400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фестиваль "Мен Елімді жырлаймын"

Материал туралы қысқаша түсінік
ФЕСТИВАЛЬДІҢ СЦЕНАРИЙІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1


Shape2

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ

«№4 ора мектеп» КММ

Shape3



«Мен елімді жырлаймын»

фестивалінің сценарйиі



Жауапты :Искожина У.Э.




Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім

І. Видео на слайде

1-жүргізуші :

Құс ұшса қанаты,

Тұлпар шапса, тұяғы болатын,

Осынау кең-байтақ жер – Қазақ жері!

Шығыстан шыққан күн,

Батысына, кең даламды

Қима-қимай барады.

Сондай, әсем жер,

Әскерлердің соғысы

Қуғындардың қонысы,

Жұт пен қаттың мекені

Қорқыныштың секемі болғаны – шын!

Енді, Алашыма ақ намысын өкілейтін,

Мықтылардан үркімейтін күн туады.

Себебі, дүниеге сән құрып,

Жерді бағыттастыратын,

Мәңгілік елді қалыптастыратын

Шекесі торсықтай, ұл келді.

Би кукламен + баламен

ІІ Бала сөзі (3.10 видео)

Түнектеп жатқан түнді емес,

Тілекпен атқан күнді көрем.

Елімді еңіреп жүргендерін емес,

Бұғаудан босап,

Күлгендерін көрем.

Мәңгілік Ел – Болғанын көрем!


ІІІ. 2- Жүргізуші : Тәуелсіздік күні! Бұл – ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғым-ның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? «Бостандық» деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жәй тілмен тарих дейді. Ендеше тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне зер салып, батырларымызға назар аударайық.


ІV Жәңгір мен Махамбет көрінісі

Жәңгір хан тақта отырады.

Хатшы: Аса мәртебелі патша, сізден ішкі Бөкей ордасының тәртібі қалай іске асып жатқаны туралы есеп сұрады.

Жәңгір хан: Патшамыздың мәртебесі арта берсін. Бұл құжаттың 5 бабын бес саусағымдай білемін және ерекше ықласпен жүзеге асырудамын.

Әй, жерді сендер тегін бөліп жүрген жоқсыңдар ма?

Хатшы: Жоқ, хан ием, жерді сатудан және жалға беруден түсетін ақша сіздің қолыңызға құйылуда. Бірақ халықтың жағдайы не болмақ?..

Жәңгір хан: Не? Халық... Сол халықты желіктіріп жүрген анау Исатай мен Махамбет емес пе? Менің қазынама көз салатын кім олар?!

Оларды мен сендерге құртыңдар дедім ғой!.

Шабарман: Хан ием, біз Махамбетті тұтқындадық.

Жәңгір хан: Әкеліңдер бері! Иә, қызғыш құс, Исатай серігің қайда?

Махамбет: Елінің, жерінің азаттығы үшін шәйіт болды!

Жәңгір хан: Солай ма? Исатайдан айырылсаң енді кім екенсің?

Махамбет: Мен, мен, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Екі тарлан бөрі едім.

Жәңгір хан: Тоқтат!

Махамбет: Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың!

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын!

Хан емессің, ылаңсың,

Қара шұбар жылансың!

Хан емессің, аярсың,

Айыр құйрық шаянсың!

Жәңгір хан: Әкетіңдер!

V. Би + бала + қара кигендер қолын байлап тастайды (11.53 видео)

VІ. Бала сөзі

Елімнің аспаны, тағыда қара бұлт торлады,

Әйтеуір халқым оңбады

Жанарсың, қайта сөнерсің, басыңа түскенді көресің.

Мың өліп, мың тірілген, елім-ай

VІІ. Көрініс

1 - жүргізуші:
Енді бізге қайта оралды заңғарлар!
Сталиндік тозақтарда жанғандар!
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбетер, Мағжандар!

2 - жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.


1 - жүргізуші:Ақтаңдақ жылдардағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де, тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
МУЗЫКА
Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады да,
Әскер: - Иә, соңғы сөзді іштеріңнен кім айтады?

Міржақып Дулатов:
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
(Мылтық даусы естіледі, құлайды)

VІІІ. Бала сөзі 25.45 (на видео)

Елім менің аңсаған, ( қолын босатады)

Тас бұғаудан босаған

Қол жетті міне, аңсаған күнге

Жасай бер, жайна, Қазағым Менің!

VІІІ.Көрініс

Сахнада үй ішінде қарт атасы мен әжей отырады. Қолдарында кішкентай немересі. Немерелерін қызықтап, айналып толғанып отырады. Кенеттен есік ашылып, мектеп жасындағы немересі «Сүйіншілеп» айқайлап кіреді.

Немересі : Сүйінші ата! Сүйінші әже!

Ата, әжей: Не болды қарағым? Я, АЛЛА қолдай көр!

Немересі: Сүйінші ата! Тәуелсіздік! Біздің ел өз тәуелсіздігін , жариялады!

Атасы: Не дейді қарағым? (Қолын жайып жоғары қарап) көз жасымызды Алла көрген екен ғой, әй бәйбіше ақ түйенің қарны жарылды, көшеге шығайық. Шашуыңды ал, шашуыңды!

Сахнаға қолдарына жалау, шар ұстаған барлық қатысушылар шыға бастайды, «Елім менің Аңсаған!» әні орындалады. Шулаған дауыстар:

Тәуелсіздік жасасын!

Еліміз мәңгілік болсын!

Шашу, шашу

ІХ. 1 - жүргізуші: Қазақстан - үлкен мемлекет.
2 - жүргізуші: Қазақстан деген
Қ – Қасиет пен құт дарыған ел,
А - Аңсаған арманы орындалған ел.
З - Заман ағысынан қалмаған ел.
А - Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ - Қаһарман, батырлар туған ел.
С - Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А - Азаматын ардақтаған ел.
Н - Намысын сақтай білген ел!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.05.2019
787
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі