Фелтинг техникасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Фелтинг техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал қосымша білім беру ұйымдарына, сурет және қолөнер сыныбының оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән :

Қолданбалы композиция

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:

Шаукенова Айым педагог-модератор

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Фелтинг техникасы»(Жүнмен суретті бейнелеу).

Сабақтың мақсаты:





1.Халқымыздың қолөнер қазынасы – осы киіз туралы түсінік беру,білімдерін дамыту;құрғақ және дымқыл киіз басудың жаңа технологиясымен танысу; жүнді киіз басу техникасында панноны өздігімен дайындауды үйрету;

2.Киіз басудың техникасы мен технологиясын меңгерте отырып ,шеберлігін дамыту,өнерге деген ынта – қабілетін арттыру;

3. Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге,дәстүрді сақтауға тәрбиелеу

Бағалау критерийлері

Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, саусақ қимылдарының шеберлігі дамиды.

Пәнаралық байланыстар

теориялық білімді практикамен байланыстыру


Құрал-жабдықтар.

түрлі-түсті жүндер,ине,губка,рамка,суреттер,нұсқау,презентация.


Сабақтың барысы.

Сабақтың жоспарлаған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут


  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Құрал-жабдықтарын тексеру.


Фелтинг техникасымен жасалған жұмыстар, дайын суреттер, слайдтар, ноудбук,интербелсенді тақта.


Үй тапсырмасы

2 минут

1.Киіз басу үшін алдымен не қажет? (Жүн)

2.Жүн матаны көбіне қай жүннен өңдейді? (Қойдың)

3.Жүннің алғашқы өңдеуін бірізділігін дұрыс белгілеп бер.

( тазалайды, түтеді, қопсытады)

4.Жүн матаның ылғал ,шаң және жылу өткізгіштігі матаның қандай қасиетіне жатады?( гигиеналық)

5.Жүнді ылғалды жылумен өңдеген кезде өлшемі кішірейеді матаның қандай қасиетіне жатады?(технологиялық)

Жаңа

сабақты түсіндіру.

20 минут

Киіз – түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде – felt, неміс тілінде – filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұйяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын.

Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын б.з.д VI-V ғасырдағы мерзімді айтты. Түлеу кезінде жиналған жабайы жануарлардың жүндерін баса отырып, ежелгі адамдар бірінші қарапайым киімді дайындады, тек бір ғасыр өткеннен кейін ғана олар иіруді, тоқуды және өруді үйренді.

Ең көп таралған орыс киіз басылған бұйым, бұл арине пималар болып табылады..Ал енді өзіміздің қазақ халқымыздың өнеріне тоқталсақ, халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы VII –ші ғасырда кеңінен пайдаланғаны жайлы жазба деректерде жазылған. Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Баспанасына жабынды, басына сая,еденіне төсеніш, үстіне киім,сән-салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы ретінде қадірледі.

Ал қазіргі кезде жартылай ұмыт болған киіз басу қол өнері соңғы он жылда сән индустриясында өрлеп келеді.

Ескі технология бойынша дайындалған киіз қазіргі заманғы машиналарда да жылытқыш ретінде ғана емес, сонымен қатар аяқ киімді дайындау кезінде және киімді тігу кезінде қолданыс тауып отыр. Кәсіби дизайнерлер оны декор элементі ретінде және киімде интерьерде «ең қызық бөлігі» ретінде қолданады.


Табиғи жүн қойдан, ешкіден және түйе жүнінен алынады. Табиғи жүнді басу екі әдіс арқылы жүзеге асыруға болады, яғни ылғалды және құрғақ әдістер.

Құрғақ киіз басу – арнайы инелердің көмегімен жүн түйіршіктерін нығыздау.

Инелерде арнайы кертіктері болады, олардың көмегімен жүн талшықтарын іледі, араластырады, шырмап тастайды. Бұл кертіктер шаншуға қарама-қарсы бағытта орналасқан, бұл иненің көмегімен жүннен оңай алып шығуға болады. Бұл әдіс фильцтеу деп аталады. Яғни фелтинг техникасы.

Губкада орналасқан жүнге арнайы инелерді тығып, бұрып және айналдырып жүн кесегінің керекті пішінін алады. Егер инені бір орынға көпрет тықса, онда жүннің нығыздалуын және ойысты болуына қол жеткізуге болады. Ине нөмері оның қалыңдығын көрсетеді. Нөмер үлкен болғаннан, ине жіңішке және кертіктер аз болады. Ине қалың болғаннан, фильцтеу тез болады, бұйымда қалдыратын саңылаулар көп болады. Көлемді киіз басу үшін инелер суарылған болаттан дайындалады. Сондықтан олар едәуір иілгіштікке ие болады және жұмыс кезінде майыспайды.

Ылғалды киіз басудың классикалық техникасы бірнеше факторлардың, яғни жүн, су, сабын және екі қолдың болуын айтады. Таңдалған түсті құрғақ жүнді үстелдің үстіне жазып қояды, әртүрлі жүнді суретті үстіне қойғаннан кейін сабынды сумен суландырамыз және жүннің талшықтары бір-бірімен біріккенге дейін әртүрлі бағытта қолмен ысқылаймыз.


Рисунок 2



Рисунок 4

Рисунок 5



Рисунок 7




Сарамандық жұмыс

10 минут

Фелтинг техникасы арқылы панно жасау.

Керекті құрал жабдықтар:

  • Жасанды жүн

  • Арнайы ине

  • Губка

  • Бір түсті фетр мата

  • Эскиз

Рисунок 8

Сергіту сәті.

  1. минут



Кім жылдам?

Оқушыларды жылдам ойлауға көмектесетін ойын.

Рисунок 10

Сабақты бекіту.

3 минут

https://www.educaplay.com/learning-resources/17893534-learning_resource.html



Рисунок 11

Сабақты қорытындылау.

Қазақтың көнеден келе жатқан қолөнері киіз басу туралы толық мағлұмат алады.Киіз басудың әдістерімен танысады. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген құрғақ киіз басу техникасы «Фелтинг» техникасын үйреніп,әдемі картиналар жасап үйренеді.










Үйге тапсырма беру.

Фелтинг техникасында бастаған жұмыстарын аяқтап келу.


Бағалау.


Орындаған жұмыстарына қарай бағаланып,қателіктері айтылады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі