400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Фетр матасынан сөмке дайындау. 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы ашық сабақ үлгісі көркем еңбек мұғалімдерге, жас мамандарға көмегі болар деп ойлаймын.Сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Фетр матасынан сөмке дайындау

Сабақтың мақсаты: Фетр матасына қойылатын талаптарды өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық

Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, бейнелеу

Көрнекіліктер: слайд, фетр мата, жіп түрлері, қайшы, схема, шаблон, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақ барысымен таныстыру.

2. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

3. Қауіпсіздік ережелері

ІІ. Қызығушылықты ояту

Фетр матасынан жасалған бұйымдарынан көрме ұсыну.

Оқушылардың зейінін аудару.

Мата таңдау арқылы, жұпқа бөлініп отырады.

ІІІ. Мағынаны тану

Халықтық сәндік - қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі.

Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Киіз – түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде – felt, неміс тілінде – filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын. Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VI - V ғасырдағы мерзімді айтты

ІҮ. Ой толғаныс

Оқушылар жұптық жұмыста бірін - бірі бақылап жасайды.

Сарамандық жұмыс

Үлгі шаблондар арқылы фетр матасын қиып пішеді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ү. Қорытынды

Қоржынның 1 - ші қалтасынан мата қиындыларын алады.

2 - ші қалтасынан орындалатын тапсырмаларды алады.

• СҚӨ - әлемдік көркем мәдениеттің негізі

• Қосымша табыс көзі

• Кәсіп

• Өнер адамзаттың ақыл - ойы, маңдай тері, үлкен қоғамдық сипаты

• Өнер — бейнелі ойлау

• Өнер - өмірдің өзіндей мәңгілік

• Қолөнер дегеніміз – ол кәсіптің бірі де, бірегейі.

• Кәсіпкерлік – ол адам баласының тіршілік көзі.



Жұмыстарын жарнамалау арқылы қорғайды

Жұптар бір - бірінің жұмыстарын талдап пікірлерін айтады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі