Шымкент қаласы
Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебі
Ғылыми – практикалық жұмысы
Тақырыбы: Фаст-фуд
Секциясы: Химия
Орындаған:
10 "а" сынып оқушысы
Абдраш Гүлсезім Қайратқызы
Жетекшісі:
Шегебай Сауле Дүйсенбиевна
2018-2019 оқу жылы
КІРІСПЕ
Фаст-фуд қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Қарқынды өмір салты қазіргі заман адамына асықпай , сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын жерден бизнес-ланч, пакеттегі жылдам еритін лапша, гамбургерлер немесе хот-догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура келеді. Қазіргі таңда қалада кез-келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. Көптеген жерлерде арнайы орындар тұрғызылған, онда ыстық самсалар, қамырдағы бәліштер, құймақтар және тағы да басқа жеңіл тағамдар сатылады. Жалпы аш қалмайсың.Бізді қызықтыратыны, осы фаст-фуд қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандарындай фаст-фуд адам ағзасына , денсаулығына , әсіресе балаларға шынымен зиян ба?
Зерттеудің өзектілігі: фаст-фуд өнімдерінің зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы қолданушылар санын азайту.Зерттеудің қарама-қайшылықтары дәрігерлер қаншалықты фаст-фудтың зиянын айтқанымен көптеген адамдар жиі пайдаланады.
Зерттеудің мәселесі: фаст-фуд өнімдерін пайдалану.
Зерттеудің міндеттері: -фаст-фудтың шығу тарихымен танысу.
-фаст-фуд өнімдерін қаншалықты жиі пайдалану мен сүйікті тамақтануын анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу.
-фаст-фуд дайындау барысында оның құрамымен танысу
-газдалған сусынмен іс-тәжірибе жасау.
Зерттеу нысаны: фаст-фуд өнімі.Жүргізілген зерттеу жұмыстарда келесі зерттеу әдістерін пайдаланды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама (әлеуметтік сауал), талдау (жинақталған ақпараттарды салыстыру).
І. Әдебиетке шолу
1.1 Фаст-фуд тағамдарының қысқаша тарихы
Фаст-фуд (ағылшанша « fast food» –тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар. «Фаст-фуд» термині ең алғаш рет 1951 жылы Merriam-Webster сөздігіне енгізілген. 1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады.Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. СолтүстікКореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы «LosAngelesTimes» газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмысістейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кеңе тек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.
ІІ . Негізгі бөлімі:
2.1 Фаст-фуд тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері.Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін. Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртеке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.
Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлетер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий. Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін. Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез дайындалатын кеспелерді Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды. Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма - біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. Химиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен .Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады. Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған. Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!!
2.2 Фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары.
.
Фаст – фуд тақырыбын зерттеу барысында, біз бұл құбылыстың оң жақтарын тапқымыз келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадық. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедік. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек. Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгеніміз, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады – олардың ойынша фаст – фудтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.
Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.
1.Құнарлығы. Фаст –фудт өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.
2.Майлар.
Фаст – фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.
3.Шамадан тыс тұзды қосу.
Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді. Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы
Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:
1. Фаст фуд өнімдерін күнделікті қолданасың ба?
2. Кириешки мен чипси өнімдерін және “коко-кола” сусындарын аптасына неше рет қолданасыз?
3.Фаст фуд өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар?
4.Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?
Сауалнамаға барлығы 145 оқушы қатысты.Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылардың 20% күнделікті, 30% аптасына 2- 3 рет, 35% айына – 1 рет, 15 % мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 70% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың 30 % кириешки және чипсидің, коко-кола сусынын организмге әсерін білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын кериешкилар болып табылды.
Фаст -фуд өнімдерін күнделікті қолданасың ба?
Фаст- фуд тағамдарының денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Қандай сусындарды қолданасыз?
Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып , ыңғайлы болуы.
3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция
Фаст –фуд өндірісінің дамуы мен шығу тарихымен таныса келе, фаст –фуд кафелерінде сусын ретінде салқын газдалған сусын ұсынатынын білдік. Салқын газдалған сусын ағзаға майдың сіңуін баяулатады, сондықтан аз уақыт ішінде біз қайта ашығу сезімін бастан кешіреміз.Сонымен қатар, біз ата –аналарымыздан, дәрігерлерден газдалған сусындардың біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз.Біз бұны іс-тәжірибе арқылы анықтауды жөн көрдік.Біз 3 түрлі су түрін алдық – кәдімгі жай су, фанта, кока – кола. Тәжірибе нысаны ретінде датталған шегені, тауық етін алдық.Осы барлық сынақ үлгілерін әртүрлі суға батырдық.
Сурет №1 Тот басқан шеге
Сурет №2 Тауық еті
Сурет №3 Чипси өнімінің құрамындағы крахмалды анықтау
Сурет №4 Кириешки өнімінің құрамындағы тұзды анықтау
Тәжірибе соңындағы алынған нәтижелер.Алғашқы минуттардан бастап біз тәжірибелерімізден қандай өзгерістер орын алатынын бақыладық. Газдалған суға батырылған тауық еті бірден су бетіне қалқып шығып, іри бастаған . Екінші күні ет бөлшегі аздап кішірейе бастаған. Кәдімгі қарапайым суға батырған тауық еті сол қалпында стакан түбінде өзгеріссіз қалды. Ешқандай көлемі де, түсі де өзгеріске ұшыраған жоқ, ал керісінше газдалған суға батырылған тауық еті былжырап, ісініп, түсі сарғыш - қызыл немесе қоңыр түске боялды. Борсыған иіс таралған.2-3 күннен кейін газдалған суға батырылған тот басқан шеге тазара бастады.Газдалған су құйылған стакан қабырғаларында суға қосылған бояудан қалған тұнба қалды.Сонымен, біз келесі қорытындыға келдік. Егер газдалған су тәжірибе үлгілерін осынша өзгеріске ұшыратса, онда біздің ағзамызға қандай қатер туып тұрғаны. Тауық етін біздің ішкі құрылыстарымызбен сәйкестендіреміз. Егер газдалған су темір заттағы қатып қалған датты кетіре алса, онда біздің ағзамыз осы сусындардан қаншалықты зардап шегеді.
Қорытынды
«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Фаст -Фудтың зияны

шағым қалдыра аласыз