Ферменттер

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ферменттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ферменттер тақырыбы техникалық бағыттағы 1-2 курс студенттеріне мамандықтарына сәйкес өткізілген сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК

Оқу сабағының жоспары


5.1.5. Ферменттердің рөлі және қолданылуы.



Бөлім:

5 бөлім. Химия және өмір

Бөлімше

5.1 Биохимия

Сабақтың тақырыбы

5.1.5. Ферменттердің рөлі және қолданылуы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Оқыту нәтижесі

1) Ферменттердің рөлі мен қолданылуын білу

Бағалау критерий

1) Ферменттердің рөлін түсіндіреді

2) Ферменттердің тиімділігін сипаттайды

3) Ферменттердің қолданылу аясын ашады

Күтілетін нәтижелер

Ферменттердің рөлі мен қолданылуын білу

ЕББҚ білім алушы

Ақпаратты қабылдау деңгейі төмен білім алушы

Қажетті ресурстар

Шыны ыдыстар, сутегі асқын тотығы, шикі және піскен картоп, дәптер, қалам, https://youtu.be/BzX1bDWHotE , суреттер

М.Қ. Оспанова, Қ. С. Аухадиева, Т.Г. Белоусова Химия оқулығы 1-бөлім, https://emirsaba.org/lekciya-fermentterdi-oldanui.html Guizizz.com. программасында жасалған тест тапсырмасы https://quizizz.com/admin/quiz/64e2e86c47f96b0007c4ce4f?source=quiz_share

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну




Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастарады

3. Жаңа сабақты ашу үшін тәжірибелік демонстрация көрсету.


«Ой қозғау» әдісі

Топтық жұмыс.

Тәжірибелік демонстрация:

2 шыны ыдыстағы суға 1 – шикі, 2 –піскен картоптың бір бөлігін саламыз. Екі шыны ыдысқа да сутегі асқын тотығының ерітіндісі құйылады. Біраз уақыттан кейін бір шыны ыдыста газдың қатты бөлінуі байқалады, 2 – де-жоқ.

  1. Не болды? Неліктен?

Мұғалім тақтаға химиялық реакция теңдеуін жазады:

H2O2→ H2O + O2

  1. Білім алушылардан реакцияны теңестіруді сұрайды.

  2. енді ойланайық, неге 1 шыны ыдыста газ шығады, ал 2-де жоқ?

  3. 8-сыныптан бастап катализаторлардың жұмыс істеу принципі белгілі:

А +В АВ;

А + К =АК АК +В = АВ +К

Бірақ біздің жағдайда біз зат қоспадық, демек ол картоп жасушаларында бар. Бұл қандай зат?

  1. Білім алушылар 1 шыны ыдыста газдың бөлінгенін көреді

  2. Білім алушылар реакцияны теңестіреді:

2H2O2→2 H2O + O2

  1. 1 шыны ыдыста тірі жасушалар, ал 2 – де өлі жасушалар бар, сондықтан 1 шыны ыдыста , 2 шыны ыдыстағы жоқ заттар бар. Бұл катализатор бар екенін айтады.

  2. Бұл ферменттер-биологиялық катализаторлар екенін айтады.


Ынталандыру

Бақылау



Шыны ыдыстар, сутегі асқын тотығы, шикі және піскен картоп, дәптер, қалам.

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ


15 мин











































ЕББҚ білім алушылар

«Кинометафора» әдісі

Жаңа тақырыпқа қатысты, білім алушыларға мазмұнын ұғуға көмектесетін бейнежазбаны көрсету. Оны көрсетпес бұрын, білім алушыларға назар қойып, қарап, мұқият болу керектігін ескерту.

Топтық жұмыс

Үш қадамдық сұхбат . Білімалушылар 1,2, 3 үштікке топтастырылады. 2-ші нөмірлі білім алушылар үлгерімі жоғары студенттер болу керектігі ескеріледі! Осы тапсырманы орындау арқылы білім алушылар жаңа сабақты меңгереді.

  1. Тапсырма

Бейнежазбада көрсетілген ферменттердің рөлін түсіндіреді.

1-ші студент сұрақ қояды

2-ші студент жауап береді

3-ші студент бағалайды

Жеке жұмыс

2 . Тапсырма

Guizizz.com. программасында жасалған

тест тапсырмаларын орындаңыздар.

3. Тапсырма

Химиялық диктант

Табиғаты бойынша ................. күрделі нәруыздарға жатады.

......................ферменттерді зерттейтін ғылым.

Липаза майларды ................ мен глицеринге дейін ыдыратады.

................... көмірсуларды ауыз қуысында ыдыратады.

Пепсин асқазан сөлінде нәруызды ..................дейін ыдыратады.

Қажетті сөздер: аминқышқылдарына, энзимология, май қышқылы, ферменттер, амилаза.

Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау қадамдары

Фермент-тердің рөлін түсіндіреді

Үштікке бөлінеді

Сұрақ қояды

Жауап береді

Бағалайды


































Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау қадамдары

Ферменттер-дің рөлін түсіндіреді.

Төменде берілген қажетті сөздерді тауып, сөйлемді толықтырады


https://youtu.be/BzX1bDWHotE

Бейнежазба






















https://quizizz.com/admin/quiz/64e2e86c47f96b0007c4ce4f?source=quiz_share

Guizizz.com. программасында жасалған

тест тапсырмасы



Дәптер

10 мин

Оқушыларға М.Қ. Оспанова, Қ. С. Аухадиева, Т.Г. Белоусова

Химия оқулығы 1-бөлімде 84 беттегі § 22 Ферменттердің маңызы мен қолданылу тақырыбын қарауды ұсынады.

«Мылқау сурет»

Жұптық жұмыс : Әр топқа суреттер таратылады. Суретке қарап реакциялардағы ферменттердің тиімділігін сипаттаңдар

1-топ

2-топ

3-топ


https://studfile.net/html/2706/988/html_ljz88baXl6.BS_E/img-fKXVZV.jpg


4-топ


https://biokhimija.ru/images/fermenty/S04-09-zavisimost-skorosti-ot-pH.png



Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау қадамдары

Ферменттер-дің тиімділігін сипаттайды

-Фишердің «Кілт құлып» теориясын анықтайды

-ингибиторлардың ферменттерге әсер ету процесін айтады

-ферменттердің орта рН шамасына белсенділігін айтады

-ферменттердің активтілігіне температура әсерін айтады


Суреттер

М.Қ. Оспанова, Қ. С. Аухадиева, Т.Г. Белоусова

Химия оқулығы 1-бөлім

7 мин

Функционалдық сауаттылық

Мәтін

Нан пісіру саласында ферменттерді қолдану өте тиімді (заманауи технология) – 1 тонна қамырға 300 г фермент қосып ашытылады – нанның иісі, дәмі және түрі жақсарады.

Ферментті препараттар қамырдың ашуын тездету арқылы нан пісіруге кететін уақытты 25 %- ға дейін қысқартады. Демек, осы үнемделген уақыт ішінде тағы да бірнеше мыңдаған тонна нан өндіруге болады.

Ұйытқы арқылы ( дәстүрлі технология) – 1 тонна қамырға шамамен 100 кг ұйытқы – көп шығын, сондықтан соңғы өнімнің өз бағасы, салыстырмалы ферменттер қолдануында қымбат болып келеді.

Ферменттердің қолдануының кемшіліктері:

- ақуыз болғандықтан, сақтауда тұрақсыз: температура, рН әсерлеріне сезімтал;

- қайта қолдану мүмкіншілігі төмен болады, реагенттерден және өнімнен қиын ажыратылады.

https://stan.kz/download/uploads/2022/04/full_1649666295975842ab2e8ca58706c7ecae8d840c33.jpg


Топтық жұмыс.

Тапсырма 1 : Бұл кемшіліктерді жою үшін ұн және нан өндірісінде қандай тағы ферменттерді қолдануға болатының атаңыз, түсіндіріңіз?

______________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау қадамдары

Ферменттер-дің қолданылу аясын ашады.

-мәтінмен танысады

-мәтін бойынша ақпаратты қарастырады

-иммобилизденген ферменттерді анықтайды




https://emirsaba.org/lekciya-fermentterdi-oldanui.html


Сабақтың соңы

5 мин
























Рефлексия «Бүркіт. Тотықұс. Торғай»

Бүркіт. Мен бүгінгі сабақтан бәрін ұқтым, құшағыма сыйғанша қажетті мағлұматтың барлығын алдым

Тотықұс. Мен тотықұсша сайрадым, бірақ барлығы құшағыма толық сыймады.

Торғай. Мен шамам келгенше өз қорегімді ғана алдым. Біртіндеп меңгеремін.

Бағалау : 100 балдық жүйемен бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Қ. Оспанова, Қ. С. Аухадиева, Т.Г. Белоусова

Химия оқулығы 1-бөлімде 84 беттегі § 22 Ферменттердің маңызы мен қолданылу тақырыбын қарап, оқып, түсіну.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2025
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі