400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Фигуралар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балдырғандарға геометриялық фигуралар туралы түсініктерін нығайту. Ойын түріндегі тапсырмаларды беру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Түрлі математикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы : Таным

Ұйымдастыру іс-әрекеті: Математика

Тақырыбы: Фигуралар
Мақсаты: - Балдырғандарға геометриялық фигуралар туралы түсініктерін нығайту. Ойын түріндегі тапсырмаларды беру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Түрлі математикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, геометриялық фигуралар, ойыншықтар, кеспе сандар.

Ұйымдастыру іс-әрекет барысы. Шаттық шеңбері:
Біз ақылды баламыз,
Өседі ой-санамыз.
Талаптанып білуге,
Бар ынтаны саламыз.
Санаймыз да, ойнаймыз.
Ойнаймыз да, ойлаймыз.
Үйренуге құмармыз
Білім жолын қуамыз!

Дидактикалық ойын
; « Орныңды тап» шарты: 0-ден 10-ға дейінгі сандар орнымен орналасуы тиіс.

Жұмбақ:
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басыңа,
Еш бір зиян қылмайды
. -доп

-Дұрыс айтасыңдар,ал доп қандай?

(балалар әртүрлі жауап береді) -дөңгелек

-Дұрыс айтасыңдар доптың пішіні дөңгелек.

Нүк те, кесінді, сызықты еске түсіру

Тақтаға нүктені саламын олардың арасын қосқанда не пайда болады?

-сызық

-дұрыс, осы сызықты ортасынан кесіп тастасам не пайда болады?

-кесінді

-өте жақсы , осы кесінділермен нүктелердің арасын қосқанда не пайда болды?

- төртбұрыш,үшбұрыш

Бүгінгі матемтика оқу іс-әрекетінде біз пішіндер немесе геометриялық фигуралар туралы көптеген мәлімет аламыз.

Фигура деген сөзді нүктелер жиыны деп ұғамыз. Геометриялық пішіндердің қасиеттері туралы алғашқы мағлұматтарды адамдар күнделікті өмірде айнала қоршаған әлемді бақылай отырып түсіне бастаған. Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркуль мен сызғыштың алғашқы пайда болғаны - сызғыш.

Ал енді назарымызды Электронды әліппеге аударайық.ол не дер екен?

-қандай фигуралар түрін айтты?

Шаршы,шеңбер , тікбұрыш,сопақ, жұлдыз,үшбұрыш туралы айтты.

Әліппе дәптермен жұмыс:

1-тапсырма:

Суреттегі заттарды орнына қойып, фигураға қарай топтастыр.


Сергіту сәті:

Орнымыздын тұрайық

Әуенге құлақ салайық

Қара жорға” әніне

Билеп-билеп алайық

Музыкалық сергіту.
2- тапсырма:
Ойлан,тап:
 Фигуралардың түсі бойынша атап көрсет.

Дидактикалық ойын:«Шапшаң,ықшам»
Төртбұрыш дегенде төртеуден бірігу
Үшбұрыш дегенде үшеуден бірігу
Дөңгелек дегенде екеуден бірігу

3- тапсырма:
Есеп құрастыр және шығар.

2+2=4

5+2=7

4+2=6

Фигуралар неге ұқсайды? (балалар тақпақ айтады)

Пішіндерді үйрендім,

Қабырғасы тік сайлы.

Үшбұрыш – бұл үйлерің,

Шатырына ұқсайды.

Бөлініп ап екіге,

Отырған сәт шетіне

Төртбұрышты ұқсаттым,

Парталардың бетіне.

Көңілді фигуралардан не құрастыруға болады?

-үй,бағдаршам,зымыран,ұшақ,робот,баспалдақ

Жаңа сабақты қорытындылау:

Шелекке ұқсайтын дене
Біліңдерші сіз қане? 
Төртбұрыштың үстіне
Қойса сәнді үй болар
Ойлан кәне достарым
Кәне қандай фигура?

Бүгін не туралы білдік?

Фигуралар

Фигура деп ненің жиынтығын айтамыз екен?

Нүктелердің жиынтығы

Сабаққа қатысқан балаларды көңілді фигуралармен мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі