды бағалау (МТБ), шектеулі ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. МТБ денсаулық сақтау технологиясының салыстырмалы дәлелденген клиникалық және клиникалық-экономикалық (фармакоэкономикалық) тиімділігі мен қауіпсіздігін, сондай-ақ оларды қолданудың экономикалық, әлеуметтік және этикалық салдарын кешенді бағалауды білдіреді [1].

Әдістемелік негіздер және бағалау стандарттары. Экономикалық бағалау нәтижелерінің түсінікті және ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында CHEERS 2022 (Consolidated Health Economic Evaluation Reporting Standards) сияқты жаңартылған стандарттар әзірленді [4][5]. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне [1] ресми статистикалық деректерге және клиникалық-экономикалық талдау нәтижелеріне сүйене отырып жүргізілген [6]. Халықаралық сараптамалар (LMIC/ОТКЕ) фармакоэкономикалық бағалаудың, атап айтқанда адаптивті әдістердің (rapid cost-effectiveness analysis) және осы бағалаулардың халықаралық ауыстырымдылығына қатысты мәселелерді қарастыру үшін қолданылды [3]





















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000360

  1. Abbas N. et al., 2020 — Access to medicines: systematic review. Халықаралық қолжетімділік шолуы. https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S1551741119306473

  2. Adaptive Health Technology Assessment: A Scoping Review of Methods https://www.researchgate.net/publication/371325742_Adaptive_health_technology_assessment_a_scoping_review_of_methods

  3. Консолидированных стандартах отчетности по экономическим оценкам в здравоохранении 2022 (CHEERS 2022) https://www.google.com/url?sa=E&q=https%3A%2F%2Flink.springer.com%23Aff16

  4. Commentary: Advocating for patient and public involvement and engagement in health economic evaluationhttpshttps https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC10316557/

  5. Hospital-Based Health Technology Assessment in Kazakhstan: 3 years' experience of one unit https://www.researchgate.net/publication/331499963_Hospital-Based_Health_Technology_Assessment_in_Kazakhstan_3_years%27_experience_of_one_unit







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.02.2026
22
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі